"Астана" Алматыда атой салды
Қазақстанның соңғы үш жылдағы чемпионы да, кубоктың былтырғы иегері де бүкіл мықты футболшыларымен алаңға шықты. Тек, «Астана» қақпасын алғашқы минуттардан негізгі қақпашы Ненад Эрич емес, Александр Мокиннің қорғағанын айтып өткен жөн. Алғашқы қауіпті сәт «Астана» футболшыларында болды. Айып алаңына асырылған пасты қақпаға бағыттаған Логвиненконың добы маңдайшаға тиді. Ойынның басында қонақтардың басымдылығы білініп тұрды. Қалың жауған қарды көп көрген ғой. Ал, алматылықтар өз алаңына үйренісе алмай біраз жүрді. Оныншы минуттан кейін ғана Кахабер Цхададзе жігіттері ояна бастады. Алғаш болып Мокинді тексеріп көрген Михаил Бакаев болды. Соққы Астана қақпашысының оңай олжасына айналды. Жерар Гоуда да жақсы мүмкіндік болған. Алайда, Гоудың тепкен добы нысанадан биік кетті. Оңтүстік астанада қардың толассыз жауғаны сонша, он бесінші минутта бас қазы үзіліс жасап, алаңның сызықтарының үстін тазарттыруға тура келді. Үзілістен кейін де қонақтар басым болды. Джуниор Кабананга мен Серікжан Мужиковтың соққыларын Стас Покатилов қайтара білді. Әйткенмен, нағыз мүмкіндік тайм аяғында Гоуда болды десек болар. Дегенмен, Премьер-лиганың үздік сұрмергенінің соққысына өткірлік жетіспеді.
Екінші таймның басында «Астана» алға шығып алды. Мужиковтың берген пасын Каньяс айып алаңының ішінде Кабанангаға асырды. Ал, др конголық шабуылшы мүлт кеткен жоқ. Қонақтардың голы «Қайрат» футболшыларын қиын жағдайға қалдырды. Онсыз да, шабуылда ойыны жүрмеген Цхададзе жігіттеріне ауыр міндет жүктелді. Алайда, қанша тырысса да алматылықтар есепті теңестіре алмады. Аршавин мен Исламханның белсенді сол қанаты да нәтиже бермеді. Әуелете асырылған пастар "Астана" қорғаушыларынан өтпей жатты. Ойынға тыңнан қосылған Джордже Деспотовичта есепті еселей түсер мүмкіндік болған. Дегенмен, серб футболшысының еркін соққы бағыттауына Бакаев кедергі жасап үлгерді.
«Астана» тарихындағы үшінші кубогына қол жеткізді. Сонымен қатар, тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атағымен қоса, ел кубогының бас жүлдесін де бір маусымда жеңіп алды.
Қазақстан Кубогы. Финал.
«Қайрат» - «Астана» - 0:1
Голдар: Джуниор Кабананга 48
Ескертулер: Бауыржан Исламхан 51, Жарко Маркович 90+3-Юрий Логвиненко 51
«Қайрат»: Стас Покатилов, Исламбек Қуат, Сезар Арзо, Гафуржан Сүйімбаев, Анотолий Тимощук, Михаил Бакаев, Бауыржан Исламхан, Андрей Аршавин, Исаэль Барбоза, Жерар Гоу
«Астана»: Ненад Эрич, Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Сергей Малый, Игорь Шитов, Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Неманья Максимович, Серікжан Мужиков (Таңат Нөсербаев 82), Патрик Твумаси (Джордже Деспотович 64), Жуниор Кабананга (Сергей Малый 87)
Төреші: Руслан Дұзмамбетов (Өскемен)
19-қараша. Алматы. «Орталық» стадион.
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |