Главное Маңызды
19 апр. 2025, 22:46
95
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
100
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 21:43
110
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич подвел итоги матча пятого тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 19:57
334
Главный тренер «Жетысу» Самат Смаков прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 19:51
293
Главный тренер «Атырау» Константин Горовенко прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Кумыков "Ақжайыққа" көмектесе алады ма?

18 июл. 2016, 23:00 | 2102
Оралдық "Ақжайық" футбол клубының басшылары бүгінде бос тұрған бас бапкерлік орынға ресейлік маман Виктор Кумыковты тағайындады, деп жазады Kazfootball.kz порталы.

Бұл әрине «Ақжайық» жанкүйерлері үшін ақжолтай хабар. Себебі, Виктор Кумыковтың білікті бапкер екеніне бәріміз куәміз. Ел біріншілігінің 21-ші турынан кейін Оралдың намысын қорғайтын ұжымның жағдайы оңбай тұрғаны баршаға мәлім. Ресейлік маман келгенімен «Ақжайықтың» көсегесі көгереді ме? Осы сауалды енді қарастырып көрсек.

«Ақжайықты» биылғы маусымға негізі Талғат Байсуфинов дайындап, екінші айналымның бел ортасына дейін жаттықтырып келген болатын. Дәл осы бапкер клубты Бірінші лигадан да алып шыққан. Әткенмен де, клубтың биылғы маусым барысында бюджеті аз болып, бапкер өзі қалаған ойыншыларды командаға шақыра алмаған еді. Содан соң, бапкер «қолда барға қанағат» деп жергілікті футболшылар мен шет елдік орташа деңгейлі футболшылармен өнер көрсетіп келді.

Ал, өткен айда Талғат Маруанұлы өз еркімен қызметінен кететіні туралы мәлімдеді. Кейін ресми түрде футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының тізгінің ұстады.

Осындай жағдайларға байланысты «Ақжайық» бас бапкерсіз қалды. Клуб жетекшілері Талғат Байсуфиновтың қызметінен кеткенінен кейін тағы бір отандық маман Владимир Никитенкомен сөйлесіп көрген. Алайда, келіссөздер тығырыққа тіреліп қалыпты. Сөйтіп, клубтың бас бапкері қызметін қазіргі уақытқа дейін Артур Авакянц атқарып келді. Дегенмен де, Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының ресми сайтында клубтың бас бапкері болып әлі де Талғат Маруанұлы Байсуфинов тіркеліп тұр.

«Кумыковпен келіссөздер жүріп жатыр, бас бапкерлікке тағайындалады», - деген жаңалық бүгін «Ақжайық» жанкүйерлерін бір жігерлендіріп тастады. Ресейлік маманның «Шахтермен» бірге тұңғыш рет қазақстандық клубтар арасында Еуропа лигасының топтық кезеңіне шыққаны жанкүйерлер жадында жақсы сақталып тұр. Одан бөлек, бұл маман «Есіл», «Елімай, «Қайсар» және «Ордабасы» секілді командалардың бас бапкері қызметін атқарған. Ұлттық құрамамызды Юрий Красножан жаттықтырып тұрған кезде Виктор Балютович оның көмекшісі де болған.

53 жастағы маманға «Ақжайықты» Премьер-лигада алып қалу мақсаты қойылған екен. Бұл әрине қиын тапсырма екені айтпаса да түсінікті шығар. Бірақ, бүгінде «Ақжайыққа» көмектесетін бірден бір маман болса, ол – Виктор Кумыков.

Ресейлік маман жергілікті жас футболшылармен жақсы жұмыс істей алады. Оны Қарағандыда дәлелдеді. Әрбір футболшының мықты тұсын біледі. Басты назарды қорғанысқа аударады. Оны Қазақстан құрамасының қорғанысын қойып бергенде көргенбіз. Мықты мотиватор. Жалпы, бір ауызбен айтқанда, командасын бір мақсатқа біріктіре алады.

Ел біріншілігінің екінші айналымының аяқталуына бір ғана тур қалды. Ал, «Ақжайық» болса турнир кестесінің түбінде. Еншісінде бар болғаны 11 ғана ұпай. Футболшылардың психологиялық жағдайы да нашар. Клуб соңғы мәрте ұпайды 15-ші турда алыпты (Ақжайық – Тараз 2:1). Содан кейінгі алты ойында жеңілістен көз ашпай келеді.

Математикалық есеп бойынша, «Ақжайық» әлі де болса Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуы мүмкін. Соңынан санағанда екінші орында келе жатқан «Шахтер» жеті ұпай озып кеткен. Бұл мақсатты орындау үшін қалған ойындарда клубқа ұпайдан шашау шығармау керек. Сол ұпайды күреп алу үшін Кумыков мырзаның көмегі зор болады дегенге сенгіміз келеді.

Уалихан ҚОСАНБАЙ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 5 15-3 13
2 Тобыл 5 6-1 11
3 Ақтөбе 5 10-4 10
4 Астана 4 8-2 10
5 Елімай 4 7-3 7
6 Оқжетпес 5 5-6 7
7 Тұран 4 7-6 6
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 4 1-1 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Атырау 6 5-17 3
13 Қайсар 4 3-8 2
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх