Главное Маңызды
20 апр. 2025, 21:07
342
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Турана» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2025, 12:59
507
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.
20 апр. 2025, 09:24
1097
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:46
1066
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
754
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Қазақстан Кубогы. Мокинның ерлігі, Қуаттың жеңісті голы

22 сент. 2016, 14:00 | 1710
Қазақстан Кубогының жартылай финалының алғашқы ойындары аяқталып, «Астана» мен «Қайрат» жеңіс тойын тойлады. Былтыр финалда кезігіп, алтынға таласқан қос ұжым биыл ақтық сында жолығуға бір табан жақын.

Жартылай финалдың алғашқы ойыны чемпионаттағы бірінші және төртінші командалар арасында болып өтті. Чемпионатта көш бастап тұрған «Астана» «Ертіске» қонаққа барып, жеңіске жетті. Станимир Стойлов командасын алдағы бір аптада үш ойын күтіп тұрғандықтан, Павлодарға негізгі құрам түгелдей дерлік барған жоқ. Тек, команда капитаны Таңат Нөсербаев, Азат Нұрғалиев, Асхат Тағыберген, Игорь Шитов, Сергей Малый секілді футболшылар ғана алаңға шықты. Қақпаны Александр Мокин күзетті. Ал, Димитар Димитров болса бүкіл мықтысын алаңға шығарған еді.

Матчтағы алғашқы гол жиырма үшінші минутта соғылған еді. Сергей Малый өз жарты алаңынан қарсылас айып алаңындағы Асхат Тағыбергенді паспен дәл тапты. Ал, негізгі құрамға бірде ілігіп, бірде ойын барысында алаңға шығып жүрген Асхат Георгас Фредгеймасты алдап өтіп, Антон Цириннің қақпасынан саңылау тапты.

Алаң иелерінің жауапты голы көп күттіре қойған жоқ. Астана қорғаушыларының бей-жайлығын «Ертістің» сұрмергені Роман Мұртазаев дер кезінде пайдаланып, есепті теңестіріп кетті. Алайда, араға бес минут салып-ақ Азат Нұрғалиев сол қапталдан сытылып өтіп Таңат Нөсербаевқа пас асырған еді. Команда капитаны көп ойланбастан қақпаның ашық қалған бұрышын дәл көздеп, «Астананы» есепте алға шығарды.

Таблодағы минимальды есеп ойынның аяғына дейін сақталып тұрды. Матчтың тоқсан төртінші минутында "Астана" ойыншысы өз айып алаңында Елдос Ахметовқа қарсы тәртіп бұзған еді. Төреші пенальти белгіледі. Алайда, пенальтиді Игнасио Эррера емес, Бай Джиби Фаль орындап, нүктеден мүлт кетті. Александр Мокин сенегалдық легионердің соққы бағыттаған бұрышын дәл тауып, допты бұрыштамаға жіберіп, "Ертістің" жеңілісті сериясының жалғасуына өз үлесін қосты.  

Қазақстан Кубогы. Жартылай финал. Алғашқы ойын.

"Ертіс" - "Астана" - 1:2 (1:2)

Голдар:  Тағыберген 23 (0:1), Мұртазаев 33 (1:1), Нөсербаев 37 (1:2)

Салынбаған пенальти: Фаль 90+4

Ескертулер: Нөсербаев 71, Нұрғалиев 89, Зайнетдинов 90+3

"Ертіс": Цирин, Йирсак (к), Фонсека, Фрейдгеймас (Фаль 83), Керла, Фернандес, Гетериев, Ахметов, Аяғанов (Сартаков 46), Мұртазаев, Ли (Григалашвили 46)

Қосалқы құрам: Капанов, Алиев, Есімов, Даутов, Попов, Назаров

"Астана": Мокин, Шитов (Жақыпбаев 46), Күлбеков, Нұрғалиев, Наджарян, Нөсербаев (к), Тағыберген (Сәулет 58), Малый (Зайнетдинов 46), Қалабаев, Алиев, Жүнісов

Қосалқы құрам: Дүйсен, Пронь

Төрешілер: Чесноков (Өскемен), Гусев (Көкшетау), Орынбаев (Шымкент)

21 қыркүйек. Павлодар қаласы. "Орталық" стадион. 5 500 көрермен.

Жартылай финалдың екінші ойынында "Қайрат" өз алаңында "Атырауды" бір гол басымдылығымен жеңді. Бірінші таймда алматылықтар басымдылық танытқанымен, Жасур Нарзикулов қақпасының алдында қауіпті сәттер бола қойған жоқ. Қорғаныста сауатты ойнап, "Қайрат" шабуылшыларының еркін көсілуіне мүмкіндік бермеген мұнайшылардың өздері де шабуылда көзге түсе алмады.

"Атыраудың" қақпасын нәтижелі көздеуге "Қайраттың" шамасы тек, матчтың жетпісінші минутында ғана жетті. Андрей Аршавинмен пас алмасқан Исламбек Қуат командасы үшін жеңісті голды соқты. Ойын "Қайраттың" жеңісімен аяқталса да, текетірес тағдыры Атырауда шешілетіні түсінікті.

Қазақстан Кубогы. Жартылай финал. Алғашқы ойын.

"Қайрат" - "Атырау" - 1:0 (0:0)

Гол: Қуат 72

Ескерту: Маркович 78 – Сапаров 44

"Қайрат": Покатилов, Исаэль (Тавамба 63), Гоу (Асеведо 79), Тимощук, Маркович, Аршавин (Тұрысбек 88), Ампоста, Бакаев, Исламхан (к), Қуат, Суюмбаев

Қосалқы құрам: Сидельников, Дарабаев, Рудосельский, Мұсаев, Раимбек, Вороговский

"Атырау": Нарзикулов, Дамчевски, Ламанж, Эссаме (к), Шарпар, Куртеян (Маров 90+1), Трытко (Аржанов 58), Чуреев, Эсатов, Сапаров, Федин (Шабалин 75)

Қосалқы құрам: Нурмухаметов, Макась, Жагоров

Төрешілер: Қарлыбаев (Орал), Будниченко (Екібастұз), Тихонюк (Ақтобе)

21 қыркүйек. Алматы қаласы. "Орталық" стадион. 7 000 көрермен.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ                           

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 6 15-3 14
2 Астана 5 9-3 11
3 Тобыл 5 6-1 11
4 Ақтөбе 5 10-4 10
5 Елімай 5 8-3 10
6 Тұран 5 8-7 7
7 Оқжетпес 5 5-6 7
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 5 1-2 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Қайсар 5 3-8 3
13 Атырау 6 5-17 3
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх