Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
140
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
207
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
200
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
188
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
204
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Кіші футболдан үлгі алсақ ше?

26 дек. 2016, 07:50 | 2261
Әрине, біз қазақ футболы туралы көп мәселе көтердік. Көтеріп те келеміз. Ол мәселелер ешқашан бітпейтін секілді болып көрінеді. Бірақ, біздің парыз - жазу. Қоғамға ой ұсыну. Соның кезекті бірін тағы қаужадық. Бұл жолғы ойымыз сараптамалық сөздерден құралсын.

Ұлттық құраманың тәуір ойнағанын барлығымыз қалаймыз. Десе де, соңғы он шақты жыл жеңілістен көзіміз ашылар емес. Біреулер «өзіңнен тумай ұл болмас» деді. Құрамада себебі кім-көрінген ойнады. Енді біреулер қазақстанда ойнап жүрген легионерлерді «қазақтандырайық» деді. Оған да қарсы шыққандар бар. Оның себебі, Қазақстан құрамасында қазақтар ойнауы тиіс деген тұжырым. Яғни, өз ішімізден шыққан футболшылар. Бірақ, олардың деңгейі жақын арада көтеріле қояды дегенге сену тағы қиын. Біріншіліктің деңгейі көтеріліп, клубтарымыз Еуропада тәп-тәуір ойнай бастады. Ол әрине, легионерлердің арқасы.

Ал, енді біз айналамызға қарап айтайықшы. Еуропа футболында «ұлттандыру» болды ма? Болғанда қандай! Кезінде Ференц Пушкаш, Альфредо ди Стефано секілді даңқтылардың өзі екі-үш құрамада ойнаған. Одан бөлек 2000-шы жылдардың басында Эммануэль Олисадебе (Польша), Джеральд Асамоа (Германия), Деку (Португалия) сияқты ойыншылар пайда болды. Олардың барлығы да өзге елде туылып, басқа құрамада ойнағандар. Бір футболшы құрамада көп мәселені шеше алмас, дегенмен аталған ойыншылардың соққан голдары мен берген пастары талай ойынның тағдырын шешті. Мысалы, Деку өзі бразилиялық болғанымен қоймай, Бразилия құрамасының қақпасына гол соғып, 1961-ші жылдан бері Бразилияны жеңбеген Португалияға жеңіс сыйлады. Бұл қатарға 18 жасында Бразилиядан Португалияға көшкен қорғаушы Пепені де қосуға болады.

Бразилиядан кеткендердің қатарында Маркос Сенна бар. Ол 26 жасында «Вильярреалға» ауысты. Одан кейін Луис Арагонес бұл ойыншына Испания құрамасына алдыртты. Бұл тізімге тағы бір «испаниялық» ойыншыны қоссақ. Диего Коста тіпті Бразилия құрамасы үшін екі кездесу өткізіп те үлгерді. Алайда, кейіннен оны Испания футбол қауымдастығы шақырып, өз құрамаларына қосып алды. Хорватияның шабуылшысы Эдуардо Да Сильва 15 жасында "Динамо Загреб" академиясына қабылданды. Одан кейін ол Бразилия құрамасына шақырту алу туралы тіпті ойлаған да жоқ. Себебі, ол кезде Роналдо, Ривалдо, Робиньо секілді сайыпқырандар жүрді. Бәсекелестік өте жоғары екендігін түсінген ол шақпақ жейделілердің намысын қорғады.

Ал, енді алысқа қарамай, жақын аймақты бір шолып өтейік. Үйреншікті посткеңестік елдердің футболында мұндай оқиғалар болды ма? Болды. Фабио Луис Рамим, Андре Ладага, Леандро Гомес, Бранимир Субашич (Әзірбайжан), Энрике Луваннор (Молдавия), Эдмар, Марко Девич (Украина).

Олардан бөлек кәдімгі Қазақстан чемпионатында ойнаған ойыншыларды да қоса кетейік. «Ақтөбеде» ойнаған Маркос Пиззелли - Армения, Ренан Брессан - Беларусь құрамаларында ойнап жүр.

Біздің кіші футбол құрамамыздың жеткен жетістігін еліміздің әр ауылы естіді. Еуропа мен Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысу былай тұрсын, жаһандық додада тіпті жүлде алды. Қазіргі күні тек бұл жөнінен заң сәл қаталдау. Бұрын екі жыл сол елдің біріншілігінде өнер көрсетсең, құрамасына да алына беретінсің. Қазір бір чемпионатта бес жыл міндетті түрде ойнауың керек. Ондай легионерлер Қазақстанда санаулы ғана. Олардың қатарына колумбиялық Рохер Каньясты қосуға болады...

Ермұхамед МӘУЛЕН 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх