Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
127
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
190
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
190
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
175
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
196
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Еркебұлан Тұңғышбаев: "Ордабасы" жаңа шартнама ұсынса, қуана қабылдаймын"

16 нояб. 2016, 18:30 | 3241
Биыл ел біріншілігінде жарқын ойынымен есте қалған футболшылардың бірі — Еркебұлан Тұңғышбаев. Шымкент футбол мектебінің түлегі өткен маусымда команданың негізігі орындаушыларының бірі болды. Бірақ, Еркебұланның командаға қосқан үлесі «Ордабасының» қола жүлде алуына көмектесе алмады. Дегенмен, биылғы жылды Еркебұлан үшін сәтті болды деуге толық негіз бар.

Өйткені, ол Қазақстан жастар құрамасы сапында үнемі ойнап, Копенгагенде Ұлттық құрама сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Осы орайда біз «Ордабасының» жартылай қорғаушысына хабарласып, сұқбат құрған едік.

— Еркебұлан, алдымен Ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуіңізді өткізуіңізбен құттықтаймыз!

— Рақмет. Ұлттық құрама сапында өнер көрсету менің бала кездегі арманым еді. Сол арманыма жеттім. Бірақ, өздеріңіз білесіздер, менің бірінші кездесуім сәтсіз өтті. Даниядан ұтылдық. Негізі бұл кездесуде біз бір ұпай алсақ, соның өзі зор табыс деп ойлап едік. Алайда, біз ойлағандай болмай шықты.

— Данияға қарсы кездесуде алаңға шыққан сәтіңізде қобалжу болды ма?

— Әрине. Алаңға шыққан алғашқы минуттарда аздап қобалжыдым. Бірақ, кейін бойым үйреніп кетті. Қанша дегенмен бірінші кездесуім болды ғой. Бұдан кейін шақырту алып жатсам, жақсырақ ойнаймын деген ойдамын.

— Еркебұлан, енді жанкүйер көкейінде жүрген сауалды қойсам. Биыл «Ордабасының» қола жүлде алуына не кедергі болды?

— Біткен іске сыншы көп. Қазір маусымдағы қателіктерді теріп отырсақ таусылмайды. Менің де кінәлілерді іздегім келмейді. Футбол — командалық ойын. Әр ойында жеңіске жету үшін команда жұмылған жұдырықтай болуы керек. Мүмкін, өткен маусымда біздің команданың бір механизмі дұрыс жұмыс істемеген шығар. Бірақ, тағы қайталаймын, мен ешкімге кінә таққым келмейді. Бапкерлер де, ойыншылар да өз мүмкіндіктерін толық көрсетті. Жанкүйерлерге де ерекше алғысымды айтқым келеді. Бізді өз алаңымызда да, түзде де тамаша қолдады.

— Маусым басында бас бапкер Бақтияр Байсеитов жүлделі орынға ілігеміз деп мәлімдеме жасады. Қалай ойлайсыз, бапкер семіз айтып, арық шыққан жоқ па?

— Қазір көпшілік Бақтияр Даниярұлын айыптап жатыр ғой. Мен бұл нәрсемен келіспеймін. Өйткені, маусым басында бапкер бізді жігерлендіру үшін осылай айтқан болатын. Арық шыққан жоқ. Біз Еуропа алаңдарында өнер көрсету құқығына ие болдық. Сондықтан, маусымды керемет демесек те, жақсы өткіздік деп бағалауға болады.

— Бүгінде ғаламторда Сіздің басқа командаға ауысатыныңыз туралы әңгімелер көп айтылып жүр. Бұл туралы не айта аласыз? Келер маусымда «Ордабасы» сапында қаласыз ба?

— Қазан айының соңында менің «Ордабасымен» келісім-шартым аяқталды. Қазір демалыстамын. Жаңа келісім-шарт туралы ешқандай әңгіме болмады. Себебі, қазір команда демалыста. Желтоқсанда жиналады деп жатыр. Сол уақытта бұл мәселенің мән-жайы белгілі болады. Шыны керек, басқа клубтардан маған ұсыныс түсіп жатыр. Оқу-жаттығу жиындарына дейін жаңа ұсыныстарды қарастыратын боламын. Мен негізі Шымкентте қалғым келеді. Егер, «Ордабасы» жаңа шартнама ұсынса, қуана қабылдаймын.

— Әңгімеңізге рақмет!

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх