Главное Маңызды
23 нояб. 2024, 21:01
136
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление.
23 нояб. 2024, 20:24
199
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян подвел итоги финального матча Кубка Лиги против «Жениса» (2:0) и оценил шансы в еврокубках, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт клуба:
23 нояб. 2024, 19:39
196
Главный тренер «Жениса» Акис Вавалис прокомментировал финальный матч Кубка Лиги против «Астаны» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
23 нояб. 2024, 18:56
183
Президент Qazaqstan Football League Гани Кайназаров подвел итоги матча финала Кубка Лиги «Женис» – «Астана» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на официальный сайт QFL:
23 нояб. 2024, 11:21
200
Наставник «Жениса» Акис Вавалис напомнил, что «Астане» придется здорово постараться, чтобы переиграть его команду в финальном матче Кубка Лиги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу столичных:

Әке көрген доп тебер...

07 янв. 2017, 22:10 | 2782
"Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер" деген аталы сөз бар қазақта. Сол секілді осы сөздің астарымен бір мақала бастадық. Бір үйден бірнеше футболшы шығып жатса, оның несіне таңқаламыз. Әке жолын қуғандар аз емес. Отбасылық кәсіпті одан әрі домалатқан футболшылар ел футболында көптеп кездеседі. Олардың қатары қазір қаншау. Тоқталып өтейік.

Өткенде УЕФА сайтына осы жайлы мақала шығыпты. Онда олар Грузияда Арвеладзе, Арменияда Мхитарян, Әзірбайжанда Садыгов, Ресейде Ловчев секілді жанұялардың футболға көп қатысы бар екенін айтыпты. Ал, Қазақстанға тоқталғанда олар Лорияларды тілге тиек етіпті. Тізіп жазыпты. Григорий мен ұлы Давид Лориялар Қазақстан футболына көп үлес қосты. Екеуі де қазір футбол саласында жүр. Әкесі клубтың басшысы, баласы қақпашы. Олардан бөлек біздің елде мұндай оқиғалар көп еді ғой. Мысалы, бұрнағы кезеңде ойнаған Берік Арғымбаевтың ұлы Айдар Арғымбаев жастар құрамасына алынды. «Жетісу» сапында ойнады. Бірақ, қазір бұл жанұяның адамдары футболдан сәл алыстап кетті.

Азовскийлер жанұясына тоқталсақ. Иван Азовский осы күндері бапкерлік және басшылық қызметте жүр. «Жетісу» футбол клубының директоры болды. Кезінде кеңес заманында доп тепкені бар. Енді бұл кісінің қазір екі бірдей ұлы Премьер-лигада тер төгуде. Максим мен Егор Азовскийлер тіпті Қазақстанның түрлі құрамаларында ойнады.

Сол қапталдағы өткір шабуылдарымен көптеген голдардың авторы атанған «Елім-айдың» жұлдызы Андрей Мирошниченко ел біріншілігінің үздік сұрмергендерінің бірі. Енді осы күні оның ұлы Дмитрий Мирошниченко «Ақтөбе», «Тобыл» секілді командаларда ойнап жүр. Әкесі шабуылға шыққанды ұнатса, ұлы қорғанысты қымтағанды қалайды.  

Қазақстан жастар құрамасын Әлем біріншілігіне шығарған Владимир Фомичев бапкерлік қызметте танылды. Алайда, кезінде өзі де қорғаушы болып біршама доп тепкен. Оның ұлы Ильия Фомичев қорғаушы болып өсті. Қазақстан чемпионатында «Тараз», «Жетісу» секілді командаларда ойнады. Кейіннен Финляндия біріншілігіне қайта оралды. Ал, Фомичевтің өзі қазір «Қызыл-Жар СК» командасының бас бапкері.

Техникалық ойынды үлгі тұтқан Сансызбай Жұмаханов осы күндері балаларды футбол әліппесіне үйрететін жаттықтырушы. Оның да кезінде атағы дүркіреді. Қазір ұлы Санат Жұмаханов оның ісін жалғастырды. Тіпті, көптеген мамандардың айтуынша баласы тура әкесінің көрсеткен ойынына ұқсайтын футбол көрсетеді екен. Техника, жылдамдық, алаңды көре білу. Міне, осы қасиеттер әкеден балаға қанмен тараса керек. Санат «Қыран», «Тараз», «Оқжетпес» командаларында ойнап жүріп, айып доптарын тамаша орындайтын өнері бар екенін байқатты.

«Пахтакор» қақпашысы Владимир Цирин украинаның «Карпаты» командасынан кейін павлодарлық «Тракторға» келеді. Ел біріншілігінде біраз қақпа күзеткеннен кейін ол Қазақстанды мекендеп қалады. 1996 жылы Владимир Бейрутте өткен Ливанға қарсы матчта Қазақстан құрамасының қақпасын қорғап шықты. Ал, енді одан кейін 2011 жылы оның ұлы Антон Цирин Сирияға қарсы өткен жолдастық кездесуде басты командамыздың қақпасын күзетті. Қақпа күзету қызметі Антонға әкесі Владимирден жұқты.

Тізім соңында Дүйсен Бөлегенов секілді Қаратаудағы бапкерлерді де ұмытпайық. Жамбыл облысының мықты ұжымдарында доп тепкен Дүйсен ағамыздың екі бірдей баласы футболшы. Үлкен ұлы Қайрат Сүлей "Таразда" тер төкті. Ал, кіші ұлы Әлішер Сүлей енді жарқырап көрініп келе жатқан талантты ойыншылардың бірі. 

Ел футболында басшылық қызметте болған Бағлан Ергешовтың ұлы Бағдаулет Қожабаев "Ордабасы" сапында доп теуіп жүр. Сонымен қатар, ардагер Михаил Гурманның ұлы Марк Гурман Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында бірнеше ойын өткізіп үлгерді. Қазір қостанайлық "Тобыл" жейдесін киіп жүргені бар. 

Мақала соңында ескере кетейік, бұл көпшілігіміз білетін, көз алдымызда болған мысалдар. Қаншама футболшы болған әке мен балалар көп. Ұмыт қалдырғанымыз жетерлік. Мысалы, Мәлік пен Нұртас Кургулиндер футбол саласында жүр. Тараз, Шымкент және Қызылорда секілді аймақтарда ондай мысалдар жетіп артылады. Сонымен қатар, бұл мақалаға біз ағайындастарды қоспадық. Әйтпесе, Сейітжан мен Сейілдә Байшақовтар, Саят пен Рауан Сариевтер, Думан және Ұлан Қонысбаевтар болып ұзақ сонар тізім жасай береміз. Бұл тақырыпты біз бәлкім келесі бір мақаламызда арқау етерміз.   

Ермұхамед МӘУЛЕН

суреттер vesti.kz сайтынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх