Главное Маңызды
20 апр. 2025, 21:07
274
Главный тренер «Астаны» Григорий Бабаян прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Турана» (1:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
20 апр. 2025, 12:59
465
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.
20 апр. 2025, 09:24
1051
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:46
938
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
702
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

"Олимпиакос" тағы опық жегізе ме?

03 нояб. 2016, 19:03 | 1662
Еурокубоктерде топтық кезеңнің екінші айналымы басталды. Еуропа лигасындағы «Астана» да топтағы бүкіл қарсыластарымен кездесіп шықты. Үш кездесу өткізді. Олардың нәтижелерін тиімді деуге келмес. Жағдайды түземесе көктемгі еурододадан тыс қалады. Ел чемпионы ендігі қалған үш матчтың екеуін «Астана-Аренада» өткізеді. Әйткенмен, Станимир Стойлов шәкірттерінің шамасы келе ме? «Олимпиакосқа» қарсы қарымта ойыннан не күтеміз? Түзде оңбай таяқ жеген еді елордалықтар...

Грекиядағы кездесу «Астана» үшін ауыр болды. Екінші турда АПОЭЛға өз алаңында күтпеген жерден есе жіберген пирейліктер бар қаһары мен зәһәрін «Астанаға» шашты. Жиырма мыңнан астам жанкүйерлердің қызу қолдауымен Юрий Логвиненко басшылық ететін қорғанысты әбден састырды. Қателесуге итермеледі. Орталық алаңдағы қарсылықты шыбын шаққан құрлы көрмеді. Рохер Каньястың жөні бір бөлек. Колумбиялық аяқдопшы «Астана» сапындағы ең нашар ойынын өткізді деуге болады. Команданың қорғанысы көп сынға алынды, дегенмен Каньяс пен Тағыбергеннің орталық алаңдағы көрсеткен ойындары көңіл көншітпеді. Бес қорғаушылық жүйеде артқы жартылай қорғаушылардың қорғанысқа көмегі ауадай қажет. Алайда, Каньяс қорғаныста енжарлық танытты.

«Олимпиакостың» алғашқы добын еске салайық. Дмитрий Шомконың өз жарты алаңындағы қате пасы алаң иелерінің шабуылына әкеп соқтырды. Фортунис сүрініп-қабынып, қарсыластың жұмысын жеңілдеткен Аничичті айып алаң ішінде айналып өтіп, өткір бұрыштан он бір метрлікке қарай пас асырады. Ал, сол Фортунистің ізінен еріп келе жатқан Каньяс белсенді қимылдап допты тартып алуға тырысудың орнына немесе адресатты (пас қабылдаушы) жабудың орнына бір орында тұрып қалады. Пас қабылдаған Фигейрашта қақпаға соққы бағыттамас бұрын он ойланып, жүз толғанатын уақыты да болды. Еш кедергісіз допты торда тулатты. Онымен шектелмей Каньяс екінші таймда алаңнан қуылып, бойына қан жүгіре бастаған команданың мүмкіндігін толықтай жоққа шығарды. Жат жерде «біріміз бәріміз, бәріміз біріміз» үшін деген қағиданы ұмытқан секілді астаналықтар. Себебі, гректер екі-үш футболшымен ғана шабуылдап «Астана» қорғанысынан «тесік» тауып жатты. Себебі, Стойлов шәкірттері бір-біріне көмектесуге үлгермей жатты. Екінші голда айып алаңының ішінде Аничичті қарсылас сапындағы ең қауіпті футболшылардың бірі Эльюнуссимен жеке-дара қалдырды әріптестері. Көмекке ұмтылған Шомко да «қолын мезгілінен кеш сермеді».

«Астана» Пирейдегі ойыннан кейін үш ойын өткізді. Бір кездесуді өз пайдасына шешсе («Ақтөбе» 1:0), екі матчта қарсыластармен тең түсті («Оқжетпес» 0:0, «Ертіс» 0:0). Соңғы үш ойында бір доп қана соғыпты. Қатарынан үшінші чемпиондығына қол жеткізді. «Олимпиакос» та «Астанаға» қарсы кездесуден кейін үш матч өткізген екен. Біреуі Грекия кубогында, екеуі ішкі біріншілікте. Үшеуінде де жеңіске жетті. Чемпионаттағы басты қарсыластарының бірі ПАОК-пен болған ойын нағыз драма болды. Тоқсан алтыншы минутта команда капитаны Лука Миловоевич соққан голдың көмегімен жеңісті жұлып алып, жеке-дара көш бастады. Үш ойында қарсыластар қақпасына алты гол соққан екен «Олимпиакос» футболшылары.

«Астанадан» бұл матчқа Пирейде қызыл қағаз алған Рохер Каньяс, жарақаттарынан әлі айықпаған Агим Ибраими, Марин Аничич,  Азат Нұрғалиев және Асхат Тағыберген алаңға шыға алмайды. Гректерден алғашқы ойында нәтижелі пастармен көзге түскен Лука Миловоевич пен Костас Фортунис қатыспайды. Бас бапкер Паулу Бенту екі футболшыға да демалыс берген екен. Ал, Эричтің қақпасынан екі мәрте саңылау тауып, мергендігімен көзге түскен Себа да ойынға қатыспауы мүмкін.

Бес жарым сағат әуеде өткізіп, бес мың шақырымды артқа тастап келген «Олимпиакостың» матчқа қаншалықты дайындықпен шығары белгісіз. Гректерді ішкі біріншілікте алда маңызды ойын күтіп тұр. Алтынға таластағы бақталасы «Панатинаикоспен» жолығады. Негізі құрамның екі футболшысын елде қалдырғанымен қоса, бас бапкер алғашқы минуттардан қосалқы құрамның футболшыларына мүмкіндік беруі әбден мүмкін. Жасанды алаң да гректер үшін таңсық емес. Себебі, Швецарияда «Янг Бойздан» дәл «Астана-Аренадағыдай» алаңда үш ұпай алған еді.

Сандар сөйлейді:

- «Олимпиакос» еурокубоктерде қонақтағы соңғы он кездесуде бірде-бір мәрте тең түспеген. Төрт жеңіс, алты жеңіліс. Ал, еурокубокте «Астана» өз алаңындағы соңғы он матчта қарсыластарына жеңілмеген;

- «Олимпиакос» еурокубоктерде қонақтағы соңғы бес кездесуде бір доптан артық соқпаған. Екі мәрте голсыз кеткен. «Астана» еурокубокте өз алаңындағы соңғы екі матчта қақпасын құрғақ сақтаған;

- «Астана» осы маусымдағы топтық кезеңде қарсыластар қақпасына үш ойында жиырма бес соққы бағыттаса, соның сегізі қақпаны дәл тапқан. Екеуі гол. Ал, «Олимпиакостың» қырық алты соққысының жиырма бірі қақпаға тура бағытталған. Бес гол;

- «Астана» топтық кезеңдегі үш матчта ең көп сары қағаз жинаған ұжым. Стойлов жігіттері он үш мәрте төреші тарапынан сары қағазбен жазаланыпты. Рохер Каньяс алаңнан қуылды. Паулу Бенту шәкірттері үш ойында тоғыз сары қағаз алған;

- «Астана» футболшылары үш ойында бес мәрте ғана бұрыштама көтерген. Гректер он тоғыз рет бұрыштамадан доп асырыпты;

- «Олимпиакос» топтағы ең нәтижелі команда. Команда еншісінде бес гол. Елордалықтар Неманья Максимович пен Джуниор Кабананга соққан доптардың арқасында топта екі доп қана соқты. Бұл көрсеткіш жөнінен де «Астана» соңғы орында.

Фараби ӘБДІХАЛЫҚ

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 6 15-3 14
2 Астана 5 9-3 11
3 Тобыл 5 6-1 11
4 Ақтөбе 5 10-4 10
5 Елімай 5 8-3 10
6 Тұран 5 8-7 7
7 Оқжетпес 5 5-6 7
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 5 1-2 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Қайсар 5 3-8 3
13 Атырау 6 5-17 3
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх