Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
160
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
223
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
217
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
207
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
220
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Екінші кезеңдегі ең жарқын жеті ойын

09 нояб. 2016, 07:50 | 1848
Жанкүйерлер тамсанып, ұзақ уақыт жыр қылып айтып жүретін тартысқа толы, нәтижелі матчтар ел Премьер-лигасында аз болатыны баршамызға мәлім. Бір қызығы жеңіліп жатып, мінез көрсетіп, жеңісті жұлып алып кететін командалар да некен-саяқ. Десек те, екінші кезеңдегі ең тартысты деп сұрыптап алынған жеті ойынға тоқталып өтуді жөн көрдік.

 23-тур. «Ақтөбе» - «Ордабасы» - 4:4

Бірінші кезеңнің ең соңғы турында қос команда кездесіп тең тарқасып, бір ұпай «Ақтөбенің» алғашқы алтылыққа енуіне көмегін тигізген еді. Араға екі апта уақыт салып екі ұжымның тағы жолы түйісіп, Премьер-лигада сирек кездесетін матчтың куәсі қылды көрермендерді. Жабылып жүріп сегіз доп соқты. Екі пенальти көрдік. Есепте алға шыққан команданы қарсыласы бірден қуып жетіп отырды. «Ақтөбе» де, «Ордабасы» да матч барысында екі доп айырмашылығына ұзаған жоқ. Осы ойыннан кейін қазақ футболындағы ең үлкен дау туғаны баршаға мәлім. Даудың жөні бір бөлек, «Қобыланды батыр» стадионындағы ойын «қалай болған» күннің өзінде көптің көңілінен шықты.

25-тур. «Атырау» - «Жетісу» - 3:3

Бұл тізімде «Жетісудың» қатысуымен төрт матч бар. Бірінші лигаға түсіп қалған команда екінші кезеңде бірнеше ойындарда жанталаса шайқасты. «Атыраудағы» алғашқы таймда бір ғана гол орын алды. Алаң иелері үзіліске басымдылықпен аттанды. Екінші таймда есепті еселеді. Қонақтар бір доп соққан. Алайда, «Атырау» бірден екі доп айырмашылығын орнатты. Ол кезде соңғы орыннан алты ұпай ұзап, өздерін жайлы сезініп тұрса да «Жетісу» матч аяғында барын салды. Нәтижесінде негізі уақыттың соңғы екі минутында екі доп тоғытып, «Атыраудан» бір ұпайды алып қайтты.

26-тур. «Тараз» - «Жетісу» - 3:2

«Жетісу» келесі турда да шабытын тыйған жоқ. «Жетісу» жігіттерінің шабыттануы үшін қарсылас команда тағы да екі допқа ұзау керек болды. Жамбылдықтар алғашқы жиырма минуттың ішінде қонақтарды қалың ұйқыдан оятатын екі голды соғып тастады. Дубль жасап, Мане мергендік танытты. Ал, «Жетісу» қойсын ба, үзіліске дейін-ақ таблодағы көрсеткішті 2:2-ге жеткізді. Дегенмен, екінші таймда Алмас Құлшынбаев жігіттерінің еркін көсілуіне алаң иелері мүмкіндік бермеді. Тайм басында Мане тағы да көзге түсті. Үшінші голын соқты. Сөйтіп, «Тараз» жеңісті есепті төрешінің соңғы ысқырығына дейін ұстап тұрды. Бес доп соққан «Тараз» бен «Жетісу» футболшылары сол матчтан кейін маусым соңында «тағдырлас» боларын сезді ме екен?

28-тур. «Тобыл» - «Жетісу» - 3:2

Қостанайда «Тобыл» мен «Жетісу» маусымда екі мәрте жолыққан екен. Бірінші кезеңдегі кездесу де тартысты өтті. Екі команда жанкүйерлерді төрт голмен қуантып, тең нәтиже тіркеген еді. Солтүстік Қазақстандағы екінші матчта "Жетісу" жылдам есеп ашты. Әйткенмен, «Тобыл» көп ұзамай жауапты допты соқты. Екінші тайм басында есепте алға шықты. Енді «Жетісу» таразы басын теңестірді. Тоқсаныншы минутқа дейін қос команда арасындағы төрт доп соғылған ойын кімнің мықты екені анықталмай аяқталатындай әсер қалдырған. Алайда, соңғы минутта айып алаңының ішінде табылып, Шимковичтің пасына нәтижелі нүкте қойған Хижнеченко «Тобылға» үш ұпайды сыйлады.

29-тур. «Жетісу» - «Атырау» - 4:3

«Жетісу» 25-29 турлар аралығында қарсыластар қақпасына 14 доп дарытыпты. Әр ойында екі-үшеуден. Алайда, команда жеңіске жету үшін төрт гол қажет болды. Талдырқорғандағы командалар арасындағы екінші кезеңдегі екінші кездесу өтті. «Жетісу» бірінші тайм барысында екі мәрте екі доп айырмашылығымен жеңіліп жатты (0:2, 1:3). Бұл тура жоғарыда айтып өткен бірінші ойындағы сценарий еді. Атырауда талдықорғандықтар бір ұпай алып кетсе, өз алаңында тіпті жеңіске жетті. Екінші таймда «Жетісу» 2016 жылы болмаған оқиғаны тіркеді. Бірде-бір команда екі доп айырмашылығымен ұтылып жатып, түбі үш ұпай алмаған екен. Ал, «Жетісудың» қолынан бұл келді. Алмас Құлшынбаев үзілісте шәкірттеріне не айтқаны белгісіз, екінші таймда команда өзгеріп шыға келді. «Мұнайшылардың» қақпасына жауапсыз үш гол соғып, мінез танытты. Егер де, «Жетісу» жігіттері бүкіл маусым бойы дәл осы матчтағыдай жанкештілік танытқанда, бұл ұжымды алғашқы алтылықтан көрер ме едік...

29-тур. "Шахтер" - "Тобыл" - 2:3

Маусымда голдар көптеп соғылған 29-шы тур еді. 6 ойында 26 гол. Оған Қарағандыда жергілікті «Шахтер» мен «Тобыл» да өз үлестерін қосты. Қостанайлықтардың қорытынды турнир кестесінде кеншілерден жоғары орналасуына осы ойынның нәтижесі айтарлықтай үлес қосты. Көрермендер бірінші таймда гол көрген жоқ. Екінші таймдағы бес нәтижелі соққы үшін бұл тізімге еніп отыр.

30-тур. «Ордабасы» - «Ертіс» - 3:3

Байсеитовтың уәдесінде тұрып, шымкенттіктерге қоланы сыйлайтын соңғы мүмкіндігі еді. Өз алаңында «Ертісті» жеңсе үшінші орынға жақын болар еді. Алайда, керекуліктер алғашқы минуттардан ойын тізгінін қолға алды. Жарты сағаттың ішінде қос доп соғып үлгерді. Дегенмен, «Ордабасы» бірінші таймның қосымша уақытында есепті теңестіріп тастады. Үзілістен кейін алаң қожайындары төпештей түсіп жеңісті жұлып алатындай көрінгенмен, қонақтар тағы есепте алға шығып кетті. «Ордабасы» жігіттерінің бар шамасы соңғы минуттарда бір ұпайды алуға ғана жетті.

                                                   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх