Главное Маңызды
20 апр. 2025, 12:59
295
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.
20 апр. 2025, 09:24
705
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:46
769
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
558
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 21:43
883
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич подвел итоги матча пятого тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Жаңа жылдан жанкүйерлер не күтеді?

04 янв. 2017, 06:40 | 1902
Қазақстандық футбол жанкүйерлері 2017-ші жылдан нендей қызықтар күтеді. Келіп жеткен тауық жылы ел футболына сәтті бола қоя ма? Күнтізбелерге бір шолу жасасақ.

Футбол күнтізбесі өз алдына бөлек қой. Чемпионатымыз биыл оның үстіне өзгеше әдіспен өтпекші. Үш айналым ойналып, фанаттар көбірек ойын тамашалайтын болды. Бірақ, Премьер-лигада сол баяғы 12 команда. Олардың саны 14-ке көбейеді деген есек дәмеміз болып еді. Чемпионат өздеріңіз білетіндей наурыз айында басталады. Ал, оған дейін Алматының «Орталық» стадионында Суперкубок үшін ойын өтеді. Онда «Астана» мен «Қайрат» күш сынасады. Бұл елдегі футбол маусымының ресми ашылуы болып саналады.

Оған дейін Қазақстандық клубтар Түркияның жылы шипажайларын мекендейді. Босфор мен Анхордың жағасында жаттығулар жасайды. 19 жасқа дейінгі жасөспірімдеріміз осы айда Санкт-Петербургта "Гранаткин мемориалына" қатысады. Үнемі ұятты жағдайда қайтатан құрамамыз бұл жолы басты төмен салбыратып қайтпаса екен дейміз. Әдет бойынша өтетін «Достастық Кубогы» жарысы биыл өткізілмейтін болды.

Одан бөлек Қазақстан Ұлттық құрамасы 26-шы наурыз күні сырт алаңда Армения құрамасымен кездеседі. Ойын Ереванда өтеді. Бұл Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің аясындағы ойын. «Манчестер Юнайтед» сапында өнер көрсететін Генрих Мхитарянға қарсы қазақстандық қорғаушылар қалай қимылдайтынын байқайтын боламыз.

Чемпионат басталып, ішкі біріншіліктің ойындары қыза бастаған тұста Қазақстан Кубогының плей-оффтық кезеңдері де басталады. Одан кейін Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. 2017 жылы Әлем чемпионаты да, Еуропа чемпионаты да өтпейтін жыл. Сондықтан, бұл жылда тек клубтық турнирлер маңызға ие болады. Тек Ресейде ұлттық құрамалар арасында "Конфедерация Кубогы" өтеді. Осы ортада құрама командамыз жолдастық кездесулер өткізіп, іріктеу матчтарына дайындалады. Себебі, 10-шы маусым күні біз өз алаңымызда Данияны қабылдаймыз. Бұл да бір маңызды матч болғалы тұр.

Ал, чемпиондар лигасында биыл «Астананың» аяқ алысы қалай болар екен?! Команда биыл жақсы трансферлер жасап, қазірден күшеюі тиіс. Топтық кезеңді мақсат тұтады. Одан бөлек, Еуропа лигасының топтық кезеңіне «Қайраттың» да енетін кезі келді. Алматылық ұжым бір құраммен өнер көрсетіп жүргеніне 3-4 жыл болды. Негізгі мықтыларын сақтап отыр. Сондықтан, Кахабер Цхададзенің үйлесімді ұжымы биыл іріктеуде іркілмейді деп ойлаймыз. Сонымен қатар, «Ертіс» пен «Ордабасы» да Еуропа лигасында ойнайды. Олардың да жолына үмітпен қараймыз. Әсіресе, Димитар Димитров баптайтын керекуліктерден үміт көп. 

Ал, арасында қайтадан құрамамыздың ойындары келе қалады. 1-ші қыркүйек білім күні отандастарымыз Черногориямен кездеседі. Подгорицадағы 5 голдың біразын осы матчта қайтарып қалуымыз керек. Із суытпай 4-ші қыркүйек күні Қазақстан Польшаға қонаққа барады. Менменсіп, мұрнын шүйіріп жүрген Левандовскилерге сес көрсетуіміз қажет.

Одан кейін бір айдан соң іріктеудің соңғы 2 ойыны қалады. 5-ші қазан күні сыртта румындармен күш сынассақ, 8-ші қазан Армениямен болатын матчта циклды түйіндейміз. Жалпы, қойған мақсатымыз бойынша біз іріктеуден топ жарып шықпасақ та, турнирлік кестеде неғұрлым жоғары болуымыз керек. Тым құрығында Арменияны артқа тастауды көздейміз.

Одан бөлек 2017 жылы біз әрине де ең басты назарды ұлттық құрама бапкерлеріне саламыз. Жаңадан келген Федерация басшылығы ұлттық құрама бапкерін ауыстырып, тағы да жанкүйерлерді өзіне қарататын да шығар. «Астана» мен «Қайрат» клубтық деңгейде тамаша трансферлерімен, әрі еурокубоктағы жеңістерімен қуантуы тиіс.  

   Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 5 15-3 13
2 Тобыл 5 6-1 11
3 Ақтөбе 5 10-4 10
4 Астана 4 8-2 10
5 Елімай 4 7-3 7
6 Оқжетпес 5 5-6 7
7 Тұран 4 7-6 6
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 4 1-1 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Атырау 6 5-17 3
13 Қайсар 4 3-8 2
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх