Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
168
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
230
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
222
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
214
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
226
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Қазақстан Кубогы. Шымылдықты өздері ашты, өздері жабады

06 нояб. 2016, 20:50 | 1634
Наурыз айында футбол маусымын суперкубокке талас үшін болған кездесумен бастаған «Астана» мен «Қайрат» маусымның ең соңғы кездесуін де өзара өткізетін болды. Қазақстан Кубогының жартылай финалының қарымта матчтарында «Атырау» «Қайратқа» мүлде қарсылық таныта алмаса, «Ертіс» «Астанаға» қарсы ойында жеңісті есепті ұстап тұра алмады. Қос алып қарашаның 19-ы күні финалдық бәсекеде жолығады.

«Атырау» - «Қайрат» - 0:3

Голдар: Гафуржан Сүйімбаев 2, Андрей Аршавин 65, Герсон Асеведо 90+2

«Мұнайшы» стадионындағы матчта алғашқы гол көп күттірген жоқ. Куртеян мен Чуреевты шаң қаптырып кеткен Сүйімбаев, ортаға ойысып, айып алаңға жақындай бере тоғыздыққа қарай шірене тартқан. «Қайрат» қорғаушысының жойқын соққысына маусымда бар болғаны екінші мәрте негізгі құрамда шығып отырған қақпашы Рамиль Нұрмахаметовтың қолы жеткенімен, теңбіл доп айналып барып қақпаға еніп кетті. Гафуржанның бар болғаны екінші минуттағы тамаша голынан кейін кездесуді аяқтай беруге болатын еді. Себебі, «Атырау» финалға жолдама алу үшін үш доп соғуы тиіс-тұғын. Алматылықтар бұл жылы тек бір матчта ғана өз қақпасына үш гол өткізген екен. Ол да «Орынборға» қарсы жолдастық кездесу. Обалы не керек, алаң қожайындары қарап қалған жоқ. «Мұнайшы» стадионына бұл маусымда соңғы рет жиналған көпшіліктің көңілінен әдемі ойын өрнегімен шығуға тырысты Стойчо Младенов жігіттері. Қонақтардан допты тартып алды. Покатиловты алғаш Аржанов соққымен сынап көрді. Стас дес берген жоқ. Допты қақпа бұрышынан алып шықты. Куртеян доп та соқты. Алайда, қапталдағы лайнсмен ойыннан тыс қалу тіркеді. Ысқырықтан кейін допты тепкені үшін румын футболшысы сары қағазбен де жазаланды. Келесі бір сәтте сол Куртеян тағы да көзге түсті. Айып соққысынан Покатилов қорғаған қақпаның маңдайшысын көздеді. Сәл төмен бағыттағанда есеп теңесер еді. Темірге тиіп кері серпілген допты қақпаға енгізетін ешкім табылмады. Алғашқы таймда қоржыны бас қалған «Атыраудың» үміті үзілді. Тайм тең аяқталғанда ойынның екінші бөлігінде қандай да бір мүмкіндік болар еді. Үзілістен кейін қанаттанып шығар еді.

Алайда, «Қайрат» аспай-саспай екінші таймда жеңісті қолда ұстап қана қоймай, тағы екі гол соқты. Айып алаңының ішінде қарсыластың алдын орап, допқа бірінші болып жеткен Аршавин «мұнайшылардың» қақпасын дәл көздеді. Ал, төреші қосқан қосымша уақытта алаңға Исламханның орнына шыққан Герсон Асеведо айып соққысын сәтті орындап, есепті 0:3-ке жеткізді. Қос ойын қорытындысы бойынша атыраулықтарға жауапсыз төрт доп дарытқан «Қайрат» қатарынан үшінші рет кубоктың финалына шығып отыр. Өткен екі жылдағы шешуші кездесулер алматылықтар үшін сәтті өтті. 2014 жылы «Ақтөбені» жеңсе, былтыр «Астананы» ұтты. Ақтық сынға «Атырау» шыға алмағандықтан, келер маусымдағы Еуропа лигасына «Қайрат» және «Ертіспен» қатар, біріншілікте төртінші орынды иемденген «Ордабасы» жолдама алды.

«Астана» - «Ертіс» - 5:3

Голдар: Джордже Деспотович 19, Джуниор Кабананга 35, 61, Сергей Малый 85, Рохер Каньяс 90 - Арман Смаилов 36, 47, Карлуш Фонсека 45

«Астана» мен «Ертіс» арасындағы текетірестің тағдыры алғашқы ойында шешіліп қойғандай көрінген. Елордалықтар Павлодарда 1:2 есебімен жеңіске жетті. Оның үстіне «Астана-Аренадағы» кездесу алдында керекуліктер сапынан келісім-шарт мерзімі аяқталған бірнеше футболшылар кеткені мәлім болды. Матчқа Даутов, Аяғанов, Фонсекаларды қоспағанда қақпашыдан шабуылшыға дейін өңкі жастар шықты. Сондықтан, сырт алаңда ел чемпионын жеңіп, Димитар Димитров шәкірттері финалға жолдама алады дегенге сену қиын еді. Матчтың алғашқы минуттары да соны дәлелдеді. «Астана» ойын барысын өз қолына алды. Ізбе-із шабуылдады. Шабуыл шебіндегі негізгі құрамның футболшылары «Ертістің» жастарынан айла асырып жатты. Наджарянның айып алаңға асырған пасын Деспотович голға ұластырды. Көп ұзамай Кабананга есепті еселеді. Дегенмен, қонақтар да берілген жоқ. «Ертіс» сапында алаңға шыққан ең тәжірибиелі футболшы Фонсека жастарға бас-көз болып қана қоймай, әріптестерін алға жетеледі. «Астана» үшін қауіптің бәрі португал футболшысы өнер көрсететін оң қапталдан келіп жатты. Оның үсітне Стойлов қорғаныстың сол шебіне шығарған Аманбол Әлиев те шебер қарсыластан көз жазып қалып жатты. Дәл осы тұстан Фонсека жауапты екі голды ұйымдастырды. Айып алаңға еніп, қақпаның дәл алдында тұрған Арман Смаиловтың аяғына допты салып берді. Жас шабуылшы есепті қысқартты. Ал, ойынның алғашқы бөлігі аяқталар тұста Фонсека таразы басын теңестіріп кетті.

Екінші таймның басында қонақтар тіпті, есепте алға шығып алды. Тағы да Смаилов көзге түсті. Біржан Күлбековтың пас беру кезіндегі қателігін пайдаланып, қақпаға қарай жүйткіп, қуып жеткен тәжірибиелі қорғаушы Малыйдың да қарсылығын шыбын шаққан құрлы көрмей, Мокин қорғаған қақпаның алыс бұрышын дәл көздеп, матчта алғаш рет керекуліктерге есепте басымдылық әкелді. Бұл нәтиже қонақтар үшін тиімді еді. Екі ойын қорытындысы бойынша есеп тең болғанымен, қонақта қарсыласқа қарағанда көп гол соққандықтан "Ертіс" финалға жолдама алып тұрған. Алайда, керекуліктер алпысыншы минуттан кейін әбден шаршады. Кабананга дубль жасап, жағдайды түзеп алды. Ал, соңғы бес минутта Малый мен алаңға тыңнан шыққан Каньяс 20 жастағы қақпашы Серікбол Қапановтың қақпасына доп дарытып, 5:3 есебін тіркеді. «Астана» осымен екінші жыл қатарынан Қазақстан Кубогының финалына қатысады. Былтыр елордалықтар алматылық «Қайратқа» жеңіліп қалған еді.

                              Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх