Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 10:21
1
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян рассказал об ожиданиях от финального матча Кубка Лиги против «Жениса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:
22 нояб. 2024, 16:42
552
Решением Судейско-экспертной комиссии арбитры матча десятого тура Чемпионата Казахстана по футзалу АФК «Кайрат» – «Атырау» (1:0) отстранены на два месяца, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт АФК.
22 нояб. 2024, 15:48
359
Во время турнира по футболу среди школ города Рудного арбитр поднял на ребенка руку за русский мат, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «HALYQSTAN».
21 нояб. 2024, 20:40
522
Депутат Мажилиса Павел Казанцев оправдал наставника сборной Казахстана Станислава Черчесова после провала в Лиге Наций и эмоционально обратился к болельщикам, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на «Sportnews.kz»:
21 нояб. 2024, 17:17
561
Спортивный директор «Астаны» Игорь Павлюк рассказал о подготовке столичных к финальному матчу Кубка Лиги против «Жениса», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL.

Ол енді Святославович...

09 нояб. 2016, 13:50 | 2507
Біреу білер, біреу білмес. Қазақ футболында қарапайым ғана бапкер қызмет істейді. Жұмысы әжептәуір. Ұлттық құраманың бапкері.

Әуежайда ақ сары жігіт күліп келе жатты. Андрей Ферапонтов. Алғаш Алматыда көргенбіз. Жылдар бұрын. Әлдебір турнирде. Кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатар ойнай беретін жарыста. Зыр – зыр етеді. Қолды, аяққа тұрмайды. Тым жылдам. Жетегіндегі допты қалай жусатып өргізеді. Білетін едік. Одан да сәл бұрын. Өзі өнер көрсеткен жылдары. Сауатты ойнады. Бірақ жарақатына байланысты спорттық дәуренге қол бұлғады. Кәсіпқой футболшы ретінде. Аяқдопқа арбалған адам ғой. Алаң жиегінде өмір сүргенді қалайтын. Балаларды жаттықтыруға құлшынды. Егер тізесі сау болғанда Андрейден тәуір ойыншы шығатын еді. Ақылы көп болатын. Алаңда жүргенде анық байқалады. Допты тоқтатуы, әріптесіне ысыруы, алыстан пас бере алатыны, қарсыласын сан соқтырып кететіні... Андрей әуежайға күліп кіргенде әлгі суреттер көз алдымызда көлбеңдеді, сағыныш деген сол-ау.

Амандастық, жөн сұрастық. Ұлттық біріншілік туралы айтылды. Сосын бірінші лигаға түстік. Пікір бізден еді. «Сенесің бе, өзің жаттықтырған «Іле-Сәулет» деңгейіне жететін команда көрмедік, биылғы чемпионаттан». Жымиып күлді. Ол «Іле» шынында да ерекше болатын. Қаржыға байланбаған, қақырата доп тебетін, қорғанысы сыр алдырмайтын, қарсыласының апшысын қуыратын команда еді. Бауыржан Сәлімбаев секілді серке жігіт жетекшілік ететін «Іле-Сәулет» бірінші лигадағы мықтыға баланды. Жаттығуларын талай тамашаладық. Ойындарын да көрдік. Қаймығуды білмейтін, жүйелі ойын өрнегін көрсететін топ. Жанкүйерлері қандай! Өтеген батыр ауылындағы стадион үнемі екі иінінен дем алып тұратын. Ауыл командасы. Халықтың командасы еді, нағыз. Жұрт матчқа сағаттар бұрын жиналады. Сосын ойыншылар туралы айтып отырады. Туыс-тумасын, арғы тегін, тіпті жеті атасын түгендеп, тоқтайды. Біледі ғой, енді. Құрамдағы ойыншыларды. Тегіс дерлік. Өйткені өз қаласының балалары, немесе көрші ауылдан. Анау, Александр Марочкин. Немесе қорғаушы Владислав Кузьмин. Екеуі де қазақшаға судай. Шабуылшы Асқар Абутов. Айдар Арғымбаевты алайық, әкесі Берік осы ауылдан. Оны шалдар жақсы біледі. Жастар да. Сәдуақастың баласы екенін. Қандай керемет! Бапкері де бәріне мәлім. Осы ауылда доп қуған Андрей. Бауыржан ағасына сенім артыпты. «Іле-Сәулетті» жаттықтыр деп. Ол келісті. Және келісті ойын өрнегін қалыптастырды. Құрамы көз алдымызда. Әлі де. Қақпашылардан бастап, қосалқы құрамдағы ойыншыларға дейін. Өздері Жо дейтін көрінеді, Жандос Оразалиев. Стадионда атасы мен әжесі отырады. Жандостың қарындасы соларға шай тасып жүреді. Футболдағы отбасы деген сол емес пе. Кілең мейірім, ыңғай келісім. Капитан Ерленнің әкесі келе жатады. Ең қызу қанды жанкүйер де сол. Бәрі таниды. Жапырылып, сәлем береді. Іле жағалап кеттік пе? Қисыны келіп тұр. Егер Ферапонтовтың бапкерлік таланты болмаса, мұндай жақсы команда қалыптаса ма? Әрине, жоқ. Сол команданы айдаладағы біз сағынып жүрсек жергілікті жұрттың жай-күйін сезіне беріңіз. Андрейдің де көз алды тұманданғаны анық. «Ол да бір өмір жолы ғой», - деді. «Іленің» жабылып қалғанына жабығып тұрып.

Бала Андрейдің алғашқы бапкері мықты адам. Александр Куклев. «Қайратта» ойнаған Куклев ше. Темірдей тәртіптің адамы. Өзін аямайтын. Жанкешті жігіт. Ұстаздан ауысатын қасиет ау, бұл да ұстамды. Сосын... Куклев жарақатына байланысты футболды ерте аяқтады. Андрейдің тізесі сыр бергенін де айтып өттік. Жарайды. Ол маңызды емес. Маңыздысы – Андрей де қара жұмыстан жалықпайды. Қайта қайраттана түсетіндей. Күні бүгінге дейін жаттығады. Өтеген батырдағы стадионнан көрдік. Команда жаттығуы аяқталған сәтте қолына сағатын қайта тағып, өз дайындығын пысықтайды. Денесінде артық ет жоқ. Қайдан болады, тыным көрмесе. Көп оқитыны да байқалады. Әлдебір дерек айтылса бұрылып келіп біліп алады. Дерек көзін, қайда басылғаны, кімнің жазғанын. Енді бір көргеніңде оқығанын түсінесің. Ұқыпты. Көмекшілері бола тұра жаттығуға қажетті заттарды өзі тасып, өзі орналастырады. Жаттығуға жан-жақты дайындалғанын да сезесің, көресің, ұғасың. Қалжыңға да кезек береді. Сәл ғана жымиып күлетіні бар. Ең бастысы сауатты бапкер. Бізге ұнайтыны да сол қасиеті. Ойын өрнегін айттық. Ұтымды қорғаныс, ұтқыр шабуыл. Кейін «Оқжетпеске» барды. Команда ала-құла еді. Ферапонтов барған бетте түлеп сала берді. Жоғары топқа жолдама алды. Еркінді қалай ойнатты. Нұржановты. Марочкин де өзге қолға түскенде осылай көсіле алар ма еді. Сәбит Тұрабаевты ашты. Тілшілерге деген көзқарасы да ерекше. Гений Төлегеновтың досы. Айтпақшы, Андреймен алғаш таныстырған да Гений. Жас бапкер екенін айтып, болашағы жарқын дегенді де қосып қойды. Қызықтық. Еріп бардық. Көрдік. Мойындадық. Баяғыда, балаларды баптап жүрген кезінде. Сосын бірінші лигадағы командаға алынды. Бірден нәтиже көрсетті. Премьер-лигаға жолдама алды. Аудан орталығының командасы қаржы тапшылығына орай қатыса алмады. Өкінішті. «Іле-Сәулет» бір ғана ауданға ғана емес, тұтас аймаққа тұтқа болар команда еді. Стадионы дайын, жанкүйері көп. Сосын ізбасарлары да мыңдап саналады. Жастар тобы, жасөсіпірімдер тобы... солай кете береді. Алды Испаниядағы турнирге қатысып жүрді. Мықты жоба еді. Қазір тұншығып тұр. Бәлкім бағы қайта жанар.

Өзі айтады. Алғаш «Лениншіл жасқа» танылдым деп. Мақала шыққан. Ол жайында. Ол болғанда, балалар бапкері Ферапонтов жайындағы мақала ғой. Қандай ғажап! Қазақ футболының бапкеріне баланған Сейдахмет Бердіқұлов басқарған газетте. Балаң футболшыларды бауырына тартты. Олар да бауыр басып қалған. Әрбір жаттығуды алдымен өзі орындайды, сосын шәкірттері қайталайды. Бөлініп ойнаған кезде өзі де доп тебеді. Шәкіртке ұстазбен бірге доп тебу қандай арман! Соны тап басқан. Мықты педагог. Тамсандыру үшін емес, таныстыру мақсатында жазып отырмыз. Қазақ футболы кәсіпқой бапкерлерге зәру. Талай жыл сырттан тасыдық. Не ұттық? Көп ұтылдық! Ол анық! Андрей сияқтыларға шекеден қарадық. Әлі де қарап келеміз. Өйткені, ауылдағы мамандар. Ауылдағыға аузынан иіс шығатындай қараймыз. Әуежайдағы әңгіме еді ғой. Ұшақ көкке көтерілді. Еуорпаға бет алдық. Андрейді сөзге тартамыз. «Бұйырғаны болады. Жеке кеткенді кім жек көрсін. Ұсыныс болса қараймыз. Әзірше осы өміріме де ризамын. Ең бастысы футбол маңындамын. Одан маңызды не бар мен үшін». Дұрыс айтады. Бір істі қалау, оған жегілу, нәтиже шығару... Жігіт мақсаты сол болса керек. Биыл қырыққа толды. Қамал алатын кезі.

Подгорицаға келдік. Ертесі ойын өтті. Тайм аяқталды. Үзіліс кезінде қосалқы құрамдағы ойыншыларды жаттықтырған Ферапонтов бір кезде допты ала салды да, ұршықша иірді. Қақпақылдағы қарымын көрсетті. Тоқтату шеберлігін паш етті. Өзімен өзі қалғандай. Әлде әйдік футболшы болуға көндірген арманы қылаң берді ма екен. Тұсынан біреу айқай салды. Ойыншы ғой. «Святославович!». Әулеген допты тырп еткізбеген қалпы шәкіртіне бұрыла берді. Ол енді Святославович. Талайлар мойындап жатыр. Мойындай беретін де шығар.

Амангелді СЕЙІТХАН

арнайы KazFootball.kz сайты үшін

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх