Главное Маңызды
20 апр. 2025, 12:59
18
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.
20 апр. 2025, 09:24
326
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:46
607
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
439
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 21:43
649
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич подвел итоги матча пятого тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

"Ақтөбе" алғашқы голын соғуы тиіс

31 мар. 2017, 06:00 | 1746
Сайтымыздың бетінде біріншілік ойындарына шолу жасау қашаннан да түпкі әдетіміз. Түп-тұқиянымен зерттемесек те, төңірегін тегіс қамту мақсат. Үш ойыннан өткізген клубтарымыз құраманың ойындарынан кейін жасыл алаңды қайтадан бетке алмақ. Екі күнге бөлінетін бұл турда "күлкілі" ойындар өтуі мүмкін. Себебі, 1-сәуір күлкі мен алдаудың күні емес пе? Сенсациялық нәтижені естісеңіз бірден сенбеңіз. Ендеше, KazFootball.kz болжамы төмендегідей.

4-тур. 31-наурыз

«Ордабасы» – «Оқжетпес»

Шымкенттік команда өз алаңында ешкімді аямайды. Жастары егде тартса да, футболшылары әлі де қауқарлы. Оның үстіне зеңбіректің оғындай соққысы бар Мардан Төлебек бар. Қорғанысы нашар «Оқжетпес» Қажымұқан Мұңайтпасов стадионында гол жіберетіні анық. Жасыл алаңның сапасы да көкшеліктерге қол болмас. Алаң иелерінің жеңілмейтінін көріп тұрғандаймыз. Біздің болжам осы.  

«Ертіс» – «Ақтөбе»

Чемпионатта гол соқпаған жалғыз команда – «Ақтөбе». Бразилиялық легионерлер Қазақстанның жасыл алаңдарына бой үйретіп болса, осы матчта есеп ашуы тиіс. Ал, «Ертіс» шабуылшылары да оңай емес. Олар ендігі гол соғудың қыр-сырын меңгеріп болғандар. Фофана мен Джедже секілді жігіттерге Фонсеканың қарқынын қоссаңыз, алынбас қамал жоқтай көрінеді. Демек, қай команда жеңерін дәл болжамасақ та, екі команда да гол соғады деген тұжырымға тоқтадық.  

«Қайрат» – «Қайсар»

Алаң иелері турнирдің лидерімен кездескелі тұр. 3 ойында 9 ұпай алып, 100 пайыздық нәтиже көрсетіп келе жатқан қызылордалықтар қазір бабында. Бірақ, «дала қасқырлары» қандай командалармен ойнағанын ескерейікші. Бірінші турда соңғы минутта пенальтиден гол соғып, "Оқжетпестен" жеңісті жұлды. Екінші ойында қиын кезеңде жүрген «Таразды» ұтты. Үшінші турда «Астана-Аренада» осал команда «Шахтерді» жеңді. Енді, чемпиондықтан дәмесі бар алпауыт командамен кездескелі тұр. «Қайраттың» жеңісіне сенімді түрде бәс тігуге болады.

1-сәуір

«Тобыл» – «Тараз»

«Тобылдың» көп ойыншысы ұлттық құрама сапында ойындар өткізіп келді. Алайда, жарақат алған ешкім жоқ, барлығы дін аман. Демек, алаң иелері жеңіске ұмтылады. Алексей Щеткин мен Джордже Деспотович шабуылдаса, «Тараздың» қорғанысы қиын жағдайға түседі. Оның үстіне жамбылдық команданың екі ойыншысы бірнеше матчқа ойыннан шеттетілді. Тек Еркебұлан Сейдахметті команда сапына қосып алғаны болмаса, «Тараз» тезірек бірінші айналым аяқталғанын күтетіндей. Команда бұл ойынға Алматы қаласында дайындалды. Алайда, біз алаң иелерінің жеңісін болжап отырмыз.

«Ақжайық» – «Атырау»

Осы турда алаң иелері көбірек жеңіске жететін секілді. «Атыраудан» «Ақжайықтың» ойын мәнері мықты екені байқалады. Вахид Масудов командасы жай ғана Премьер-лигадағы орынды сақтап қалу үшін таласпайды. Олар алдарына одан да жоғары мақсат қояды. Ал, ол үшін осы ойында жеңіс қажет. Дегенмен, көршілері де қарап қалмас. Тең ойын тіркеліп жатса, таң қалмаймыз.  Букмекерлердің тілімен жазсақ: «Бірінші команда жеңілмейді».

«Шахтер» – «Астана»

Ойын бастапқыда «Астана-Аренада» өтуі керек еді. Алайда, стадионның жасыл төсеніші ауысады екен. Соған байланысты елордалықтар осы ойынды сыртта өткізуді ұйғарды. Теміртаудағы алаңның қандай екенін білесіздер. Әрі, ауа-райы да суықтау. Ойында көп гол көре қоймаймыз-ау. «Астананың» да жеңісі соншалықты айқын емес. Сондықтан, голдар саны 2,5-тен кем болады.  

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 5 15-3 13
2 Тобыл 5 6-1 11
3 Ақтөбе 5 10-4 10
4 Астана 4 8-2 10
5 Елімай 4 7-3 7
6 Оқжетпес 5 5-6 7
7 Тұран 4 7-6 6
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 4 1-1 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Атырау 6 5-17 3
13 Қайсар 4 3-8 2
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх