Главное Маңызды
21 апр. 2025, 12:49
500
Главный тренер «Иртыша» Кайрат Нурдаулетов является кандидатом на пост наставника «Актобе» вместо Игоря Леонова, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
20 апр. 2025, 21:07
488
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Турана» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2025, 12:59
607
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.
20 апр. 2025, 09:24
1196
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:46
1238
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Грузиндер шайқасында итжығыс

16 июл. 2016, 10:00 | 1976
Алматының «Қайраты» Еуропа лигасының екінші електік сынында өз алаңында Тель-Авивтің «Маккаби» клубын қабылдап, итжығыс түсті, деп жазады Kazfootball.kz порталының тілшісі.

Алматының Орталық стадионында өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Матчтағы есепті кездесудің 29-шы минутында Андрей Аршавин ашса, 92-ші минутта израильдің ең танымал футболшыларының бірі – Йосси Бенаюн есепті теңестіріп кетті. Ойынның өту барысы туралы көптеген мәліметтер осы уақытқа дейін де жазылып үлгерді. Одан бөлек, теледидар арқылы жанкүйерлер ойынды тамашалады. Сол үшін де біз бұл материалда ойын барысында болған басқа да жағдайлар туралы жазсақ деп шештік.

Нөсер жауын «Қайратқа» кедергі болды

Еуропа лигасы аясындағы «Қайрат» пен «Маккаби» арасындағы кездесудің әдемі өтуіне шынында нөсер жауын біршама кедергі болды. Ойын болатын күні таңертең күн бұлтты болған. Соған қарап көптеген жанкүйерлер жауын түс ауа жауып, өтіп кетеді деп топшалаған еді. Әйткенмен, бәрі керісінше болды. Кешке дейін бұлттанып тұрған күн, бар қаһарын тура ойын басталар алдында көрсетті. Алдымен себелеп жауып, кейін шелектеп құйды. Міне, осы жағдай «Қайрат» сапындағы техникасы толыққан Исаэль мен Аршавиннің көсіліп ойнауына мүмкіндік бермеді. Орталық стадионның көгалы еліміздегі ең сапалы алаң екеніне ешкім шүбә келтірмейді. Бірақ, осы алаңның өзі нөсерлеп жауған жауыннан кейін шұқыры көп баққа айналып кетті. Жаратқанның қалауы ғой. Бірақ, егер жауын жаумағанда, сіз бен біз екі команданың орындауындағы мүлде басқа ойынды көретін едік.

Плотниковтың қыралығы «Қайратқа» жеңіс сыйлай алмады

Бұл ойынның қаһарманы кім десе, ойланбастан «Қайрат» қақпашысы Владимир Плотников деп айтсақ болады. Бойшаң бағана күзетшісі клубын бір емес, бірнеше мәрте қауіпті шабуылдан құтқарды. Қақпашы бірінші таймда қонақтардың нигериялық шабуылшысы Носа Игиебораның баспен соққан қос добын қайтарды. Одан кейін Таль Бен-Хаим мен Авраам Рикан тепкен доптарды тосты. Сосын бос қақпаға шығып бара жатқан Игиебора аяғында тұрған допты жұлып алып, жанкүйерлердің қошеметіне бөленді. Дегенмен, бұл ойында Плотников өз қақпасын аман сақтап қала алмады. Ойынның аяқталуына екі минут қалғанда Йосси Бенаюн Владимир қақпасынан саңылау тауып кетті. Десек те, бұл жерде қақпашыны қатты кінәлауға болмайды. Себебі, бұл жерде айыпты шабуылшыны мықтап ұстай алмаған қорғаушыларға тағуға болатын секілді. Нақтырақ айтқанда Ермек Қаунтаевқа. 

Сүйімбаев пен Аршавин түсінісе алмады

Командаға келген Гафуржан Сүйімбаев жаңа ұжымына әлі дұрыс үйренісе алмаған секілді. «Ордабасы» сапында Мардан Төлебекпен керемет түсінісетін қорғаушы, бұл ойында Андрей Аршавинмен дұрыс түсінісе алмады. Бұған дейінгі «Қайраттың» ойындарында Тесак пен Аршавин бір-бірін ыммен түсінетінін көрген едік. Бүгінгі ойында Аршавин де ашыла алмады. Сүйімбаев та жанкүйерлерін сүйсіндіре алмады. Сондықтан, «Қайраттың» сол қапталындағы шабуылы әлсіздеу болды. Айтпақшы, гол кіретін кезде пас Сүйімбаевтың позициясынан өтсе, қателікті Ермек Қуантаев жасады. Алдағы ойынға бұл екі ойыншы бір-бірінің тілін таппаса, тағы да опық жеп қалуымыз әбден мүмкін.

«Қайраттың» қорғаушылары көп қателесті

Негізі биылғы маусымның басынан бастап «Қайраттың» ең әлсіз тұсы – қорғаныс еді. Кеше бұған көз жеткіздік. Осы мәселені шешу үшін команда испандық қорғаушыны алып еді. Алайда, Арсо кешегі ойынға дайын болмады ма, әлде бапкер жоспарына кірмеді ме, әйтеуір қосалқы құрамда қалды. Ал, орталық қорғаушы қызметін Жарко Маркович пен Стаислав Лунин атқарды. Соңғысына Анатолий Тимощук жиі көмектесіп тұрды. Қос қапталда Ермек Қуантаев пен Гафуржан Сүйімбаев ойнады. Тимощук төмен түскен сәтте Лунин де шабуылға шығып тұрды. Осылайша, Кахабер Цхададзе оң қапталға күш артып, қарсылас қамалын аламын деп еді. Қонақтар оны тез біліп алды. Сөйтіп Шота Арваладзе өз командасының сол қапталына тағы бір футболшыны жіберіп қойды. Гол соғылар кездегі әдемі пасты Марковичтің бергені белгілі. Бірақ, осы жағдайдан кейін «Қайрат» қорғаушыларын мақтайтын кез таппай отырмыз. Өйткені, пас беру кезінде де, қарсыласты күтіп алуда да көп қателесті. Абырой болғанда қорғанысқа икемделген Тимощук допты көп сәтте өзіне алып, бірінші пас украиналық ойыншыдан шығып жатты.

Тавамбадан түк пайда жоқ

Камерун футболшысы Гаэль Тавамбаны Алматылық ұжым не үшін алғаны әлі күнге дейін түсініксіз. Шыны керек, түк пайдасы жоқ шабуылшы. Ылғи да Гоудың көлеңкесінде қалып қояды. Бүгін алаңға шықпайтын ба еді. Бірақ, Жерар жарақат алып қалды. Алаңда жүрген 15 минуттың ішінде Тавамба бір пайдалы ісімен көзге түскен жоқ. Ішкі біріншілікте де бұл жігіттің жайы сондай. Трансферлік нарық кезінде Тесактың орнына осы футболшыны сату керек пе еді деген ой бар бізде. Өйткені, Тавамба секілді ортаңқол шабуылшылар Қазақстанда да толып жатыр. Кез-келгені Жерар Гоуды 10-15 минутқа алмастыруға дайын. Ал, Сүйімбаев пен Тесак бір-біріне жақсы бәсекелес болатын еді. Болмаса, Тавамбаның орнына шет елден ойыншы алған дұрысырақ сияқты.

Исламхан неге қуылды?

Расында, Бауыржан неге қуылды? Гафуржан Сүйімбаев гол соққан сәтте, шынымен Батори қарсыласты қолмен ұрған екен. Оны бейнетаспадан көруге болады. Бұл қателікті жамбыл футбол мектебі түлегінің жастығынан деп топшалайық. Енді капитансыз қарымта ойын қиын болайын деп тұр. Оның орнын басатын, орталық алаңда ойқастайтын ешкім жоқ. Дегенмен, Цхададзеде бір жол бар. Келер ойында ол Аршавинді оңға, Асеведоны сол қапталға қойып, Исаэльді ортада ойнайтуы мүмкін.

Төрешілердің жұмысы көңілден шықпады

«Қайрат» пен «Маккаби» арасындағы ойынға қазылық еткен Антти Мунуккаға айтар уәжіміз көп. Қонақтар ойын ережесін бұзған сәттерді елеусіз қалдырып жатты. Мысалы, Анатолий Тимощукке қарсы ойын ережесі бұзылғанда «Маккаби» ойыншысы кемінде сары қағаз алуы керек еді. Дегенмен, бұл жерде қара қылды қақ жаратын қазы көзін жұмып қалды. Теріп отырсақ, мұндай жағдайлар ойында көп болды. Ол кезде төреші «Маккаби» ойыншыларының пайдасына шешім шығарып отырды.

Грузиндер шайқасында итжығыс

Бұл ойынды Қазақстан мен Израиль жанкүйерлерінен бөлек, Грузия жанкүйерлері де асыға күтті. Неге екені түсінікті де шығар. Екі мықты грузин бапкерлері – Кахабер Цхададзе мен Шота Арвеладзе арасындағы бәсеке. Әзірше бұл шайқаста итжығыс. Бірақ, жекпе-жектің бірінші раунды ғана аяқталды. Енді Израильде екінші раунд болады. Біз ол ойынды асыға күтеміз. «Қайрат» жолына сеніммен қараймыз...  

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 6 15-3 14
2 Астана 5 9-3 11
3 Тобыл 5 6-1 11
4 Ақтөбе 5 10-4 10
5 Елімай 5 8-3 10
6 Тұран 5 8-7 7
7 Оқжетпес 5 5-6 7
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 5 1-2 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Қайсар 5 3-8 3
13 Атырау 6 5-17 3
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх