Главное Маңызды
21 апр. 2025, 19:00
2080
Главный тренер «Иртыша» Кайрат Нурдаулетов является кандидатом на пост наставника «Актобе» вместо Игоря Леонова, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
21 апр. 2025, 18:30
509
Сеть фитнес-клубов «F Link», бывшим владельцем которой являлся председатель наблюдательного совета «Кайрата» Кайрат Боранбаев, выставлена на торги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Дядя Ваня».
21 апр. 2025, 16:52
198
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кайсара» (0:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2025, 21:07
593
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Турана» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2025, 12:59
684
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.

Клубтарымыз кәрі құрлықты жаулай бастады

08 янв. 2016, 18:55 | 1654
Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы ойындары әрқашан қазақ жанкүйерлерінің назарында. Ішкі турнирлерде әр аймақтың жанкүйерлері өз командаларына қолдау көрсетіп жатса, еурокубоктық бәсекелерде отанымыз атынан жарысқа түскен ұжымдарға күллі Қазақстан болып жанашырлық танытамыз. Ал, биылғы маусымдағы клубтарымыздың өнері таңқаларлықтай болып, тарихымызда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өттік. Әңгімені Еуропа Лигасынан бастасақ.

Бұл жарыстың алғашқы айналымында Қазақстан намысын «Ордабасы», «Қайрат», «Ақтөбе» қорғады. Шымкенттік команда бірінші айналымда израильдің «Бейтар» деген командасына қарсылас атанып, алғашқы ойынды өз алаңында өткізді. 38 градус ыстықта өткен ойында қарсыластар гол соға алмады. Ал, сырттағы матчта отандастарымыз 2:1 есебімен жеңілді. Виктор Кумыков командасынан жалғыз допты Кирилл Петров салды.

«Қайратқа» жеребе кезінде ең мықты қарсылас түсті. Атақты Сербияның командасы «Црвена Звезда» алматылықтар үшін алынбас қамалдай көрінген. Алайда, алғашқы матчта қазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жетті. Белградтықтардың бір ойыншысы қызыл қағаз алып, алаңнан қуылғанын да ескере кеткеніміз жөн. Алматыдағы ойында қонақтар тек бір гол соғуға ғана шамасы жетті. 4:1 жалпы есебімен «Қайрат» келесі кезеңге өтті.

Үшінші командамыз «Ақтөбе» сенімді ақтамады. Владимир Газзаев командасы эстонияның «Нымме Калью» командасына қос ойында да гол соға алмады. Өз алаңында 1 доп соққан эстониялық ұжым келесі айналымға жолдама алды. Қазақстандық жанкүйерлер әрине де «Ақтөбеден» көп үміт күткені анық. Мұндай сәтсіздіктен кейін команда ресейлік маман Газзаевты қызметінен босатты.

Екінші айналымға өткен «Қайрат» арменияның «Алашкерт» командасына қарсылас атанды. Өз алаңында Исламхан, Гоу, Деспотовичтердің соққан голдарының арқасында 3:0 есебімен жеңіске жеткен алматылықтар, қонақта өздерін емін-еркін сезінді. Армениядағы ойында 2:1 есебімен жеңіліс тапса да, «Қайрат» келесі кезеңге шықты. Онда Владимир Вайсс шәкірттері шотландияның «Абердин» атты командасымен күш сынасты. Өз алаңымызда 2:1 жеңіске жетіп, сыртта тең түстік. Бұл ойындарда Бауыржан Исламхан мен Жерар Гоудың соққан голдары маңызды рөл ойнады. Плей-офф раундына жеткен алматылық команда францияның атақты «Бордосымен» тіресті. Сырттағы ойында 1:0 жеңілген жерлестеріміз, «Орталық» стадионда 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Бордоның» сыртта соққан жалқы добы «Қайратты» жарыстан шығарып жіберді. Десе де, алматылық команда жанкүйер көңілінен шығатындай өнер көрсетіп, келер маусымға қажет тәжірибие жинады.

Еурокубокта Қазақстан атын көкке шығарған ол - елордалық «Астана». Чемпиондар лигасының екінші айналымында словенияның «Мариборын» қос ойын қорытындысы бойынша айналып өтті. Сыртта 1:0 жеңілгенімен, өз алаңында 3:1 қылды. Үшінші кезеңде Финляндия чемпионы ХИК-ті адам сенгісіз тартыста жеңіп, кем дегенде Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтіп тұрды. Скандинавия түбегінде 0:0 тең түсіп, өз алаңында 4:3 есебімен жеңіске жетті. Ойынның соңғы секундтарында Евгений Постников гол соғып, «Астана-Арена» стадионын шаттықа бөледі. Соңғы плей-офф кезеңінде елордалық ұжым кипрдің АПОЭЛ клубымен кім мықтыны анықтады. Өз алаңымыздағы ойында Джолчиевтің жалғыз голы жеңіс сыйласа, сырттағы матчта Максимович есепті теңестірді.

Топтық кезеңде «Астана» өз алаңында «Галатасарай», «Атлетико», «Бенфика» секілді командалармен тең түсті. Соңғы ойында «Түрк Телеком Аренада» отандастарымыз 1:1 тең ойнап, топта соңғы орында қалып кетті. Әйтпегенде Еуропа лигасының плей-офф сатысына жолдама алып кетуге де болар еді.

2015 жылғы еурокубок маусымы Қазақстан үшін жемісті жыл болды десек, артық емес. Өйткені Қазақстандық клубтар УЕФА коэффициенттер рейтингісінде 54 елдің ішінде 28-ші орынға көтерілді. Енді біз 2016 жылы да ел клубтары мерейімізді үстем етеді дегенге сенеміз.  

Ермұхамед МӘУЛЕН

суреттер vk.com, vesti.kz, sports.kz сайттарынан алынды

 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 6 15-3 14
2 Астана 5 9-3 11
3 Тобыл 5 6-1 11
4 Ақтөбе 5 10-4 10
5 Елімай 5 8-3 10
6 Тұран 5 8-7 7
7 Оқжетпес 5 5-6 7
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 5 1-2 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Қайсар 5 3-8 3
13 Атырау 6 5-17 3
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх