Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
160
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
223
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
217
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
207
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
220
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Жетектеген Жуков топ жара ма?

06 дек. 2016, 01:10 | 3184
Футбол әлеміндегі соңғы жаңалықтан хабардар жұрт осы бір ауыс-түйістің ауанын аңдып отырғаны да анық. «Астанадан» Еуропаға аттанған, одан Ресей барған Георгий Жуков Қазақстанға қайта оралды. Оралғанда да, халықтық команда саналатын «Қайратпен» келісім-шартқа отырды. Клуб қожайыны Қайрат Боранбаев әлеуметтік желілердің біріндегі өз парақшасында былай жазыпты: «Үш жылдық келісімге келдік және ол Ұлттық құрама сапында ойнайтын болды», - деп. Аударғандағы мазмұн осылай шығар.

Түсінікті ғой. Бастағы бірнеше тал шаш бірлесе қозғалды. Мида сауал туындағанынан. Жуков кім? Месси ме, Роналду ма? Тіпті Исламхан ба? Қуат па? Келісім-шартқа дардай етіп кіргізудің қандай қажеттілігі болды? Рас, талантты шығар. Мүмкін ойыншы ретінде енді ашылатын болар. Бірақ, ол қазір келешегінен үміт күттіретін көптің бірі ғана. Сандалып, Еуропада жүрді. Ешкім жақтырмады. Ресей барды. «Урал» екеш «Уралдың» сапында өндіріп ойнамады. Бір-екі рет қосалқы топтан сынға араласқан. Бітіргені шамалы. Қысқада кегіміз, ұзында өшіміз жоқ. Соншалықты мән беретін де футболшы емес. Қолға қалам алдырғаны әлгі жалынышты көңіл. Құраманы қосып айтқан. Ұлы далада мыңдаған Жуковтар жүр. Одан да талантты болуы мүмкін. Бірақ, солардың ешқайсысына жалынудың керегі аз. Мықты ма? Алаңда дәлелдесін. Ұлттық құраманың бас бапкеріне ұнасын, соның ойын үлгісіне келетін өре танытсын. Шақырту алсын. Келсін. Ойнасын. Жеңіске жетелесін. Ал, енді «сен бізге ойнап берші, жарай ма?»... Не күн туды, Жуковтарға жалынардай.

Менің түсінігімде Георгий Мақсат Байжановтан мықты емес. Кезіндегі Самат Смақовтан әлдеқайда төмен. Саматтың ойыны сұрапыл еді ғой. Исламбек Қуатпен де шендесе алмайды. Бірақ, жарнамасы жақсы. Ренжігенді қатырады. Іштен сөйлейтін, аузы жыбыр-жыбыр біреулер жүреді ғой, солардың інісі секілді. Анау жақпайды, мынаны жақтырмайды. Сонысымен де сүйкімді. Көлігін көрдік. Мемлекеттік нөмірін де. Бөтен жердікін, атап айтқанда Еуропаның үлгісіндегіні жапсырып алған. Ұсақ-түйек пе? Біздіңше Жуков табиғатынан хабар берер үлкен мәлімет. Түсінігін таныттыратын "жуковтық" белгі. Егер әлгі келісім шартта, «осы жылдар арасында қазақшаны үйреніп қана қоймай, терме жаттайсың, күй шертесің» деген талап қойылса, ойланар едік. Қақаң Жуковтан қазақ жасауға ниеттенген екен деп. Ал, «Қазақстан құрамасында ойнашы...». Қазақ қалай жақсы айтады. «Жетектеген тазы түлкі алмайды». Жуковты жетектеп барып, ұлттық құрамаға қосармыз. Ол қалай ойнайды? Әдейі өтініп, ат-түйедей қалаған соң оған негізгі құрамнан орын тауып беру керек. Кімді сүйреп шығарамыз? Мақсатты ма? Исламбекті ме? Намыстан жаралған екеудің бірін аластатамыз ғой? Тамаша шешім! Міне, керегі, біздің құрамаға.

Шынын айтайық. Мұндайға ет үйреніп кеткен. Алғашқы мақаламыз да есте. Тақырыбы: «Қайраттың обалы кімге?». Жазылған жылы – 1989. Неше күн өткен арада? Айтпақшы, сол мақаланы қазақ спорт журналистикасының сүлейі Сайын Сүлейменұлы Тұрсыновқа сынаттық. 1991 жыл. Жылы жымиып жүретін Сайын аға бір деммен оқып шықты. Астыңғы ернін жалады. Тесіліп қарап отырды. Әлде терезеге. Әлде бізге. Содан кейін тіл қатты. «Жауыр болған тақырып қой, Аманжан». Міне, баға?! Біз нені қозғап едік? «Қайраттың» тағдырын. Атам заманнан келімсектердің кеңсесі секілденгенін. Қазақ футболына қызмет етпейтінін. Өзгенің илеуіндегі жоба екенін. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылы тумай тұрғанда. «Қайрат» қазақ футболына қанша ойыншы берді? Санағандар бар ма? Қолтумасы кім? Өзі біреуді тани алды ма, таныта алды ма? Еңбек сіңіріп, өсіріп шығарды ма? Ойланыңыз. Үн қатуға асығудың қажеті жоқ. Ұлттың командасына айналмағаны анық. Халықтық? Мүмкін. Тарихын танитын шығарсыздар. Тереңнен қазып қайтейін. 1956 жылы «Қайрат» ерікті спорт қоғамы аталып, кейін командаға осы атау қонақтады. Алғашқы бапкері А.Хохман. 1960 жылы «А» класында өнер көрсетті. Жаттықтырған Петр Зенкин. Сосын Н.Глебов. Қақпашы Гелий Шершевский, қорғаныста Вадим Степанов пен Анатолий Федотов ойнады. Владимир Скулкин мен Анатолий Черемушкин де алаңда жүрді. Шабуыл шебінде Герман Неверов пен Станислав Стадник. Леонид Остроушко, Сергей Квочкин, Олег Мальцев, Виктор Иванушкин...  Орта буынға ойыссақ та осы шеңбердеміз. Бүгінгі дәстүр қандай? Ұғу ұғым аясынан тыс. Енді көже туралы айтсақ дейміз.

Кәдімгі көже. Қазақтың сұйық асы. Кешегі КСРО біріншілігінде сегіз рет чемпион атанған даңқты Дәулет Тұрлыханов көбіне іс-сапарда жүреді. Әлемдік деңгейдегі спорт қайраткері ғой. Шет елдердегі жиындарда, жарыстарда кейде төрде отырушы, кейде төбе би болып барады. Жеңгеміз Гүлнәр кезекті бір сапардан оралған күйеуіне Еуропаша ас дайындап, құрметпен ұсынған ғой. Табиғатында алдына келген тамақты талғамайтын ағамыз мақтап отырып жеп алады. Келесі мәзірде де жаңа үлгідегі тың туынды. Қабағын түсірместен қасық салады. Ерекше әзірленген астың енді бірі қойылғанда ағам "дүңк" ете қалыпты. «Осы үйде тамақ жасайтын ешкім қалмаған ба», - деп. Жеңгем таң қалады. Астың төресін дайындап берді. Алғыс күткен күйі аң-таң. Дәкең жағдайды реттеудің шебері ғой, бірден жұмсарып, «Жаным, сен ұсынған астың бәрі керемет. Бәрі дәмді. Шіркін, бір кесе көже ұсынсаң, көңілім одан сайын көтерілер еді», - депті. Дәулеттің аңсағаны қазақтың қарапайым сұйық асы. Күйеуінің ойын енді аңғарған жеңгем де күліп жіберіп, «туу, Дәулет, ет қайнатып, қолдан жайып, көже жасау ең оңай дүние ғой, сені қуантайық деп интернет кезіп, рецепт іздеумен боламыз. Көженің жарасы жеңіл ғой», деп қазанға қайта беттепті.

Кейде ойлаймын. «Қайрат» неге ұлттық командаға айналмайды? Мүмкін біздің халық өз балаларының доп тепкенін аңсайтын болар?! Бразилияның қара маржанын тізіп әкеліп, «кіші» «Қайрат» қарсыласты түгел жапырып жүр. Бірақ соларға ауып кеткен елдік махабатты әлі байқай алмай жүрміз. Етін асып, жілігін мүжіген, нанын жайып, көжесін ішкен ел, бәлкім өз өнімін іздейтін шығар, а?

 Амангелді СЕЙІТХАН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх