Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
161
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
224
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
218
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
208
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
221
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Қош бол "Тараз", армысың "Алтай"!

06 нояб. 2016, 18:40 | 1592
Келер жылы Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін барлық командалар белгілі болды. Соңғы жолдаманы тоғыспа кездесуде «Тараздың» тас-талқанын шығарған семейлік «Алтай» иеленді, деп жазады KazFootball.kz порталы.

Тоғыспа кездесудің алдында көпшілік «Тараздың» тасы өрге домалайтынын айтқан еді. Алайда, ойын барысында семейлік серілер қарсыластарына мүлде мүмкіндік бермеді. Бұл сөзімнің жаны бар. Өйткені, матч барысында жамбылдық команданың қасылас қақпасына бірде-бір жүз пайыздық гол соғатын сәті болмады.

Әулиеаталық ұжым кешегі кездесуде Премьер-лигадағы команда емес, Екінші лигада ойнайтын клубқа ұқсады. Бұл сөзді мен емес, осы ойынды жүргізген атақты футболшы Әли Әлиев айтты.

Расында, Юрий Максимов соңғы ойынға салғырт қарады. Қарсыластарын мүлде зерттемегені, қарсыластың қалай ойнайтынын талқыламағаны соқырға таяқ ұстатқандай көрініп тұрды. Ал, «Алтай» қалпақпен ұрып алатын команда емес екенін дәлелдеп, аш қасқырдай, матчтың бірінші минутынан-ақ қарсылас қақпасын күзетумен болды.

Юрий Максимовті осал маман дей алмаймыз. Бірақ, «Алтайға» қарсы ойында оңбай қателесті. Оның үстіне «Тараздың» алты легионер шығаруына мүмкіндігі болды. «Алтай» болса тек үш шет елдік футболшыға сенім артты. Соған қарамастан семейліктер қарсыластарының екі аяғын бір етікке тықты. «Тараздың» футболшылары болса ауылдарына асықты.

Жасыратыны жоқ, ойын барысында жамбылдықтар ойынды «сатты-ау» деген де ой сып ете қалған еді. Бірақ, Максимовтың орнына Сергей Тагиев «жоқ» деп жауап берді.

Әрине, біткен іске сыншы көп. Бірақ, «Тараздың» деңгейі төмендеп қалғаны дұрыс сияқты. Өйткені, берекесі қашқан (маусымнан басынан бері «Тараздың» жағдайы жақсы болды деп айта алмаймыз) команданың қазір біздің футболға керегі шамалы.

Талай талант түлеп ұшқан «Таразға» тілекшіміз, әрине. Команданың болашағы қандай болатыны белгісіз. Бір анығы, келер маусымда легионерлердің саны азаяды. Легионерлер енді команда қатарында бір күн де болмайтын шығар. Кешегі ойында да шет елдіктер оны көрсетіп қойды. Юрий Максимовтың да Жамбылдағы күні санаулы. Ойын біте салысымен кейбір футболшылар (Бауыржан Шерхан) бапкерді команданың құтын қашырды деп айып тақты. Мүмкін, солай да шығар. Біздің тілек тек таланттардың шеберханасына айналған «Тараздың» Премьер-лигаға тез оралуы. Жай ғана оралу емес, жұдырықтай жұмылған ұжым болып оралуы маңызды.

Ал, енді «Алтай» қайтпек. Бұл ойында біз семейлік футболшылардың көздері жанып тұрғанын көрдік. Кез-келген қарсыласпен терезесі теңдей ойнай алатынына куә болдық. Ынта байқадық. Бұл команда үшін ең маңызды дүние. Үш ғана легионермен ойнап, адуынды қарсыластарының қарқынын басты. Келер, маусымда Семейде мықты ойыншылардың жиналатынына еш күмән жоқ. Айтпақшы, команданың моторы, лидері, капитаны Андрей Карпович футболмен қоштаспайтын болды. Мұны футболшының өзі айтты. Бұл жағдайдың өзі семейліктерге тағы қосымша сенім береді.

Сонымен, келер жылы ел біріншілігінде өнер көрсететін 12 команданың барлығы белгілі болды. Соңғы жолдаманы «Алтай» алса, соңғы болып Премьер-лигадан «Тараз» ұшты.

Қош бол «Тараз», армысың «Алтай»!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх