Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
187
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
252
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
238
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
229
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
242
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

“Астана” Алматыда алтын ала ма?

16 окт. 2016, 06:50 | 1585
Отызыншы турдың барлық ойындары жексенбі күнге жоспарланып отыр. Алматыдағы Орталық стадионда жанкүйерлерді еліміздегі екі жетекші клубтың арасындағы кездесу күтіп тұр. «Қайрат» «Астананы» қабылдамақ. Елордадағы қос команда арасындағы соңғы матч жанкүйерлер есінде. Чемпион қалай жауап қатпақ?

16-қазан

«Ордабасы» - «Ертіс»

Екі апта бұрын «Қайратты» жерге қаратқан «Ордабасы» осы турда «Ертісті» қонақ етпек. Бірінші айналымдағы екі матчта командалар бір-бір жеңіспен алмасты. Ал, бір ай бұрын Павлодарда «Ордабасы» жеңіп кетті. Ол кезде ақсаңдап жүрген «Ертісті» кім жеңбеді дейсіз? Қатарынан бес ойын ұпайсыз жүргені есімізде. Қазіргі «Ертістің» қарқыны мықты. Команда соңғы екі ойында алты ұпай алып қана қоймай, тоғыз допты тоғытыпты. Роман Муртазаевтан «Ақтөбе» мен «Оқжетпес» қақпашылары төрт мәрте зардап шекті. Дегенмен, «Ордабасы» қорғанысы мықтылығымен мақтана алады. Алматыда Бауыржан бастап, Гоу қолдаған шабуылшыларға тойтарыс бергенінің өзі неге тұрады? Сондықтан, «Ертіс» голды қарша боратады деп күтудің қажеті шамалы. Шымкенттегі матчтар ешбір командаға да оңайға соқпаған. «Астанадан» басқасы қоржынды толық толтыра алмаған. Қазақстан кубогында «Атырау» сенсация жасап кетпесе, шымкенттіктер мен керекуліктер келер маусымда Еуропа лигасында ел намысын қорғаулары тиіс. Өзін-өзі құртқан «Оқжетпесті» екі ұжымның шаңына ілеседі деу қиын. Негізі, басты талас қолаға болып тұр. Димитровтың да, Байсеитовтың да көздегені жүлделі орын. Ал, сол жүлделі орын үшін бәсекелестікте «Ертіс» үш ұпайға озып тұр «Ордабасыдан». Байсеитов баптайтын жігіттер аянып қалмас. Әйтпесе, қош бол қола!

«Ақтөбе» - «Оқжетпес»

Алғашқы алтылық аутсайдерлері арасындағы арпалыс Ақтөбеде өтеді. Екі команда да маусымдағы басты мақсатын орындап қойғаннан кейін арқаны кеңге салды. Екінші айналымдағы жеті ойында «Ақтөбе» жеті ұпай ғана еншілесе, «Оқжетпес» алты матчта бір мәрте ғана ұпай алыпты. Ал, 26-шы турда көкшеліктер Юрий Уткульбаев командасына «Астана-Аренада» оңбай ұтылды. Дегенмен, бұл ойын алдында кеткен есені қайтару жайлы сөз қозғау ыңғайсыз шығар. «Ақтөбе» өз жеріңде ірі жеңіліп қарап отырмас.

«Жетісу» - «Тараз»

Өткен турда Әлішер Сүлейдің соққысы «Ақжайықты» сан соқтырып, «Таразды» соңғы орыннан көтерген еді. Оралдықтарға қарсы төртінші матчта ғана «Тараз» алғашқы жеңісін тойлады. Дегенмен, жамбылдықтардың жайы әлі де қиын. Қорғанысы сансыз көп қателікке жол берсе де, шабуылы шабыттанып жүрген «Жетісуға» қонаққа барады. Талдықорғандықтар 29-шы турда екінші алтылықтың көш басынан үмітттеніп жүрген «Атыраудың» қақпасына екінші таймда үш доп соғып, 4:3 есебімен басым түсті. Осы маусымдағы қос ұжым арасындағы үш ойынның екеуінде «Жетісудың» бағы жаныпты. Таразда бір, өз алаңында бір жеңген. Ал, бұл ойында жамбылдықтардың асығы алшасынан түссе, «Жетісуды» турнир кестесінде басып озбақ.

«Атырау» - «Шахтер»

«Мұнайшылардың» өткен турда Талдықорғанда жер сипап қалғанын жоғарыда айттық. Үзіліске екі доп басымдылығымен аттанып, матчтың екінші бөлігінде Стойчо Младенов жігіттері жеңісті жіберіп алды. «Шахтер» болса «Тобылмен» болған ойында сенсация жасауға сәл қалды. Бірінші таймда толықтай күйреп, өз қақпасына үш доп жіберген кеншілер, ойынның соңғы минутында ұпай алып кетуге жақын болған. Алайда, Еременко командасының қауқары есепті қысқартуға ғана жетті. Ал, екі команданың арасындағы нәтижелерге келсек, «Атырау» осы маусымда «Шахтерды» мүлде жеңе алмапты. Онымен қоймай, бір ай бұрын Қарағандыда ойсырай ұтылды. Сондықтан, өз алаңында жеңіске жетіп, жанкүйерлер алдында өткен турдағы түсініксіз жағдайды жуып-шайып, еңсе көтерер кез келген секілді. Дегенмен, қонақтар да осал емес. 29-шы турда «Тобылға» жеңілгенімен, оның алдындағы үш кездесуде тоғыз ұпайды қоржынға салған екен.

«Тобыл» - «Ақжайық»

«Тобыл» керекулік «Ертіспен» қосылып соңғы кездері чемпионаттағы ең нәтижелі команда болып алды. Соңғы үш матчта қарсыластар қақпасына үздіксіз үш доптан тоғытып отырыпты. Екінші алтылықтағы бірінші орыны толықтай қостанайлықтардың иелігінде болып отыр. Ал, «Ақжайық» кестенің жертөлесінде. Соңғы екі турда «Шахтер» мен «Таразға» есе жіберді. Ғайыптан тайып, Хижниченко бастаған жігіттер білгендерінен жаңылса ғана ұпай алуға мүмкіндік бар оралдықтарда. Онымен қоса, қостанайлықтардың өз алаңында жеңілмегеніне үш айдың жүзі болыпты.

«Қайрат» - «Астана»

Ұлттық құрама ойындары аяқталды, «Қайрат» қарсылас ретінде күтіп тұр, төрт күннен кейін Еуропа лигасында қонақтағы матч бар. "Астана" үшін бұл таңсық жағдай емес. Бір ай бұрын Ұлттық құрама матчтарынан кейін елордалықтар өз алаңында «Қайратқа» оңбай ұтылған еді. Кейін Кипрде АПОЭЛден жеңіліп қалды. Румындармен болған ойынға «Астананың» жеті ойыншысы қатысыпты. «Қайраттан» Қуат пен Покатилов Ұлттық құрама жейдесін киді. Исламхан сары қағаздар жинап, аталмыш матчтан сырт қалды. Гафуржан қосалқы құрамда отырды. Әрине, бұндай жағдай «Астанаға» кері әсерін тигізбей қоймайды. Максимович, Аничич, Кабананга секілді ойыншылар өз елдерінің құрама командаларына барып келді. Футболшылардың шаршаңқы күйде болатыны түсінікті. Дегенмен, осы маусымда суперкубоктағы ойынды қосқанда командалар төрт мәрте жүздесіп, үшеуі «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Әрине, шын мықты ұзаққа шапқанда анықталады ғой, дей тұрғанымен чемпион бір жылда бір командаға төрт рет тізе бүге ме? «Астананың» қысылатын жері осы. Стойлов не таңдайды? Негізгі футболшыларды тынықтырып, «Олимпиакоспен» болатын ойынды басты назарда ұстай ма? Әлде, бар күшті салып «Қайраттан» кек қайтаруды көздей ме? Оның үстіне Алматыда чемпион атанып жатса, басты жауының еңсесін әбден түсірмей ме? Бұл сұрақтардың жауабын жексенбіде білетін боламыз. Ал, алматылық жанкүйерлерге ел чемпионатының ел-классикосын өткізіп алмауға кеңес береміз.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ                     

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх