Главное Маңызды
21 апр. 2025, 20:30
2738
Главный тренер «Иртыша» Кайрат Нурдаулетов является кандидатом на пост наставника «Актобе» вместо Игоря Леонова, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
21 апр. 2025, 20:29
1063
Сеть фитнес-клубов «F Link», бывшим владельцем которой являлся председатель наблюдательного совета «Кайрата» Кайрат Боранбаев, выставлена на торги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Дядя Ваня».
21 апр. 2025, 20:13
99
Главный тренер «Турана» Виталий Жуковский прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Астаны» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
21 апр. 2025, 16:52
371
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кайсара» (0:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2025, 21:07
650
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Турана» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

«Тобыл» толқынынан тасығалы тұр

30 дек. 2015, 10:49 | 1745
Қостанайлық «Тобыл» екінші алтылықтың чемпионы болғанымен де, бұл команданың жанкүйерлері одан жоғарғы нәтижені күткені рас. Маусым басында армениялық Вардан Минасян келіп, алғашқы алтылық көздеген болатын.

Алайда, чемпионат ортасында команда ойыны жүрмей, жеңілістер сериясы жалғасын тауып, «Тобыл» сәтсіздікке ұшырады. Соңғы жылдары медаль атаулыны көрмей кеткен бұл команда, кезіндегі қарымын қайтара алар емес.

Бірден айта кетйік, қостанайлық команда сапында бүкіл маусымда алаңға қазақ ұлтты жеті футболшы ғана шықты. «Қайсар», «Ордабасы», «Тараз» секілді командаларда негізінен қазақ жігіттері доп тепсе, мұнда барлығы да керісінше. Команда лидері Нұрбол Жұмасқалиев биыл небәрі 19 ойында алаңға шықты. «Тобылдың» символына айналып кеткен Нұрбол да біршама жасқа келді. Командадағы онымен қатарлас, сол шамадағы тәжірибиелі жігіттер 2015 жылы жарытып ойын көрсетпеді. Жастарды да алға сүйрей алмады. Минасян алдырған легионерлер де көзге түсе қоймады. Чехиялық Степан Кучера бес матч ойнаса, армениялық Карлен Мкртчян төрт кездесуде жасыл алаңға шықты. Эстониялық Сергей Мошниковтың да көрсеткіші осындай. Бұл қостанайлық команданың сәтсіз трансферлік саясаты десек болады.

Легионерлерден команда ойынына тікелей қатысы болғандар қатарына ендігі қостанайлық болып кеткен сербиялық Огнен Красичті мақтап етуге тұрады. Қапталдағы ойынымен «Тобылдың» көптеген шабуылына қан жүгіртті. Сербиялық Ненад Шливичтің ортадағы ойынды ұстауға көп септігі тиді.

Ал, кезінде Нигерия құрамасында өнер көрсеткен Уче Калу шабуыл өтінде ауыр қозғалды. Қолы жүрген бір матчта ол хет-триктің авторы атанды. Өз алаңында сол күні «Жетісу» жеңілді. Одан кейін шабуылшы 14-ші турда «Ертіс» қақпасына гол салды. Содан кейін, Ученің орындауындағы голды біз мүлде көрмедік.  

Чемпионатты «Тобыл» өте нашар бастады. Бірінші турда Алматыда олар «Қайратқа» 4:0 есебімен ұтылды. Одан кейін «Жетісумен» тең түсіп, өз алаңында «Оқжетпеске» жеңілді. Алғашқы төрт ойында команда небәрі 2 ғана ұпай алды. «Тобылдың» өз алаңы деп отырғанымыз Зотобольск қаласындағы жасанды алаңы бар стадион. Сол стадионда олар мамыр айының бел ортасына дейін кездесулерін өткізді. Бірде жауған қар, бірде тоқтамаған нөсер – қостанайлық футболшыларға жақсы футбол көрсетуге кедергі келтіріп жүрді. Вардан Минасян орнынан кеткеннен соң команданы одан ары қарай Сергей Масленов жаттықтырып ала кетті. Оның бапкер болып тағайындалысы «Тобыл» тарихында қаншасыншы рет екені белгісіз. Жаңа сырттан келген бапкерді орнынан алып тастасымен Масленов команда тізгінін өз қолына алады. Содан кейін оның кезінде де команда нашарлай бастаған шақта орнына сырттан білікті маман деп, өзге адамды шақырады. Ол маман да шамамен 2-3 ай қызмет еткеннен соң орнын осы Масленовке тастап кетеді.

Келер маусымда команданы Дмитрий Огай жаттықтырады. Бұл маман кезінде қостанайлық команданы үшпаққа шығарған еді. Интертото кубогын да жеңген болатын. Ел чемпионатында «Ақтөбе» мен «Тобыл» арасындағы ойындар үнемі тартысқа толы болып, екеуара чемпиондық тағдырын шешуші еді. Ал, осы күні «Ақтөбенің» көптеген ойыншысы қостанайға ағылып келуде. Өйткені, бұрын Ақтөбеде облыстық спортты басқарған азаматтар енді Қостанайды көтерсек деген ниетпен осында ауысқан. Демек, келер маусымда «Тобылдың» көптеген жағдайы күшейеді деген сөз. Осы күннің өзінде «Тобылға» ауысқысы келіп жүрген футболшылар саны да көп.

Осы демалыс кезінде «Тобыл» мықты ойыншылар алып күшейсе, жаңа бапкермен біршама жетістікке жете алады. Командада ең бастысы қаржылық жағдай тұрақты шешіліп тұрса, аяқдопшылар футболдан өзгеге алаңдамаса, барлығы жақсы болса, «Тобыл» толқынынан тасығалы тұр.

Ермұхамед МӘУЛЕН  

  фотолар "Тобыл" футбол клубының сайтынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 6 15-3 14
2 Астана 5 9-3 11
3 Тобыл 5 6-1 11
4 Ақтөбе 5 10-4 10
5 Елімай 5 8-3 10
6 Тұран 5 8-7 7
7 Оқжетпес 5 5-6 7
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 5 1-2 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Қайсар 5 3-8 3
13 Атырау 6 5-17 3
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх