Главное Маңызды
21 апр. 2025, 20:30
2738
Главный тренер «Иртыша» Кайрат Нурдаулетов является кандидатом на пост наставника «Актобе» вместо Игоря Леонова, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
21 апр. 2025, 20:29
1063
Сеть фитнес-клубов «F Link», бывшим владельцем которой являлся председатель наблюдательного совета «Кайрата» Кайрат Боранбаев, выставлена на торги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Дядя Ваня».
21 апр. 2025, 20:13
99
Главный тренер «Турана» Виталий Жуковский прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Астаны» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
21 апр. 2025, 16:52
371
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кайсара» (0:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2025, 21:07
650
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Турана» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

«Атырау» алатын асулар әлі алда

02 янв. 2015, 17:40 | 1950
Алғашқы алтылық командалары арасында ең көп тең ойын өткізген «Атырау» сексеуілдің томарындай болды. Жарылуы қиын, қызуы ұзақ сақталғыш қасиетке ие. Маусым басынан бері бір қалыпты қарқыннан таймаған Жайық жағасындағы клуб біріншілікті бесінші орында аяқтады. Орташа бюджет пен орта деңгейдегі ойыншылардың көрсеткен ойыны көрермен көңілінен шықты ма? Биылғы маусымда «Атырау» несімен ерекшеленді. Тоқталып көрейік.

Тізгінді қолға алған Владимир Никитенко көмекшісі Коньковпен бірге қолда бар дүниеден команда жасауды мақсат тұтты. Командаға Қазақстан ішінен бір-екі ойыншы алды. Оның бірі Мақсат Байжанов болатын. «Шахтермен» өткізген еурокубок маусымынан кейін ашыла алмаған Мақсатты Никитенко сонау «Қайсарда» жүрген кезінен бері жақсы біледі. Байжанов бапкер сенімін ақтауға кірісіп алғашқы турларда голды қарша боратты. Жеті турда ол төрт гол соғып мергендер көшінде болғанын да айта кетейік. Ортадағы ойынды ұстап, әріптестерін алға жетеледі. Оның 4 голы командаға 8 ұпай әкелді. Чемпионаттағы «Атыраудың» алғашқы голын соққан қызылорда футбол мектебінің түлегі «мұнайшылардың» біріншіліктегі соңғы голын да өзі соқты. Тек біріншілік ортасында жарақат алып қалды.

Никитенко бапкер өзі негізінен қорғаныс арқылы ойын құратын маман. Ол, «Ақтөбені» жаттықтырған шақта да негізгі мақсат гол жібермеу болатын. Сол пәлсапа «Атырауға» да жұқты. Жергілікті жанкүйерлердің айтуынша, «Атыраудың» көптеген ойында тең нәтижеге қол жеткізуі қақпашы Жасұр Нәрзіқұловтың арқасы екен. Иә, шынымен де, Нәрзіқұлов көптеген ойындарда адам сенгісіз сэйвтер жасады. Ал, бұл қақпашы осының алдындағы маусымда «Тараз» қақпасын қорғаған. Сондықтан да, Байжановтан кейін командаға жақсы үйлесе білгендердің қатарына Жасұрды қосуға болады.

Ал, командаға келген легионерлерге тоқталсақ, олардың дені негізінен Украина мен Ресейден келді. Нигериялық Майкл Одибе Никитенко командасына еш кіріге алмады. Қайта-қайта жарақат алып, бас бапкер қойған тапсырмаларды орындай алмай жатты. Шамамен, бұл футболшының «Атыраудағы» спорттық ғұмыры аяқталды дей берсек болғандай. Ресейден келген Антон Григорьев қорғаныстың негізгі тірегі болып кетті. Ресей футболына таныс тұлға маусым барысында 31-ойында алаңға шыққан. Мәскеулік ЦСКА-ның негізгі ойыншысы болған Антон, одан кейінгі жылдары «Кубань», «Алания» командаларында тер төккен. Бұл ойыншы сөзсіз «Атыраудың» трансферлік саясатындағы сәтті жоба саналды. Команда ішінде тағы бір маңызды футболшы бар. Ол да көбінесе қорғанысқа күш салады. Орталық жартылай қорғаушы Ги Стефан Эссаме чемпионатта тек бір ойынға ғана қатыса алмады. Бұл статистиканың өзі біршама жәйтты аңғартып тұр. «Профессор» (футболшының лақап аты) әріптесі Абдулай Диакате екеуі ортадағы ойынды тамаша жүргізе білді. Осы екі ойыншының пастарынан көптеген голдар салынды. Эссаменің келер маусымда командада қалуы қиындау болып тұрғандығын да айта кетейік. Ги Стефан өзіне жаңа команда қарастырып жатқан секілді. Ал, чемпионат ойындарының барлығына қатысқан украиналық шабуылшы Владимир Аржанов бес гол соғып, команда ішінде сұрмерген атанды.

Өткен маусымда 14-гол соққан сербиялық шабуылшы Милош Трифунович биыл білгенінен жаңылды. Көптеген сәттерде анық голдарды сала алмай, футболшы өзіне деген спорттық талапты түсіртіп алды. Соның кесірінен, Никитенко бұл футболшыны алғашқы айналым аяқталмай жатып, отанына қайтарды. Сонымен бірге, жылдам қимылдайтын жас футболшы Айбар Нұрыбеков те командадан кетуге мәжбүр болды. Ол қарағандылық «Шахтерге» ауысты. Бапкермен дәм тұзы жараспаған Нұрыбеков Атырау футбол мектебінің түлегі еді. Никитенко бар шақта оған командаға қайта оралу қиын болмақ. Өйткені, бас бапкер өзінің тактикалық сызба-нұсқасына сыймайтын ойыншыларды командадан алыс ұстағанды ұнатады.

Команданың бір артықшылығы жергілікті билік өкілдері клубқа бей-жай қарамайды. Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан «Атырау» командасының президенті болып табылады. Сондықтан да, команда қыржылық қиындықтарға тап болып, өзге командалардағыдай 2-3 ай жалақы алмай қалған кездер мүлде болған жоқ деп айта алмыз. Команданың биыл алғашқы алтылықта болып, медаль үшін таласқанын мақсатты орындады деп бағалауға болатын шығар. Себебі, біріншілік барысында естеріңізде болса «Атырау» біршама уақыт бойы алғашқы үштіктің қатарында болды.  

Енді келер маусымға «Атырау» тыңғылықты дайындалып, Иван Иванович (Черногория), Руслан Фомин (Украина) секілді легионерлерден айырылып, олардың орнына допты түзу тебетін жігіттерді алса, «Атырау» үшін алынбайтын қамал болмас.

Ермұхамед МӘУЛЕН   

суреттер  "Атырау" ФК, vesti.kz  сайттарынан алынды

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 6 15-3 14
2 Астана 5 9-3 11
3 Тобыл 5 6-1 11
4 Ақтөбе 5 10-4 10
5 Елімай 5 8-3 10
6 Тұран 5 8-7 7
7 Оқжетпес 5 5-6 7
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 5 1-2 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Қайсар 5 3-8 3
13 Атырау 6 5-17 3
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх