Главное Маңызды
25 нояб. 2024, 19:23
276
Главный тренер сборной Казахстана Станислав Черчесов в интервью «Матч ТВ» поставил себе оценку по итогам группового этапа Лиги Наций, рассказал, что у него не получилось в первые месяцы работы у руля национальной команды, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 20:05
1245
Нападающий молодежной сборной Казахстана U-19 и «Кайрата» Дастан Сатпаев прибыл в столицу Великобритании, где может пройти просмотр в академию «Челси», сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 18:48
901
Объявлены сроки выдвижения кандидатов и сдачи документов на пост главы КФФ, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
24 нояб. 2024, 14:53
564
Нападающий «Менсахеро» и сборной Казахстана U-21 Данил Анкудинов в интервью корреспонденту KazFootball.kz рассказал об опыте игры в Испании, частой смене клубов, прогрессе местной молодежи и комплименте от самородка «Барсы» Пабло Торре.
23 нояб. 2024, 21:01
1585
Экс-боец ММА и игрок «Актобе-Жас» Сергей Морозов в беседе с корреспондентом KazFootball.kz поделился впечатлениями от сезона в исполнении «красно-белых» и рассказал, какие кадровые решения вызвали удивление:

Алғашқы ұпай қоржында

10 янв. 2017, 07:00 | 1798
«Гранаткин Мемориалы» турниріндегі алғашқы кездесуін Қазақстан U19 құрамасы жақсы бастады. Олай деуімізге отандастарымыздың топтағы тұсаукесер ойынында Словакиямен тең түскені негіз беріп тұр.

Бұрын-соңды Қазақстан құрамасы бара салып жеңілетін. Санкт-Петербургтағы дәл осы турнирде талай масқарамыз шықты. Несін жасырайық, кейбір жылдары «Ботафого» академиясының түлектері барып, жанарымызбен жер шұқыдық. 25 «бразилиялықтың» тек 8 ғана құрамаға алынды. Сөйтсек, Бразилиядағының барлығы талант емес екен. Соңында Эстонияға гол соққанымызға қуанып қайттық. Бұл өткен жылғы оқиға. Биыл құраманы қолына алған Александр Кузнецов тәп-тәуір жасақтапты. Осы жастағы елдегі кілең үздіктер алынған. Сонымен қатар, Карлос Бакес баптаған баяғы U17-ден де біршама футболшы алыпты. Бірақ, көп емес. Біздің ұлттық құрамалар институтының ең бір қиын тұсы осы. 17-жасқа дейін ойнаған жас футболшының 21 жасқа дейінгі құрамаға шейін тұрақты ойнауы сирек құбылыс. Біздің Қазақстан футболында жалпы жасөспірімнен жастар құрамасына дейін ешбір үздіксіз, тұрақты құрамалардың барлығында ойнаған футболшы өте аз. Некен-саяқ. Мұның басты сыры бапкерлердің өте жиі алмасуында болуы тиіс. 

Енді матч жайлы айтар болсақ. Кездесудің алғашқы 20 минуты толықтай словактардың еншісінде болды. Ойынды көріп отырып бұрыңғы масқаралығымыз қайта оянып, осы ойында да жеңілеміз деген ой саңлау бергені анық. Бірақ, 25-ші минуттарға қарай жігіттер өз-өздеріне келе бастады. Тіпті, 30-35-ші минуттарда допты көбірек ұстады. Ал, тайм соңына қарай тіпті гол соғатын мүмкіндік те болды. Осылайша, жігіттер баяу болса да, мезгілдеп «тіріле» бастады. Әйтпесе, алаңда «өлі» ойын жүргіздік.

Словактардың бір басымдылығы жоғарыда екен. Әуедегі доптың барлығын жалмады. Дене тұрқы ірілеу келген словактар кейбір эпизодтарда жастарымызды баса көктеп, жаншып жатты. Бірақ, біздің де басымдылығымыз бар екен. Ол екінші таймда анық көрінді. Жастарымыз кішкене, шағын денелі болғандықтан «жермен» көп ойнады. Кәдімгі испан футболының кейбір көлеңкелері. Кузнецовтың да сол Испанияға барып, жиын өткізіп жүргенін бір байқап едік. Сол жұмыстар бекер емес екен. Андоррада өткен іріктеуден бері сәл де болса ілгерілеу бар. Алайда, бұл тұрғыда қарсыластың да соншалықты тегеурінді болмағанын ұмытпайық.

Техникалары тамаша кейбір футболшыларымыз қысқа пастарымен жақсы комбинациялар өрбітті. Жанәлі Пайруз, Талғат Кусяповтардың ойыны жаман емес. «Атлетико» Мадрид академиясында тәлім алған Дінмұхамед Кашкен де капитандық рөлді жақсы алып шықты. Оның да испан футболынан жарықшақтар көрсеткенін байқаттық.

Ойын соңына қарай Словакия жастары шабуылды үдеткенімен, қорғаныстан өте алмады. Стандарттық жағдайда қақпашы Данил Устименко тамаша өнер көрсетті. Айып добы кезінде бір допты ол тоғыздықтан «жұлды». Ойын тең аяқталып, таблодағы көрсеткіш еш өзгермеді. Ойын бітісімен Словакия жастары гол соқпай, жеңіске жетпегендеріне қатты өкініп, әр бұрышқа бүктеліп жата кетті. Ал, біздің футболшылар тең ойынды қанағат тұтты. Алайда, ойынға екі жақты көзқараспен қарасаңыз, словактар сырт көзге сұмдық бір басымдылық көрсетпеді. Тіпті, қақпашыны алдап өткен Талғат Кусяпов әріптесіне пас беремін деп қателесті. Әйтпегенде, жеңісті жұлып-ақ кететін кезіміз еді.

Словакия U19 – Қазақстан U19 – 0:0    

Словакия: Валах (в), Дуцар, Мрва (Вашко 46), Флак, Шпирияк, Бедяч (к), Римарэнко (Мадленяк 46), Слука, Филинский (Кудлишка 80), Шпирка (Вициан 80), Боженик (Кружлияк 80)

Қазақстан: Устименко (в), Аманжол, Қашкен (к), Кузнецов, Кусяпов, Жақсылық (Усачев 89), Кан (Тұрсынбай 89), Орал, Пайруз (Астанов 65), Саюнов (Тұзақбаев 84), Сейдахмет (Скворцов 65, Құдайбердинов 89)

Ескерту: Кусяпов 68

Төрешілер: Амелин, Кужелев, Никитин

9 қаңтар, Санкт-Петербург, СКК «Петербургский», 300 көрермен.

Ойынның үздік футболшысы - Талғат Кусяпов

Енді бір ойын күнін жіберген соң отандастар Әзірбайжан жастарымен кездеседі. Олар алғашқы матчта Литваға 2:1  есебімен жеңілді. Ойында әзірбайжанның жалғыз голын Догукан Оксуз соқты. «Бешікташ» академиясының шабуылшысы өткен жылғы Астанада өткен "Президент Кубогының" үздік шабуылшысы атанған еді. Әзірбайжан футболының жас таланты қорғанысымыздың дегбірін қашырғалы тұр. Ойын 11-қаңтар күні, сағат 15-00-де.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 24 39-21 47
2 Астана 24 39-19 46
3 Ақтөбе 24 39-26 43
4 Ордабасы 24 36-24 42
5 Тобыл 24 33-23 39
6 Елімай 24 35-32 37
7 Атырау 24 28-20 35
8 Қайсар 24 28-29 34
9 Қызылжар 24 29-26 29
10 Жеңіс 24 18-32 24
11 Жетісу 24 17-33 23
12 Тұран 24 16-39 20
13 Шахтер 24 12-45 10
Футболист недели Апта үздігі
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Мухаммеджан Сейсен
Вратарь Қақпашы
74
Поиск по сайту
Наверх