Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
136
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
199
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
196
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
183
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
200
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Аспанға тебуді қашан қоямыз?

21 дек. 2016, 21:40 | 2235
Қазақ футболының дерті көп. Дерт көп, денсаулық біреу демекші дерттің ең түбірі, діңгегі осы қайда жатыр? Ойланып, іздеп көрейікші.

Көл-көсір, төгіп-төгіп жаза берудің де қисыны жоқ. Себебі, ел футболының кемшілігін тізбектесек таң атады. Ал, бізде оған қазір уақыт өте аз. Жариялылықтың қызыл қаны жерге тамып тұрған заманда әңгімені арыдан бастап, ақпаратты ақтабан шұбырынды қылатын жөніміз жоқ. Көп сөзден, дөп сөзге көшейік.

Айтпағым, инфроқұрылым, стадиондар, легионерлер емес. Мүлде басқа. Түбірі. Футболдың өзі. Осы қазақстандық футболды көріп жүрген ағайынға не ұнамайды. Соны тізейікші.

Ең алдымен жоғары тебуден бастайық. Бұл бір өте өзекті мәселе. Қазақстандық футболшылар қашан көрсең допты аспанға теуіп жатады. Жаттығу кезінде бәрі шебер. Ал, ойынға келгенде қақпа жайында қалады. Қарсылас команданың қақпашысынан ұят. Енді ол ішкі біріншілікті қоя тұрыңыз. Футбол дегенде ең алдымен Ұлттық құрама, Ұлттық намыс сынға түспей ме? Еуропаға өткелі бері Португалия, Англия, Германия секілді құрамалармен ойнап жүрміз. Футболдың жілігін шағып, майын ішкендердің алдында маймөңкелеп, ұялып, 2-3 шабуыл жасаймыз. Соның өзі биік кетеді. Неге? Жермен тебу соншалықты қиын ба?

Екінші мәселе – соңғы минуттар. Соңғы минуттарда біздің командалар қаншама рет гол жіберіп алды. Ұзақ тізім. Ұлттық құрамамыз, "Қайрат", "Шахтер", "Ақтөбе" Еуропада ойнағанның бәрі, әйтеуір. Үйде жатып, теледидар алдында жанкүйерлік етіп жатқанда соңғы минутта қазақстандық команда еуропа сайыстарынан ұшып кетіп бара жатқанын көру - қандай қиын екенін елдің бәрі біледі. Бастан талай өтті.

Қапталдан көтерілетін пастар туралы да қозғасақ. Біздің жартылай қорғаушыларымыз қаптал арқылы келіп дәл пас беріп, соның арқасында футболшыларымыз баспен гол соғыпты дегенді көру арман. 20 жыл ішінде бірлі жарым болған да шығар. Қазір тек қана стандартқа ғана сенеміз. Жүріп келе жатқан допты тоқтатпастан айып алаңына асыру қазақстандық футболшылар үшін өте қиын тәсіл. Неліктен екенін білмейміз. Бірақ, негізі қапталдан пас асырамын деп жүріп, гол соғатын да әдетіміз бар.

Футболдың ең қызығы дриблинг емес пе? Сол алдап өту деген нәрсе де қазір жоғалды. Бірлі-жарым Бауыржандар жасап тұрады. Ал, олардан өзгелерде ондай өнер атауымен жоқ. Ойын барысында екі қорғаушыны алдап өтіп, гол соққан шабуылшыны білесіздер ме? Қазақстан футболында болған ондай шабуылшылар қазір мына жалғанда ғұмыр кешпейді. Виктор Зубарев, Олег Литвиненко, Нилтон Мендестер есте ғой.

Айта берсе көп қой әрине. Бұл тек футбол көру барысындағы біздің байқағандарымыз. Байқағандарымыздың хит-шеруіндегі ең «үздіктері». Өздеріңіздің байқағандарыңызбен бөліссеңіздер болады.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх