"Тараз" жастары "Урумчи" командасымен кездесті
Бұл матч Алматы қаласына оқу-жаттығу жұмыстарына келген көрші мемлекет командасының сұранысы бойынша өткізілді. Ойынның ашылу салтанатында сөз алған белгілі спорт саласының тұлғалары Жұмахан Нұғыманов, Елтай Əбдірахманов пен Бақыт Асқарұлы жас футболшыларға сəттілік тіледі.
Енді жасыл алаңдағы ойын жағдайына келсек. Алғашқы таймда аспан асты елінен келген ойыншылар матчты ширақ бастады. Тіпті, қонақтардың гол ұратын да мүмкіндігі болды. Бірақ "Тараздың" тас қамал қорғанысы сыр бермеді. Бірінші таймның ортасына қарай ойын жағдайы теңесіп, жерлестеріміз есеп ашты. "Тараз" сапында есеп ашқан Бақтияр Зайнуддинов болатын. Араға 10-минут салып "Тараз" ойыншылары тағы да көзге түсті. Бұл жолы Артур Шушеначев мергендігімен танылып, есепті 2:0-ге жеткізген болатын.
Екінші таймда да жерлестеріміз жүрген жолынан жаңылған жоқ. Тағы да екі гол салып, есепті 4:0 дейін ұзартты. Қытайдан келген команда тек пенальти арқылы бір гол ұрып, есеп айырмасын ғана қысқарта алды. Сонымен, қорытынды есеп 4:1. Тараздың 1998-жылы туған жастар командасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал, қонақтар командасы əлі де Жамбыл жерінде болып, қосымша командалармен тағы да кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |