Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
168
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
230
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
222
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
214
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
226
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Қазақстан Кубогы. Былтырғы қойылым?

05 нояб. 2016, 10:00 | 1712
Мықтыларды марапаттап, мақтауын асырып, жолы болмағандарға болашақта сәттілік тілеп кезекті Қазақстан бірінішілігін апта бұрын шығарып салдық. Бірақ, чемпионат өз мәресіне жетсе де, футбол маусымы жалғасын табуда. Қазақстан Кубогының иесі анықталған жоқ. Өткен жылы топ жарған «Қайрат» та, сол ақтық сында есе жіберген «Астана» да биылғы финалға жақын. «Атырау» мен «Ертіске» қарсы қарымта матчтарда қолдағы басымдылықты сақтаса жеткілікті.

Кубоктың жартылай финалының жауапты жүздесулері екі күнге бөлініпті. Сенбіде Астана уақыты бойынша сағат 15:00-де «Атырау» мен «Қайрат» жолықса, жексенбі күні 15:00-де «Астана» мен «Ертіс» кездеседі.

5-қараша

«Атырау» - «Қайрат»

Қыркүйектің жиырма бірінші жұлдызындағы бірінші кездесуде «Қайрат» ойындағы айтарлықтай басымдылығын таблода толықтай таңбалай алмады. Шабуылдағы жігіттердің жомарттығын Исламбек Қуат жуып-шайды. 23 жастағы футболшының дәл соққысы ғана «Қайратқа» жеңіс сыйлады. Тоқсан минут бойы қорғанған «Атыраудың» гол соқпақ түгілі, Стас Покатилов қорғайтын қақпаның маңына жақындауы ол матч барысында жаңалыққа баланып жатты.

«Атыраудағы» ойын алаң қожайындары үшін соңғы шайқас. «Қайраттан» аттап, финалға жетіп сүрінсе де «мұнайшылардың» арманы болмас. Себебі, шешуші матчқа жолдама алғаның - келер маусымда Еуропа лигасында өнер көрсету құқығына ие болғаның. Оны Стойчо Младенов бапкер де, футболшылар да жақсы түсінеді. Алматыдағы алғашқы ойынның нәтижесін екі жақты қарауға болады. Команда ұтылды. Оның үстіне қарсылас қақпасын дәл көздей алмады. Қонақта құрғақ есеппен есе жіберу қарымта матч алдында жағдайды біраз қиындатады. Қорғаныста өте сақ ойнауға мәжбүр етеді. Себебі, қарсыластың бір голы үмітті үзеді. Дегенмен, «Қайратқа» қарсы сырт алаңда ірі есеппен жеңілген жоқ. Алматыдағы минимальды есеп бұл текетірестегі интриганы сақтап тұр.

«Қайрат» маусымды күміспен аяқтаса, былтыр бесінші орынға ие болған «Атырау» биыл сегізінші сатыға тұрақтады. Қос команда да біріншіліктің соңғы кездесуінде ірі есеппен жеңіске жетті. Кахабер Цхададзе командасы «Оқжетпесті» ойсыратса, «мұнайшылар» «Тобыл» қақпасына жауапсыз үш доп соқты.

«Атырау» алматылықтармен осы жылы кубокпен қосқанда үш мәрте жолығыпты. Үш кездесуде «Қайрат» мықты болды. Доп айырмашылығы 7:2. Батыстықардың өз жерінде «Қайратты» сан соқтырмағанына төрт жылдан асып кетіпті.

«Мұнайшы» стадионындағы матчқа «Атыраудан» негізгі орталық қорғаушылардың бірі Алтынбек Сапаров қатыса алмайды. Чемпионатта жеті доп соққан Пшемыслав Трытконың да алаңға шығу екіталай. Поляк шабуылшысы маусым соңында жарақат алып қалған еді. Оған Ұлан Қонысбаев, Алдан Балтаев, Валерий Коробкин сынды ойыншылардың ауыр жарақаттарын қосыңыз. Сонымен қатар, негізгі қақпашы Жасур Нарзикуловтың алаңға шығу-шықпауы екіталай. «Қайраттан» қорғаушы Жарко Марковичті бұл кездесуде көре алмаймыз. Цхададзеның қалған кіл мықтылары сақадай сай.

6-қараша

«Астана» - «Ертіс»

Керекуде есе жіберіп, «Ертіс» жағдайды қиындатып алды. Ойын соңында тең нәтижені иемденетін тамаша мүмкіндік болғанымен, сенегалдық Бай Джиби Фаль пенальтиден гол соға алмады. «Астана» 2:1 есебімен басым түсті. Елордалықтар екі табан жақын финалға.

Қолаға қол жеткізген керекуліктердің қуанышынан қайғысы басым секілді. Бірнеше жетекші футболшылармен келісім-шарт мерзімі қарашаның бірінде аяқталды. Атап айтсақ, екі негізгі қорғаушылар Георгас Фрейдмейгас пен Семир Керла, чилилік Игнасио Эррера сынды футболшылар енді «Ертістің» қарамағында емес. «Ертістің» финалға өтер мүмкіндігі өте аз. Алғашқы ойында «Астананың» жастарынан айла асыра алмады. Ал, сырт алаңда жауапсыз екі доп соғады дегенге сену өте қиын.

Екі команда маусымның соңғы турында кездесті. Сол ойында тең есеп «Ертісің» Еуропа лигасында өнер көрсетуіне мүмкіндік сыйлады. Сондықтан, Димитар Димитров шәкірттеріне ақтық сынға жолдама алу міндетті емес. Ерікке салса, «Астана-Аренадағы» мачтқа қатыспас па еді? Қола жүлде, кубоктың жартылай финалы дәл қазір «Ертіс» үшін жаман жетістік емес.

Димитров пен Стойлов осы жылы тең түсуге құмар болды. Шәкірттері бес мәрте күш сынасыпты. Үшеуінде бір ұпайдан бөліп алса, екеуінде «Астана» айласын асырған.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх