Главное Маңызды
24 нояб. 2024, 14:53
89
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
696
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:
23 нояб. 2024, 20:24
405
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
362
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
360
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:

«Тараз» тығырықтан қашан шықпақ?

28 дек. 2015, 19:39 | 1790
Қазақстанда футбол таланттарын шығаруда алдына жан салмайтын аймақ - Жамбыл облысы. Бұл мекеннен қаншама дарынды аяқдопшылар шықты. Бірақ, осы күні көне шаһардың футбол командасы мардымды нәтиже көрсете алар емес. «Тараздың» 9-шы орын алуы қанағаттандырарлық көрсеткіш болып саналғанымен, ұжымның алғашқы алтылықта жүрер жөні бар-ақ.

Маусым басталар шақта жақсы легионерлермен жасақталған әулиеаталықтар Евгений Яровенкоға сенім артты. Жергілікті маман команданы алғашқы алтылыққа кіргіземін деп уәде етті. Бірақ, алғашқы жеңістеріне тараздықтар 4-ші турда жетті. Қонаққа келген «Қайрат» 1:0 есебімен жеңілді. Жалпы, «Тараз» еліміздегі ең жабық команда болып есептеледі. Олар биылғы маусымда 25 гол соғып, қақпаларына 33 доп қана жіберген. Екінші алтылықта олар қақпаларына гол аз жіберген команда. Ал «Тараздан» голды азырақ ұрған бір ғана команда бар. Ол –премьер-лигадан ұшып кеткен «Қайсар».

Жамбылдықтар өз алаңында мықтылардың біразын жеңді. Жергілікті жанкүйердің алдында намысқа қатты тырысатын команда 6-шы турда «Астананы» ұтты. Осы жеңістен кейін «Тараз» қатарынан 2 ойында 6 ұпай еншледі. Сыртта «Қайсарды», үйде «Тобылды» жеңді.

Биылғы біріншілікте иемденген 26 ұпайдың 9-ын «Тараз» сырт алаңда алған. Команда негізінен қорғаныс арқылы өнер көрсетті. Көптеген премьер-лига бапкерінің көзіне түскен Иоан Мера чемпионатта тек 2 ойынға ғана шықпады. Ұзын бойлы қорғаушы кезінде «Клуж» командасымен бірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Манчестер Юнайтед» командасына қарсы ойнаған. Келер маусымда Мераның «Таразда» болар болмасы әлі анық емес. Жалпы, Жамбылға келген легионерлердің 70 пайызы Украинадан болды. Олардың ішінде көзге түскені тек шабуылшы Александр Пищур. Ол біріншілікте 9 гол соқты. Әуелетіп берілген пастарға баспен жақсы жанаса білетін Пищур көптеген маңызды голдар соқты. Сонымен қатар, Александр «Тараз» сапында барлық ойынға қатысқан жалғыз ойыншы.

Ал, жартылай қорғаныста өнер көрсететін Тимур Досмағамбетов негізгі құрамның белді ойыншысына айналып, тіпті Қазақстан Ұлттық құрамасына шақырту алды. Ал, орталықта ойнайтын тағы бір ойыншы Жақып Қожамберді чемпионат ортасында елордалық «Астанаға» ауысып кетті. Бейресми мәлімет бойынша, Жақып бас бапкер Яровенкомен келіспей қалған. Содан кейін, Тараздың таланты өзге ұжымға ауысуға мәжбүр болған. Әйтпесе, Қожамберді «Тараз» ойынын тек қана күшейтер еді. Таразға келіп ашылып кеткен ойыншыларды біз бұрыннан білеміз. Солардың қатарында Санат Жұмахановты қосуға болады. Осыдан екі маусым бұрын Любко Петрович жергілікті команданы баптаған кезде өзімен бірге португалиялық Мануэль Курто деген ойыншыны ала келген еді. Сол португалиялық легионер айып добын керемет орындай білетін. Куртоның орнын Санат басты деуге болады. Сонымен қатар, Жұмаханов пас беру қабілетімен де көріне білді. Келер маусымда жартылай қорғаушы көкшетаулық «Оқжетпесте» ойнаймын деп шешті.

Ал, 95-ші жылғы жас ойыншы Абзал Таубай «Тараздың» биыл ашқан тағы бір таланты болып есептелінуде. Қазақстан жастар құрамасының бапкері Саулюс Ширмялис оны Санкт-Петербург қаласында өтетін «Достастық» кубогіне алып бармақ.

«Тараз» маусым барысында бапкер ауыстырмаған Қазақстандағы төрт команданың қатарына кіреді. Евгений Яровенконы келісім-шарты аяқталғанша жұмыс істеткен клуб басшылары оны біріншілік бітісімен бірден қызметінен босатты. Енді жақын арада клубқа жаңа бапкер тағайындалады. Кандидаттар қатарында тағы да жергілікті мамандар тұр. Олар: Ваит Талғаев, Вахид Масудов немесе командадағы аға бапкер орнында жүрген Нұрмат Мырзабаев. Шеттен шақыртылатын легионерлер қаншама жыл қатарынан е клубтың, е жанкүйерлердің көңілінен шығар емес. Бәлкім осы жолы жаңадан келген бапкер дені түзу ойыншылар алып, жергілікті футболшылармен үйлестіріп жақсы ұжым құрастырар. Әйтпесе, «Тараздың» екінші алтылықта жүргені жүрген.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Бекболат Орынбеков бір сөзінде бұрын-соңды Таразда доп тепкен футболшылардың барлығының басын қоссақ деп қалды. Олай болса «Тараз» міндетті түрде алтылыққа енер еді. Тым болмаса да көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші. Командаға Рамиль Нұрмұхамедов, Нұртас Кургулин, Берік Айтбаев, Елдос Ахметов, Жақып Қожамберді, Ұлан Қонысбаев, Бауыржан Байтана, Бауыржан Исламхан, Олег Недашковский, Мұрат Тілешев секілді футболшылар қайтып келсе, команда жүлдеге таласар қауқарға ие болар еді ғой.  

Ермұхамед МӘУЛЕН   

фото "Тараз" футбол клубының сайтынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх