Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
168
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
230
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
222
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
214
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
226
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

"Астана" жемісті жылмен жеңісті қош айтыса ма?

08 дек. 2016, 20:20 | 1623
Бүгін түнде швейцария жерінде «Астананың» осы маусымдағы еурокубоктағы жолы аяқталады. Өкінішке орай, елордалықтарда Еуропа лигасының тобынан шығар мүмкіндік жоқ. Қазақстан чемпионы жеңіске жетсе немесе нәтижелі тең есеп тіркесе, кестеде бір саты жоғарылап, үшінші орынға тұрақтайды.

Қыркүйектің жиырма тоғызыншы жұлдызында «Астана-Аренада» өткен қос команда арасындағы алғашқы кездесу голсыз аяқталған еді. Матч басында қонақтар басым болып, өткір шабуылдар ұйымдастырғанымен, Ненад Эрич қақпасы нәтижелі соққыдан аман қалған болатын. Кездесудің ортасына таман Станимир Стойлов командасы алға ұмтылып, қарсылас қақпасын торуылдауға тырысқан. Дегенмен, Джордже Деспотовичтің жойқын соққысы қақпа бағанасына тиді. Екінші таймда командалар қорғанысқа көп көңіл бөлді. Елордадағы ойын топтағы жалғыз құрғақ матч. Доп дарытатындай екі ұжымның еншілерінде соққылар аз болды. Жабылып жүріп командалар қақпаға бар болғаны бес соққы бағыттаған ойыннан гол күтудің өзі әбестік. Футболшылар қателікке бой алдырудан қорықты. Сондай ақ, «Астана» футболшылары бір ойында он мәрте оффсайдқа түсіп, топтық кезеңнің рекордын орнатқан жайы да бар.

Қыркүйектің соңынан бері «Астананың» тасы өрге домалады десек болар. Ел біріншілігінде чемпион атағын кезекті рет қорғады. Бұйырмай жүрген ел кубогын де қанжығаға байлады. Оның үстіне басты қарсыласы «Қайраттың» алаңында. Екі апта бұрын АПОЭЛды жеңіп, еуркубоктың топтық кезеңіндегі тұңғыш толыққанды үш ұпайына қол жеткізді. Ал, «Янг Бойздың» өмірінде анау айтарлықтай өзгерістер жоқ. Швейцария чемпионатының тақтан таймас патшасы «Базельдің» соңынан еріп келеді. Екінші орынды қанағат тұтып тұр. Әйткенмен, өткен сенбіде дәл осы "Базельден" айла асырып, кішігірім сенсация жасағанын тілге тиек ете кету керек. Француз Гийом Оаро екі доп соқса, ойынға тыңнан қосылған Кевин Мбабу бір мәрте мергендік танытты. Әйткенмен, Адольф Хюттер шәкірттерінің чемпионаттағы жағдайы жақсарды деп айту қиын. Сегіз ұпайға көшбасшыдан қалып келеді.

«Янг Бойз» топтағы ең аз доп соққан ұжым. Төрт гол. Төртеуі де команданың үздік сұрмергені Оароның еншісінде. АПОЭЛ қақпасын үш рет дәл көздесе, Грекияда «Олимпиакос» қақпасынан да саңылау тапты. Еуропа лигасындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орынды бірнеше футболшылармен бөлісіп тұр. Ал, «Астана» аяқдопшылары болса бұл көрсеткіш жөнінен бес голымен үшінші. Джордже Деспотович «Олимпиакос» пен АПОЭЛға қарсы «Астана-Аренадағы» кездесулерде мергендік танытыпты. Босниялық Марин Аничич те екі апта бұрын АПОЭЛ қақпашысының өрескел қателігін пайдаланып, алғашқы жеңіске өз үлесін қосты. Тағы бір талантты серб Неманья Максимович Никосиядағы кипрліктермен болған матчта гол соқты. Сонымен қатар, Джуниор Кабананганың қонақта «Олимпиакосқа» қарсы ойында қарсылас қақпасына доп дарытқаны бар.

Қос команда да соңғы бес кездесуде жеңілістің ащы дәмін татпапты. «Астана» сол бес ойынның үшеуінде қарсыластан басым түсіпті. Екеуі ерекше орын алады. Бір жеңісінде «Қайраттан» кубокты тартып алса, бір жеңісі жоғарыда атап өтілгендей, еурокубоктың топтық кезеңіндегі алғашқы үш ұпайды алып келді.

Швейцариялықтар осы маусымда өз алаңында үш рет тізе бүккен екен. Екеуі жазда. Бірі ішкі біріншлікте, екіншісі Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінде. Соңғы жеңілісі қыркүйектің ортасына тура келеді. Топтағы алғашқы ойында «Олимпиакосқа» 0:1 есебімен есе жіберген еді. Ал, «Астана» қонақтағы екі матчта да ұпайға қол жеткізген емес.

Астанадағы тең нәтижемен аяқталған ойында "Янг Бойз" сапынан Миралем Сүлеймани мен Йорик Раве қауіптілік танытқан еді. Екеуі де бүгін алаңға шығуы мүмкін. Ал, ұжымның чемпионаттағы да, еурокубоктегі де үздік сұрмергені Оаро «Астана-Аренада» жарақатына байланысты алаңға шықпады. «Астана» сапынан Патрик Твумасиді бас бапкер Стойлов ойынға қатыстырмады. Негізі, бүгін «Янг Бойз» толықтай қосалқы құраммен шықса да таң қалудың қажеті шамалы. Біріншіден, келесі кезеңге жолдама алу мүмкіндігі жоқ. Екіншіден, ішкі біріншілік қызып тұр. Жексенбіде ойын өткізеді. Бірінші орынның жайы бір бөлек, тіпті, екінші орыннан айырылып қалар қаупі бар. Әдетте, мұндай маңызы жоқ матчтарда бапкерлер ойын тәжірибиесі жетіспей жүрген футболшыларға мүмкіндік беріп жатады. Ал, Астана үшін бұл матчтың маңыздылығы жоқ емес. Топтық кезеңде көбірек ұпай жинасақ дейді. Клубтың да, елдің де УЕФА кестесіндегі рейтингі көтерілуі мүмкін. Футболшылар тың. Соңғы ресми кездесуді команда екі апта бұрын өткізді. Жеңіске жетіп жатса, демалысқа көтеріңкі көңіл-күймен аттанары сөзсіз.

Екі ұжымның бір ұқсас жері - стадиондарының алаңы жасанды. «Астана-Аренадағы» секілді «Стад де Сюисстің» де төсеніші жасанды. Отыз екі мың жанкүйерді сыйдыратын үш жұлдызды стадионның тарихы жарты ғасырдан астам екен. 2005 жылы Еуропа чемпионатын қабылдауына байланысты толық жөндеуден өткен.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх