Главное Маңызды
19 апр. 2025, 22:46
92
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
99
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 21:43
110
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич подвел итоги матча пятого тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 19:57
334
Главный тренер «Жетысу» Самат Смаков прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Ордабасы» (0:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 19:51
291
Главный тренер «Атырау» Константин Горовенко прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кызылжара» (1:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Ұлттық құрама бапкері қашан белгілі болады?

01 февр. 2016, 13:17 | 2717
Қазақстан футбол федерациясының басшысы Ерлан Қожағапанов қаңтар айының ортасында: «Ай соңына дейін бас бапкер белгілі болады», - деген болатын. Бірақ, бүгін ақпан айы да басталды. Ұлттық құраманың бас бапкері әлі де тағайындалмады, деп жазады Kazfootball.kz порталы.

Ұлттық құраманың бас бапкері қашан белгілі болады? Бүгінде футбол жанкүйерлерінің басты сауалы осы. Бірақ, бас бапкердің есімі қашан белгілі болатынын федерация президенті Ерлан Тоқтарханұлынан басқа ешкім білмейтін секілді.

Қаңтар айының ортасында ҚФФ-ның ресми сайты «Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерін дауыс беру арқылы таңдау» сәтсіз аяқталды деп, сауалнаманы тоқтатты. Сөйтіп федерацияның сайты қаңтар айының соңына дейін бас бапкер белгілі болады деп хабар таратты.

Бүгін ақпан айының бірінші жұлдызы. Ал, көпшілік әлі да бас бапкердің кім екенін білмейді. Біз бұл сауалды федерация қызметкерлеріне қойып та көрдік. Бірақ, ол жақта да құрама тізгінін кім ұстайтынын және қашан тағайындалатынын дөп басып айта алмайды.

Соған қарағанда бұл өте құпия өтіп жатқан операция секілді. Бұл шаруамен Ерлан Қожағапановтың жеке өзі айналысып жатыр. Сондай-ақ Kazfootball.kz порталының тілшісіне белгілі болғандай, аталған шаруаны шешуге федерация басшысына ресейлік Дмитрий Васильев («Ақтөбе» клубының бас директоры – ред) көмектесіп жатқан көрінеді.

Федерация басшысының ұлттық құрама бапкерін ресейлік маманмен шешу – бөлек әңгіме. Қазір бізге құраманың бас бапкері маңызды болып тұр. Жұртшылықты алдап, адам абырой таппайтыны белгілі. Сонымен, Ерлан Тоқтарханұлы, ұлттық құраманың бас бапкері қашан белгілі болады?

P.S. Біздің білуімізше, қазір федерация басшысы ұлттық құраманың тізгінін ұстайтын бапкермен соңғы келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Өйткені, қаңтар айының аяғы сенбі және жексенбі күндеріне тура келіп, келіссөздер тоқтап қалған. Шамамен бір-екі күнде бас бапкердің есімі белгілі болу керек.

Сурет: sports.kz

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 5 15-3 13
2 Тобыл 5 6-1 11
3 Ақтөбе 5 10-4 10
4 Астана 4 8-2 10
5 Елімай 4 7-3 7
6 Оқжетпес 5 5-6 7
7 Тұран 4 7-6 6
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 4 1-1 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Атырау 6 5-17 3
13 Қайсар 4 3-8 2
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх