Екінші лигада айдың үздік ойыншылары мен бапкерлері анықталды
«Оңтүстік-Батыс» конференциясында тамыз айының үздік футболшысы ретінде AKAS клубының ойыншысы Дархан Меделхан танылды. Ол команданың барлық ойынына қатысып, 4 мәрте қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Қазіргі сәтте жартылай қорғаушы ТОП-10 сұрмерген мен нәтижелі пас берушінің қатарына кіріп тұр. Үздік бапкер атағы да AKAS клубының жаттықтырушысы Анатолий Зазуляға бұйырды. Клуб 4 кездесудің үшеуінде сенімді жеңіске жетіп, мерзімінен бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді. Айта кетейік, Анатолий Зазуля осы маусымда екінші рет «Үздік бапкер» атағын жеңіп алды.
«Солтүстік-Шығыс» конференциясында тамыз айындағы үздік футболшысы атағына «Ертіс» командасының жартылай қорғаушысы Владимир Воменко иелік етті. 29 жастағы ойыншы 4 матчқа қатысып, 3 нәтижелі пас берді. Қазіргі сәтте футболшы үздік нәтижелі пас беруші атағын иеленіп тұр. Ал үздік бапкер атағын «Шахтер Ж» командасын тізгіндейтін Максим Самченко жеңіп алды. Қарағандылықтар 4 кездесуде жеңіп қана қоймай, қақпаларына мүлдем гол жібермеді. Қазіргі сәтте бұл команда 51 ұпаймен турнир кестесінің бірінші орынында тұр. Бұл бапкер сәуір мен маусым айында да осы номинацияны жеңіп алған».
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |