Оралда "Наурыз Кубогы" өз мәресіне жетті

Спорттық шараға облыс аудандарынан және «Ақжайық» балалар футболы орталығынан барлығы 8 команда қатысқан болатын. Жарыс қортындысы бойынша үшінші орынды «Ақсай» командасы иеленсе, екінші орынға «Ақжайық-2» командасы табан тіреді. Бас жүлде және «Наурыз Кубогы» «Ақжайық-2007» командасының балғындарына бұйырды.
Сонымен қатар, үздік қақпашы Қайрат Болатов («Ақжайық-2007»), үздік қорғаушы Әмір Жақыпов («Ақсай»), үздік шабуылшы болып Мерлан Ғабдол («Ақжайық-2») таңылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді «Ақжайық» футбол клубының директоры Казиханов Азат марапаттады.
«Ақжайық» футбол орталығының меңгерушісі Кабловтың айтуы бойынша бұндай жарыстар шалғай аудандағы талантты балаларды анықтауға мүмкіндік береді екен. Мысалы: 2016 жылдың қорытындысы бойынша аудандардан көзге түскен 14 балғын футболшы «Ақжайық» футбол орталығына қабылданған. Ал, төрт футболшы Өскемен, Шымкент қалаларында жасақталған футбол академиясына шақырту алып, оқуға қабылданған.
№ | Команда | И | М | О |
---|---|---|---|---|
1 | Қайрат | 6 | 15-3 | 14 |
2 | Астана | 5 | 9-3 | 11 |
3 | Тобыл | 5 | 6-1 | 11 |
4 | Ақтөбе | 5 | 10-4 | 10 |
5 | Елімай | 5 | 8-3 | 10 |
6 | Тұран | 5 | 8-7 | 7 |
7 | Оқжетпес | 5 | 5-6 | 7 |
8 | Қызылжар | 5 | 5-7 | 5 |
9 | Ордабасы | 5 | 2-6 | 5 |
10 | Жеңіс | 5 | 1-2 | 4 |
11 | Жетісу | 5 | 1-5 | 3 |
12 | Қайсар | 5 | 3-8 | 3 |
13 | Атырау | 6 | 5-17 | 3 |
14 | Ұлытау | 5 | 1-7 | 2 |


