Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
111
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
178
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
179
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
167
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
188
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Александр Трайкович: “Құжатым жоқ болса да, мен өзімді Қазақстанның азаматы санаймын”

21 февр. 2016, 14:47 | 2541
“Ордабасы” тарихындағы орны ерекше футболшылардың бірі - Александр Трайкович. Сербиялық қорғаушы шымкенттік клуб сапында төрт маусым ойнап, біршама табысқа жетті. Одан кейін бұл футболшы бірінші лигада бағын сынады. Ал, биыл жанкүйерлер арасында “Ацо” деген атпен жақсы таныс қорғаушы еліне оралып, мансабын аяқтауға дайындалып жатыр. Осы орайда Kazfootball.kz порталының тілшісі Александр Трайковичке хабарласып, сұқбаттасқан болатын.

— Александр, жуырда Сізді футболмен қоштасады деген жаңалық шықты? Сол рас па?

— Иә, бұл шындық. Жазға дейін мен футболдағы ең алғашқы қадамдарымды жасаған “Пуковац” клубы сапында ойнаймын. Одан кейін футболшылық ғұмырымды аяқтаймын деп шештім. Өйткені, мен қазір жас емеспін. 35-ке толдым. Футболда көп нәрсені көрдім. Көп нәрсе үйрендім. Бір қуанатыным, мен футболдағы ғұмырымды алғашқы қадамдарымды жасаған клуб сапында аяқтаймын. Бұл мен үшін бақыт.

Футболшылық мансабыңызды аяқтаған соң не істейсіз?

— Өз ауылымда футбол мектебін ашып, жас балаларды тәрбиелегім келеді. Егер кейін кәсіпқой футбол клубтарынан ұсыныс түсіп жатса, бас бапкер ретінде бағымды сынауға қарсы емеспін.

Бапкерлік лицензияңыз бар ма?

— Әрине. Мен екі жыл бапкерліктің оқуын оқыдым. Қазір УЕФА-ның “А” категориялы лицензиям бар.

Сізде жеке кәсіп те бар деп естідік. Кәсіпкер болу ойда жоқ па?

— Отбасылық кәсібіміз бар. Атам бізге дүкендер желісін қалдырған. Қазір біз оны жалға береміз. Біреуінде үй шаруасына керекті заттар, екінші дүкенде гүл сатылады.

— Сұқбаттарыңыздың көбісінде ауылыңызды айтып өтесіз. Бізге де туған жеріңіз туралы толық мәлімет берсеңіз ...

— Туған жерім Пуковац. Әкем де, шешем де осы жерде өмірге келген. Арғы аталарым да осы ауылда өскен. Долевац қалашығына қарасты. Бар болғаны сегіз мыңдай тұрғыны бар. Мен де сол ауылда өсіп-өндім.

— Бұл ауылдан Сізден бөлек танымал футболшы шықты ма?

— Пуковацтан үш кәсіби футболшы шықты. Оның біреуі Мальтада ойнаған. Екіншісі Сербияда. Бірақ, олардың атағы алысқа кетті деп айта алмаймын (менімен салыстырғанда). Өйткені, мен Қазақстан Кубогы және Суперкубогының иегерімін ғой (күліп). Қазір біздің ауылдан шыққан таланттар бар. Алысты-жақынды шет елдерде, Сербия біріншілігінде доп теуіп жүр.

— Ауылыңызда футбол ойнауға жағдай жасалған ба?

— Мен футболдағы ең бірінші қадамдарымды жасағанда бізде футбол үйірмесі де жоқ еді. Көпшілікпен бірге сегіз жасымда аулада доп қуалап жүретін едім. Содан кейін әкем біздің ауылдың маңында орналасқан Ниш қаласындағы үйірмеге берді. Арасы әжептеуір алыс болатын. Сол жаққа қатынап үйреніп жүрдім. Онда төрт жыл оқып, футболдың қыр-сырын меңгердім. Кейін Белградқа бардым. Одан соң Исландияға жол тарттым.

— Шымкентке жолыңыз қалай түсті?

—Менің агентім Драган Джурджевичтің арқасында. 2007 жыл болатын. Содан бапкерлердің бақылауынан өтіп, “Ордабасымен” келісім-шарт жасадым.

— Сіз “Ордабасы” сапында ең көп ойын өткізген футболшылардың қатарындасыз. Қателеспесем 100 матчтан көп болуы керек ...

— Дәл солай. Нақты айтатын болсам “Ордабасы” сапында 107 кездесу өткіздім. Оның шамамен 15-ін Қазақстан Кубогында өткізсем, Еуропа лигасында 4 матч ойнадым.

— Сол матчтардың ішінде қай ойын есіңізде ерекше қалды?

— 2011 жылы “Тобылмен” бірінші алтылыққа талас үшін өткен кездесу есімде сақталып қалыпты. Ол ойында біз 3:1 есебімен жеңіп, бірінші алтылыққа іліндік. Матчтағы үшінші голды мен соқтым. Одан бөлек, сол жылы Қазақстан Кубогының финалы есімде. Тағы “Тобылмен” жолымыз түйісті. 2012 жылы “Шахтерге” қарсы өткен Қазақстан Суперкубогы жадымда жақсы сақталып қалды.

— Ал, қай ойынды еске түсіргіңіз келмейді?

— 2008 жылы “Ақтөбеге” қарсы матч. Бұл ойында біз 1:5 есебімен жеңілдік. “Ордабасы” сапында жүрген кезімдегі ең ірі жеңіліс осы болды. Сонымен қатар, тағы бір матч қанша ұмытайын десем де, ойымнан шықпайды. Еуропа лигасында “Русенборгқа” қарсы өткен екінші кездесу. Негізі екі матчтың қорытындысы бойынша біз келесі кезеңге шығып тұр едік. Алайда, ойынның 94-ші минутында екінші голды жіберіп алдық. Ол ойын жалпы командаға да, маған да қатты әсер етті.

— “Мақтааралда” өткізген бір жылыңыз туралы не айта аласыз?

— “Ордабасымен” келісім-шарт аяқталған соң маған Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін бірнеше клуб ұсыныс тастады. Бірақ, Шымкенттен кеткім келмеді. Сол уақытта “Мақтааралдан” ұсыныс түсті. Мен келістім. Бірінші лиганың қандай болатынын көрдім. Негізі бірінші лигадаға ойындар маған таңсық емес. Себебі, мен Исландияның екінші лигасында да ойнағанмын. Оның өзі мен үшін сабақ болды. Ұтылдым дегенге қарағанда, ұтқаным көп болды.

— Жалпы, Сіз Қазақстанда өміріңіздің аттай 5 жылын өткіздіңіз. Біздің ел туралы қандай әсердесіз? Қандай естеліктер қалды?

— Қазақстан туралы тек жақсы естеліктер. Мен сіздердің салт-дәстүрлеріңізді жақсы біліп алдым. Адамдардың мінездерін ұқтым. Асханаларыңыз тіпті керемет. Айтпақшы, мен қазір “Бешбармақты” сағынып жүрмін. Құжатым жоқ болса да мен өзімді Қазақстанның азаматы санаймын. Шымкент - екінші үйім. Жиі барып тұруға тырысамын. Бұйырса, жаздың соңында Алматыға барамын деп отырмын. Одан кейін Шымкентке бару ойда бар. Жолығайық. Бешбармақ жейік.

— Қазақстанда жаңа достарды да тапқан шығарсыз ...

— Әрине. Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларында достарым көп.

— Қазіргі уақытта олармен араласып, хабарласып тұрасыз ба?

— Иә. Қайрат Әшірбеков, Азат Нұрғалиев, Алмат Бекбаев, Эндрю Мвесингва секілді жігіттермен үнемі байланыстамын.

— Футболда жүргеніңізге 25 жылдан көп уақыт өтіпті. Осы уақыттың ішінде “қап, әттеген-ай” деген кездер болды ма?

— Өмір бір қалыпты өте бермейді ғой. Егер бір қалыпты болса оның түк те қызығы болмас еді. Сол үшін менде де қиын кезеңдер болды. Бірақ, ондай сәтте жер ұшқып, еңсеңді төмен түсірудің қажеті жоқ. Керісінше, ағысқа қарсы жүзу керек. Өмірде қателеспейтін адам жоқ. Тек сол қателіктерді түзей білу керек. Менің де футболшы ғұмырымда өкінетін кездер болды. Дегенмен, мен оны айтып отырғым келмейді. Ол кезеңнен әлдеқашан өтіп кеткенмін.

— Футболдағы алғашқы жылдарыңызда ұлттық құрама сапында ойнау деген арман болған шығар ...

— Әрбір кәсіби футболшыда мұндай арман болу керек. Егер ондай арман жоқ екен, онда доп тебудің қажеті де жоқ. Менде де ондай арман болды. Бірақ, сәті түспеді. Біздің елде таланттар өте-өте көп. Солардың ішінен іріктелгендер ғана ұлттық құрама жейдесін киюге лайық. Енді мен жетпеген арманға ауылдастарым жетсін деп, ауылдан мектеп ашамын.

— Қазақстан мен Сербия футболында ортақ дүние бар ма?

— Бар. Екі елде де футболды дамыту үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Бірақ, мойындау керек, Сербия Қазақстанға қарағанда біраз алға кетіп қалған. Қазақстанның болашағы жарқын болу үшін жастарға көңіл бөлу керек. Қазір бізде солай.

— Әңгімеңізге рақмет. Алдағы уақытта тек табыс тілеймін.

— Мені ұмытпай хабарласып, сұқбат алғаныңыз үшін сізге де рақмет.

Уалихан Қосанбай

сурет: sports.kz, vesti.kz, prosportkz.kz 

 

 

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх