Еркебұлан Сейдахмет: "Ойын алдында Бауыржан Исламхан сәттілік тіледі"
– Бұл ойын өте ауыр өтті. Алғашқы кездесуде біз алаңға бой үйретсек, осы жолы қарсыластың адымын аңдыдық. Негізі жеңісті алып тұрған жеріміз еді. Алайда, соңғы минуттарда байқаусызда гол жіберіп алдық.
– Матч барысында 3-4 гол соғатын мүмкіндік болды. Өткен ойынға қарағанда бұл жолы шапшаң қимылдадыңдар. Ал, өзіңнің жеке ойының көңіліңнен шықты ма?
– Иә, оныңыз рас. Әзірбайжан құрамасы ойнап үйренісіп қалған команда ғой. Жігіттер шапшаң қимылдады. Өзімнің ойыныма көңілім толады. Оның үстіне ойын алдында маған Бауыржан Исламхан хабарласып, сәттілік тіледі. Жерлес ағамның мұндай тілегінен кейін алаңда барымды салуға тырыстым. Жалпы, әріптестерімнің барлығы да осы матчқа қатты дайындалды. Жеңеміз деп тас-түйін шықтық. Ойынды өз бақылауымызда ұстағанымызбен, сәттілік жолдас болмады.
– Ендігі ойын Литва құрамасымен. Ол ойын жайлы не ойың бар?
– Литва әзірге топтағы көшбасшы команда. Дегенмен бізге кіммен ойнасақ та бәрібір. Бұл турнирде осал қарсылас жоқ. Негізі біздің бапкер Александр Кузнецов қарсылас командаларды қатты зертейді. Ол жағынан мықты десем артық емес. Соңғы ойында жеңіске жетуге тырысамыз. Оған өз басым уәде беремін. Біз «Гранаткин мемориалында» топтан шыққан Қазақстанның алғашқы құрамасы болуымыз керек.
Ермұхамед МӘУЛЕН
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 24 | 39-21 | 47 |
2 | Астана | 24 | 39-19 | 46 |
3 | Ақтөбе | 24 | 39-26 | 43 |
4 | Ордабасы | 24 | 36-24 | 42 |
5 | Тобыл | 24 | 33-23 | 39 |
6 | Елімай | 24 | 35-32 | 37 |
7 | Атырау | 24 | 28-20 | 35 |
8 | Қайсар | 24 | 28-29 | 34 |
9 | Қызылжар | 24 | 29-26 | 29 |
10 | Жеңіс | 24 | 18-32 | 24 |
11 | Жетісу | 24 | 17-33 | 23 |
12 | Тұран | 24 | 16-39 | 20 |
13 | Шахтер | 24 | 12-45 | 10 |