Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
166
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
228
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
220
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
212
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
224
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Кеншілерге деген көзқарас өзгерген жыл

07 нояб. 2016, 19:30 | 1847
Футболдан ХХV ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Біз осы орайда биылғы маусымда өнер көрсеткен командаларға шолуды жалғастырамыз. Кезекте қарағандылық - «Шахтер». Кеншілер биылғы біріншілікте де өз жанкүйерлерін кереметтей ойындарымен қуанта алмады. Дегенмен, өткен маусымға қарағанда «Шахтердың» көрсеткіші едәуір өзгерді.

Мойындауымыз керек, бүгінгі «Шахтер» осыдан 2-3 жыл бұрын біз білетін «Шахтерге» мүлде ұқсамайды. Үш маусым бұрын қарағандылық команда «қартамыс құрлықта» дүрілдеп, ішкі біріншілікте атой салып жүретін. Сол кеншілерден қазір қарқын да, қауқар да қалмаған. «Шахтердың» мұндай қиын кезеңге түсуін бірінші кезекте бюджетпен байланыстыруға болатын шығар. Дүркіреп тұрған шағында клуб басшылары ақшаны оңды-солды шашып, түбінде осындай қиын-қыстау жағдайға тап болды.

Бұл жағдайдан шығу үшін маусым басында команданың директоры болып Владимир Нидергаус сайланған еді. Содан соң жағдай шамалы түзеліп келе жатқан. Бірақ, айдың-күннің аманында бұл азамат қызметінен кетті. Не үшін екенін ол кезде ешкім де түсіндіре қойған жоқ.

Оның орнына Асқар Әбілдаев деген азамат келген еді. Футболдан хабары көп жоқ осы азаматтың бастамасымен қарағандылықтардың биылғы маусымға да дайындығы басталған болатын.

Командаға қаңтардан бастап жаңа бапкер Йозеф Вукушич келді. Бапкермен бірге командаға Иван Садовничий, Эрфан Зенели, Моштаг Якуби, Роберт Арзуманян, Алексей Курилов келді.

Бірақ, словакиялық маман «Шахтерды» жанкүйер күткендей көтере алмады. Кеншілердің ең басты проблемасы – шабуылда болды. Маусым басындағы Йозеф Вукушичтің жасаған үлкен қателігі де сол болды. Командаға көптеп қорғаушы мен жартылай қорғаушыларды алып, орталық шабуылшының орны ойсырап қалды. Шамасы, маман бұл орынды Андрей Финонченко мен Айдос Тәттібаевқа сенсе керек. Әйтсе де, бар өмірін «Шахтерге» арнаған Андрейдің биыл шау тартып қалғанына куә болсақ, Айдос Премьер-лига деңгейіне дайын болмай шықты. Сөйтіп, бірінші айналымда қарағандылық команда қарсылас қақпасына бар-аяғы 5 ғана гол соғып, 3 рет жеңіске жетіп, 4 рет тең түсті. Осылайша «Шахтер» бірінші айналымды 13 ұпаймен соңынан санағанда үшінші орынмен аяқтады.

Мұндай көрсеткішпен әрине Премьер-лигада ойнау құқығын сақтап қалу қиын. Мұны команда басшылары дер кезінде түсінді. Содан соң жаздағы трансферлік ауысым кезінде команданы бір тазалап алды. Клуб қатарынан бас бапкер Йозиф Вукшичпен бірге Э.Зенели, М.Якуби, А.Курилов, В.Васильев кетті. Сол кезде команданың бас бапкері болып Алексей Еременко келді. Футболшылардан Филипп Серечин, Марко Симоновски (екеуі де Й.Вукушич кезінде келді), қарағандылық жанкүйерлерге жақсы таныс Никола Васильевич, Зоран Тошак және В Путинцев келді.

Жаңа бапкердің келуімен көрсеткіштер де дұрыстала бастады. Бастысы гол келе бастады. Екінші айналымда «Шахтер» 20 гол соғып, тағы 26 ұпай (жалпы ұпайдың 66 пайызы) жинап, біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда Премьер-лиғадағы орнын сақтап қалды.

«Шахтер» сапындағы биылғы ең жағымды жаңалық — Мақсат Байжановтың ойыны болды. 32-жасында Байжановтың екінші тынысы ашылғандай әсер қалдырды бізге. Ол биыл 32-ойынның барлығына да қатысып, 3 гол соқты. Одан бөлек, Мақсат Ұлттық құрамаға да үнемі шақырту алып отырды.

Қарағандылық жанкүйерлер осымен екінші жыл командасының көрсеткіші дұрысталады деген сеніммен жүр. Алайда, баяғы жартас, сол жартас. «Шахтер» енді бұрынғыдай мықты қалпына келе алмайтын секілді. Жанкүйерлер де көзқарастарын өзгертіп жатыр бүгінде. Матчтарға соншылақты көп жиналмайтын да болды.

Дейтұрғанмен, «Шахтер» қазақ клубтарын Еуропа алаңдарында танытқан алғашқы клуб екенін естен шығармайық. Осы үшін де қарағандылық команданы қай кезде де қолдауға болады деп білеміз. Келер жылы «Шахтер» қанатын кеңге жайып самғайды деген сенім бар.

Сандар сөйлейді

«Шахтердің» биыл қанша гол соғып, қанша ұпай алғанын жоғарыда айтып өттік. Енді команданың тәртібі туралы айтайық. Биыл кеншілер ел біріншілігінде 57 ескерту алыпты. Оның біреуі қызыл қағаз болса, 56-ы сары қағаз. Бұл көрсеткіш бойынша команда соңынан санағанда екінші орында. Яғни, ең тәртіпті ұжымдардың қатарында.

Қызыл қағаз — А.Нұрыбеков.

Сары қағаз — 7 - Ю.Сзоке, 5 - Е.Тарасов, Д.К.Уббинк, 4 - И.Пикалкин, М.Симоновски, 3 - Я.Багинский, М.Байжанов, Е.Горячий, И.Садовничий, Н.Васильевич, 2 - М.Х.Ягуби, Э.Зенели, А.Нұрыбеков, С.Скорых, 1 - Р.Арзуманян, А.Финонченко, Қ.Ермеков, М.Габышев, Ф.Серечин, И.Шацкий, А.Тәттібаев, Г.Дубков.

Биыл қарағандылық команда сапында 29 ойыншы ел біріншілігінде өнер көрсеткен екен. Оның 18-і қазақстандық футболшылар болса, 11-і легионерлер.

Команда сапында ойнаған футболшылар мен олардың көрсеткіштері — М.Байжанов - 32 (3), Д.К.Уббинк - 30 (6), С.Скорых - 30 (2), И.Садовничий - 30, Ю.Сзоке - 29 (3), И.Пикалкин - 25, А.Нұрыбеков - 22, Е.Тарасов - 20, Е.Горячий - 19 (3), А.Тәттібаев - 19 (1), И.Шацкий - 17 (-19/3), М.Габышев - 17, Н.Васильевич - 16 (2), Қ.Ермеков - 16, А.Финонченко - 15 (2), Ш.Зошак - 14 (1), Я.Багинский - 14 (-19/1), Э.Зенели - 14, М.Х.Ягуби - 11, М.Симоновски - 10 (2), С.Ветров - 10, Р.Арзуманян - 8, Г.Дубков - 5, О.Өміртаев - 5, А.Курилов - 4, Ф.Серечин - 4, С.Ткачук - 2 (-2/0), В.Васильев - 2, В.Путинцев - 2.

Тағы бір статистика, «Шахтер» ойыншылары пенальтиден қарсылас қақпасына гол соққан жоқ. Мұндай мүмкіндіктер А.Финонченко, Э.Зенели және С.Скорыхта болған еді. Алайда, Финонченко екі мәрте, қалған екеуі бір-бірден қателескен. Ал, «Шахтер» қақпасына 4 рет он бір метрлік айып добынан гол кірді.

Сыбыс

Келер маусымда «Шахтер» сапында көп өзгеріс болатын секілді. Ұзынқұлақтан жеткен мәлімет бойынша, Алексей Еременко қызметін жалғастырады. Ал, команда қатарындағы бірнеше футболшылар (М.Симоновски, Р.Арзуманян, С.Зошак, И.Садовничий, Ф.Серечин, Д.Уббинк, Ю.Сзоке) кетіп, командаға жаңа ойыншылар келеді.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх