Главное Маңызды
20 апр. 2025, 12:59
71
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.
20 апр. 2025, 09:24
420
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:46
640
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
466
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 21:43
683
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич подвел итоги матча пятого тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

"Оқжетпес" өз шыңына шыға ала ма?

06 мар. 2017, 21:40 | 3139
«Оқжетпес» өткен жылы бесінші орын алды. Биыл да сол межеден түспеуді ойлайды. Облыс әкімі команда алдына үздік үштік қатарында болу деген мақсат қойды. Алайда, барлығы да «Қайрат», «Астана», «Ертіс», «Тобыл» секілді ұжымдармен бәсекелестік жасау қиын болатынын түсінеді. Дегенмен, кім біледі тисе терекке, тимесе бұтаққа деген. Бәлкім команданың ойыны жүріп, әр ойын сайын қоржынға ұпай зулайтын шығар. KazFootball.kz порталы көкшелік ұжым жөнінде ой тарқатады.

Өткен күннен белгі бар...

Команда өткен жылы аяққа тұрып, өз ойынын қалыптастырды. Бет әлпеті түзеліп, бұғанасы қатайды. Тіпті, кейбіреулер «Оқжетпесті» «тики-така» ойнайтын қазақстандық «Барселона» деді. Техникасы мықты, кішігірім денелі ықшам ойыншылар ортаны жаулады. Виталий Волков, Марат Хайруллин, Игорь Юрин, Жақып Қожамберді, Серж Бандо секілді ойыншылар негізгі тіреу болды. Қалғандары сол әдісті әрмен қарай жылжытты. Бұл Владимир Мухановтың қолтаңбасы болатын. Сол 2016 жылғы маусымды тамаша бастаған көкшетаулықтар, соңына қарай тұралап қалды. Төрт ойыншы командадан қуылды (Хайруллин, Кислицын, Чичулин, Бөлешев), екеуі жарақат алды (Богданов, Чижов), біреуі дисквалификацияға ұшырады. Түрлі себептер қордаланып, команда қолда бармен базар болды. Бәрі аяқталып, турнирдегі бесінші орын көңілге медеу болып, команда жаңадан тыныс алуы тиіс еді. Владимир Муханов облыс басшылығымен тамаша тіл табысып, командамен биыл да Еурокубок ойындары үшінгі орынға таласып көрмек.

Қақпа

Қақпашылар үштігі - Саша Стаменкович, Руслан Абжанов және Михаил Голубничий. Негізгі құрамдағы Саша Стаменковичтің орны нық екені белгілі. Абжанов пен Голубничий керек болған жағдайда көмекке келуге дайын. 

Қорғаныс

Команда көбінесе қорғаныс арқылы ойнайды. «Гол жібермесек, ұтылмасымыз анық» деген қағиданы нық ұстанған. Өткен жылдан келе жатқан қорғаушы, украиналық Александр Чижов командадан кетті. Ол жайында жақында ғана белгілі болды. Жанұялық жағдайына байланысты аяқдопшы отанына оралуға мәжбүр. Трансферлік ауысым мерзімі аяқталғанша команда жаңадан легионер қорғаушы іздеуге тырысып көреді. Бұл арада ресейлік Данил Чертов бар екенін де ұмытпайық. Сонымен қатар, Олег Недашковский, Берік Шаихов, Нұрлан Даиров, Александр Марочкин сынды ойыншылар алынды.  

Жартылай қорғаныс

Команданың негізгі діңгегі осы тұс. Муханов бапкер ортадағы ойыншыларды өте қатты талаппен сұрыптайды. Хайруллин кеткенімен оның орнын жоқтатпайтын «еркін суретші» Лукас Хорват бар. Словениялық легионер Әзірбайжан чемпионатында бірнеше жыл тер төккен тәжірибиелі футболшы. Тағы бір легионер жартылай қорғаушы Сергей Политыло. Украина жастар құрамасының ойыншысы болған Политыло соңғы маусымды «Волынь» командасында өткізіпті. Сонымен қатар, қапталдағы ойынды күшейтеді деген мақсатпен ұжымға Тимур Досмағамбетов, Әлібек Аяғанов, Максим Федин, Еркебұлан Нұрғалиев алынды. Былтырғы жылдан командада қалған Джозеф Нейн, Игорь Юрин, Виталий Волков сынды ойыншылар бар. 

Шабуыл

Бөлешев кеткеннен кейін команда шабуыл шебін күшейтуді көздеді. Мәскеулік «Спартак» академиясынан түлеп шыққан Александр Козлов мергендігімен көзге түсіп жүрген футболшы. Талантты ойыншы футбол агенттерінің зардабын көріп, сәтсіздікке ұшыраған. «Тосно», «Факел» секілді ұжымдарда ойнаған ойыншыны Муханов ресейлік таныс бапкерлердің нұсқауымен алып отыр. Козловтың өзі Қазақстанға жасөспірімдер турниріне келіп, «үздік сұрмерген» номинациясын да жеңген. Екінші шабуылшы – болгариялық. Қазір болгариялық бапкерлер былай тұрсын, футболшылар да көбейіп келеді. «Ордабасы» Болгария құрамасының шабуылшысы Йордановты сатып алды. Енді «Оқжетпесте» де болгар шабуылшысы өнер көрсетеді. Ол – Цветан Генков. 33 жастағы ойыншыны кезінде мәскеулік «Динамо» қомақты қаржыға алып еді. Кейіннен польшаның «Висла» Краков командасына жалға берілді. Екі маусымда 17 гол соққан шабуылшы 2014 жылы Түркия біріншілігіндегі «Денизлиспор» командасының негізгі сұрмергеніне айналды. Болгариялық мұнда екі маусымда 16 гол соқты. Болгария ұлттық құрамасында 17 ойын өткізген легионер «Оқжетпесті» өрге сүйреуі тиіс.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Суреттер - "Оқжетпес" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 5 15-3 13
2 Тобыл 5 6-1 11
3 Ақтөбе 5 10-4 10
4 Астана 4 8-2 10
5 Елімай 4 7-3 7
6 Оқжетпес 5 5-6 7
7 Тұран 4 7-6 6
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 4 1-1 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Атырау 6 5-17 3
13 Қайсар 4 3-8 2
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх