Главное Маңызды
18 апр. 2025, 10:10
150
KazFootball.kz предлагает вашему вниманию бомбардиров Кубка Казахстана после 1/8 финала.
18 апр. 2025, 09:04
202
Главный тренер «Атырау» Константин Горовенко прокомментировал перенесенный матч четвертого тура Премьер-лиги против «Кайрата» (0:4) и ответил на вопросы журналистов, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
17 апр. 2025, 18:04
564
Исполняющий обязанности главного тренера сборной Казахстана Али Алиев официально возглавил национальную команду, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Tengri Sport.
17 апр. 2025, 15:45
395
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал перенесенный матч четвертого тура Премьер-лиги против «Атырау» (4:0) и ответил на вопросы журналистов, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
16 апр. 2025, 18:10
2902
KazFootball.kz представляет Вашему вниманию итоги матчей второго тура Второй лиги.

Сергей Павлов: "Стадионға жиналған халық — біздің жұмысымыздың негізгі көрсеткіші"

15 июн. 2017, 20:58 | 2077
"Атырау" футбол клубының бас бапкері Сергей Павлов команданың қазіргі жағдайы туралы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

— Сергей Александрович, Премьер-лига бапкерлері Сізді мамыр айының үздігі деп таныпты. Бұл Жүлде Сіз үшін нені білдіреді?

— Ең алдымен, айтқым келетіні, бұл жүлде жалғыз маған емес, тұтас бапкерлік штабына және алаңға шығатын ойыншыларға бағытталған дер едім. Біздің ойластырып жүрген жоспарларымызды жігіттер еңбектеніп, алаңда рахаттана жүзеге асырды деп ойлаймын. Мұнымыздан бір нәрсе шыққандай болды. Бірақ, әрине, біз бұдан да жақсы деңгейге жете аламыз.

— Шынында, айналдырған бір айдың ішінде команданы ненің арқасында соңғы орыннан жетінші позицияға көтере алдыңыз?

— Әлбетте, бірінші кезекте, ұпай жинаудың арқасында жоғарыладық. Алайда, бәрінен бұрын, команданың өзі де жеңіске жетуді қалады. Тағы да атап өтейін, біздің ойымыздағы идеяларымызды ойыншылар оң қабылдап, іске асыруға ұмтылды. Бірақ, әлі де қаншама жұмыс күтіп тұрғанын білеміз. Ең бастысы, біздің жұмыс істеуге деген ынтамыз орасан. Жанкүйерлерімізді көбейту жолында еңбек ете бермекпіз. Ол үшін агрессиялы, креативті, әрі әдемі футбол көрсетуге тырысамыз. Стадионға жиналған халық — біздің жұмысымыздың негізгі көрсеткіші.

— Шымкенттегі оқу-жаттығу жиындары қалай өтті? Команданы қандай ойыншылармен күшейтесіз?

— Бес күндік қысқа үзілісті пайдаланып, Шымкентте тым жақсы толыққанды жиындарды өткізіп алдық. Одан бөлек, чемпионат пен кубоктегі ойындарға да дайындалып, біраз тер төктік. Ал, құрамның өзгеруіне келетін болсақ, сірә, қазіргі таңда әр клуб осы мәселемен айналысып жатқан болар. Соған сәйкес, бұл бізде де орын алар. Бірақ әзірше бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Себебі біреу-міреудің атын атап, кейін олай болмай қалса, белгілі бір қиындықтар болады. Сол себепті әзірге ештеңе айта алмаймын.

"Атырау" ФК

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 5 15-3 13
2 Ақтөбе 4 10-2 10
3 Астана 4 8-2 10
4 Тобыл 4 4-1 8
5 Елімай 4 7-3 7
6 Тұран 4 7-6 6
7 Жеңіс 4 1-1 4
8 Оқжетпес 4 4-6 4
9 Жетісу 4 1-4 3
10 Атырау 5 4-15 3
11 Қызылжар 4 3-6 2
12 Қайсар 4 3-8 2
13 Ордабасы 4 1-6 2
14 Ұлытау 4 1-6 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх