Главное Маңызды
20 апр. 2025, 12:59
22
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.
20 апр. 2025, 09:24
326
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:46
608
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
440
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 21:43
650
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич подвел итоги матча пятого тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Қазақстан футболының болашағы кімдер?

11 мар. 2017, 22:50 | 2822
Қазақ футболында соңғы 7-8 жылда жалындап шыққан жаңа ойыншыларға басында зор үміт артып, артынан үлкен қысымның астына алған кездер көптеп кездеседі. Ондай қысымға шыдап, сенімді ақтап, Ұлттық құрама дəрежесіне дейін көтерілген ойыншылар бар. Мəселен, дəл қазіргі кездегі ел футболының бет-бейнесі Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Серікжан Мужиков, тағысын тағы. Керісінше, жиырмадан асар-аспас шағында ізім-ғайым жоқ болған ойыншылар да табылар. KazFootball.kz порталы осы тақырыпты тарқатып көрмек.

Ерзат Кенбаев, Сабырхан Ибраев немесе Вячеслав Эрбес - оған айқын дəлел. Ал, бүгінгі "Біздің болашағымыз" деген мəртебеге ие ойыншылар кімдер? Олар артылған жүкті игере алады ма? Жə, бұл - кейінгі күндердің мəселесі. Дəл қазір, ертеңіне сеніммен қарайтын ойыншылардың бестігін құрап көрелік.

Дидар Жалмұқан

"Ақтөбе" футбол клубының тəрбиеленушісі 2014 жылы Премьер-лига ойындарына алғаш қадам басты. Сол маусымда үш ойында бір гол соққан. Ал, келесі жылы, тіпті, негізгі ойыншы атанып, чемпионатта 29 ойынға қатысып, 4 рет допты қарсылас қапасында тулатқан. Былтырғы жылғы статистикасы - 28/4. Одан бөлек, біраз матчта алаңға капитан болып, командасын соңынан ертіп шыққан. Биылдан бастап "Астана" намысын қорғамақ. Дидар қазіргі Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы. Көп күттірмей негізгі құрамадан да көреміз деп сенейік.

Геворг Наджарян

Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Небəрі, 16 жасында ел чемпионатының матчтарына қатыса бастады. Алдыңғы жылы мəскеулкі ЦСКА-да қаралымда болған. Былтырдан бері, "Астананың" ойыншысы. Жастығына қарамастан, Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен тəжірибиесі бар. Соңғы кездері 21 жасқа дейінгі құрамаға шақырту алып жүр. Сөз жоқ, талантты, еңбекқор ойыншы

Оралхан Өміртаев

"Шахтердің" түлегі Премьер-лигда дебюттік кездесуінде алаңға шыққанда əлі 17-ге толмаған еді. Сол 2015 жылы бірнеше рет негізгі құрамда алаңға шыққанымен, былтырғы жылғы маусымда көбіне Екінші лигада өнер көрсетті. Бəлкім, ол жас ойыншыларға қатысты ережеге өзгеріс енгізгенімен түсіндірілетін шығар. Кім біледі, бұл ойыншы да Ұлттық құрама жейдесін жақын арада киіп қалуы мүмкін.

Айдос Орал

Осы тізімдегі үшінші қарағандылық ойыншы. Бұл жігітті биылға дейін қалың жұрт білмеді. Айдосты көпшілікке таныстырған - "Гранаткин Мемориалы". Солтүстік көршілеріміздің елінде өткен турнирде Айдос Орал плей-офф кезеңдерінде капитан міндетін атқарды. Онымен қоймай, жарыстың үздік жартылай қорғаушысы атанды. Кей мəліметтерге сүйенсек, Айдос бұл күндері "Шахтердің" негізгі құрамымен жаттығып жүр. Бұл ойыншыға "жарайсыңды" айтсақ жарасып-ақ кетер.

Еркебұлан Сейдахмет

Тараз - таланттар мекені. Бұған əлдеқашан көзіміз жеткен. Бірақ, тағы дəлелдеген - 17 жасар шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет. Бұл ойыншының да бағын ашқан "Гранаткин Мемориалы" болды. Қаңтар айында өткен доп додасында Еркебұлан "Үздік шабуылшы" номинациясын иемденді. Ол кезде 17-ге де толмаған ойыншы 18 жасар ойыншыларды əбден састырды (жасөспірімдер ойындарында 1-2 жас кəдімгідей маңызға ие). Сол турнирден кейін форвардымыз "Зениттің" қосалқы құрамымен бірге Кипр еліне оқу-жаттығу жиынына аттанды. Ресейліктер Еркебұланның талантына тəнті, атқарған жұмысына риза. Бірақ, олар дəл қазір Сейдахметті қатарларына қоса алмайды. Оған себеп - ФИФА 18 жасқа толмаған ойыншыларға шет елдік клубтармен келісім-шарт жасауға тыйым салған. Сондықтан, Еркебұлан биылғы маусымды "Тараз" сапында өткізуі əбден ықтимал.

Аталған ойыншылар, артылған үмітті ақтаса екен деген асқақ арманымыз бар...

Саламат ДУЛАТ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 5 15-3 13
2 Тобыл 5 6-1 11
3 Ақтөбе 5 10-4 10
4 Астана 4 8-2 10
5 Елімай 4 7-3 7
6 Оқжетпес 5 5-6 7
7 Тұран 4 7-6 6
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 4 1-1 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Атырау 6 5-17 3
13 Қайсар 4 3-8 2
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх