Главное Маңызды
21 апр. 2025, 20:30
2729
Главный тренер «Иртыша» Кайрат Нурдаулетов является кандидатом на пост наставника «Актобе» вместо Игоря Леонова, сообщает корреспондент KazFootball.kz.
21 апр. 2025, 20:29
1059
Сеть фитнес-клубов «F Link», бывшим владельцем которой являлся председатель наблюдательного совета «Кайрата» Кайрат Боранбаев, выставлена на торги, сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Telegram-канал «Дядя Ваня».
21 апр. 2025, 20:13
96
Главный тренер «Турана» Виталий Жуковский прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Астаны» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
21 апр. 2025, 16:52
368
Главный тренер «Кайрата» Рафаэль Уразбахтин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Кайсара» (0:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2025, 21:07
647
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Турана» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

ҚФФ президенті Ерлан Қожағапанов футбол маусымын қортындылады

26 дек. 2015, 18:53 | 1921
Биылғы жыл қазақ футболы үшін та­бысты, тарихта алтын әріптермен таңбаланатын ай­рықша жыл болды.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық құрамасының Алматы облысы, Талғар қаласында орналасқан оқу жаттығу базасында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.

Алғашқы жетісітік «Астана» футбол клубының чемпиондар лигасында топтық кезеңде өнер көрсетіп, Еуропаның басты футбол бәсекесінде «Атлетико», «Галатасарай» және «Бенфика» сынды командалармен терезесі тең ойын көрсете білгендігі. «Қайраттың» да УЕФА Еуропа лигасында плей-офф кезеңіне дейін жетуі. ҚФФ президенті Ұлттық құраманың ойындарына да көңілі толатындығын жеткізді. Дегенмен, бас бапкер Юрий Красножанмен келісім шарттың аяқталуына байланысты «екі жақтың ұйғарымы бойынша келісім шартты ұзартпау туралы шешім қабылдадық» деді. Биылғы жылдың тағы бір үлкен жетістігі футзалдан Қазақстан Ұлттық құрамасының тұңғыш рет Еуропа чемпионатына жолдама алғандығы. Қазақ футболына келісімен реформа жасауға белсене кіріскен басшы биылғы жылы тындырылған тірліктерді де тілге тиек етті.

Бірінші – балалар мен жасөспірімдер футболы. Екінші - инфрақұрылымды дамыту. Осы бағытта атқарылған және атқарылуға тиісті жоспарларын да ортаға салды. Біздің елімізде жылдың жартысы табиғат жағдайына байланысты доп тебуге мүмкіндік бермегендіктен манеждер салуды қолға алғандығын да айтты. Ел футболының іргетасы - балалар футболын дамыту десек, бұл құптарлық іс. Футбол басшысының айтуынша алдымен негізгі төрт аймақта футбол академиялары ашылмақ. Одан әрі жыл сайын бюджеттен бөлінген қаржыларды тиімді пайдалану арқылы барлық аймақтарда жыл он екі ай бойы доп тебуге болатын манеждер салу жоспарланып отыр.

Осы шара аясында Қазақстан футболының ардагерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жолдастық матч өткізді. Ардагерлер сапында Сейілда Байшақов, Юсуп Шадиев, Нүркен Мазбаев, Вахид Масудов сынды ала доптың жілігін шағып, майын ішкен футболшылар, ал журналистер құрамасының сапында Амангелді Сейітхан, Есей Жеңісұлы сынды қалам мен футболды өмірлік серік еткен әріптестеріміз өнер көрсетті. Жастары егде тартса да сырлы аяқтан сыны кетпеген кенігі, кәсіби футболшылардан әріптестеріміз екі тайм бойы дәріс алды. Бастысы - ортақ тақырыпта шүйіркелесіп, қауқылдаса хал сұрасып, арқа-жарқа болды.
 

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 6 15-3 14
2 Астана 5 9-3 11
3 Тобыл 5 6-1 11
4 Ақтөбе 5 10-4 10
5 Елімай 5 8-3 10
6 Тұран 5 8-7 7
7 Оқжетпес 5 5-6 7
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 5 1-2 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Қайсар 5 3-8 3
13 Атырау 6 5-17 3
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх