Главное Маңызды
20 апр. 2025, 12:59
22
25-летний вингер сборной Казахстана и костанайского «Тобола» Ислам Чесноков близок к переходу в шотландский «Хартс», сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на Edinburgh News.
20 апр. 2025, 09:24
326
Главный тренер «Тобола» Нурбол Жумаскалиев прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Актобе» (2:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:46
608
Главный тренер «Актобе» прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Тобола» (0:2), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 22:06
440
Главный тренер «Ордабасы» Андрей Мартин прокомментировал матч пятого тура Премьер-лиги против «Жетысу» (1:0), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:
19 апр. 2025, 21:43
650
Главный тренер «Кызылжара» Милич Чурчич подвел итоги матча пятого тура Премьер-лиги против «Атырау» (2:1), сообщает корреспондент KazFootball.kz со ссылкой на пресс-службу клуба:

Димитров дегеніне жететін бапкер

07 мар. 2017, 22:20 | 1993
Бұл команда өткен жылы қола жүлдегер атанды. Демек, биыл Еуропа лигасына қатысады. Сонымен қатар, 2016 жылғы маусымда павлодарлықтар гол соғу статистикасы бойынша екінші нәтижені тіркеді. Яғни, «Астанаға» қарағанда көп гол соқты. Ал, биылғы мақсат - жүлдегерлер қатарынан шығып қалмау деп хабарлайды KazFootball.kz порталы.

Қақпа мен қорғаныс

Қорғаныс дегенде ең алдымен қақпашыларды айтайық. «Ертіс» намысын бірнеше жыл қатарынан абыроймен қорғап келе жатқан – Давид Лория. Жақсы қақпашы – жарты команда деген мақал осы жерде үстем құрсын. Серікбол Қапанов пен Никита Калмыковтар да Лорияны жоқтатпайтын жігіттер. Жалпы алғанда қақпашыдан қысылмайтын командаға айналып тұр.

Қорғаныста өзгеріс көп. Фрейдгеймас пен Керла кеткенімен, орындарына сапалы легионерлер алынды. Ойнаған клубтары мен нәтижелеріне қарап сапалы деп отырмыз әзірге, әрине. Әйтпесе, біздің біріншіліктің талай дүлділді «жұтып» жіберетін әдеті бар. Сондықтан, бой үйренісіне қарай шаба жатар. Олар – грузин Лаша Двали, серб Стефан Живкович, украин Евгений Ткачук. «Тараздан» Илья Воротников, "Оқжетпестен" Александр Кислицын келді.  Сонымен қатар, бір жыл үлкен футболда болмаған ардагер ойыншы Владислав Чернышов пен Руслан Есимов, Валерий Леньков секілді жастар бар. Демек, жалпылама сараласақ қорғаныс мәселесі «Ертістің» осал тұсы. Димитар Димитровта осы жағынан қиналшақтайтын секілді. Оның үстіне команда оқу-жаттығу жиындарында біршама гол жіберіп алды. Ол да ойландыратын тұс.

Жартылай қорғаныс

Дегенмен, өткен жылғы тәжірибиені де еске алайық. Команда қорғанысы әлсіз болса, оның орнын керемет шабуылмен толықтыруға болады. Ортада ойнайтын Карлуш Фонсеканың командада қалғаны барша керекуліктердің қуанышына айналып отыр. «Оқжетпесте» ойнаған Серж Бандо жартылай қорғаушы болғанымен, көбінесе қорғанысқа жалтақтайтын шығар.

Командаға жаңадан алынған легионердің бірі бразилиялық Родриго Антонио. Димитров жыл сайын мықты легионерлерімен тамсандыратын. Бұл бразилиялық «Ертіс» ойынының көркі болатын шығар. Айта кетейік, 29 жастағы бразилиялық футболшы израильдік «Бней-Сахнин» клубынан ауысып келді. Родриго – «Васко да Гама» клубының түлегі. Португалиялық «Маритиму», «Белененсиш», «Ольяненси» және «Пасуш де Ферейра», бразилиялық «Ипатинга» атты клубтарда ойнаған.

Көп клубтар керексіз деп тапқан Казбек Гетериев пен Пиралы Алиев тағы бір маусым «Ертісте» жүретін болды. Аракідік алаңға алмасып шығып, тәжірибиелерін көрсетіп тұратындары бар. Оған енді аса қатты сеніп отырған ешкім жоқ. Десе де, ортаны күшейтуі мүмкін бір ойыншы, тағы бір ардагер – Нұрбол Жұмасқалиев. КПЛ-де көп ойын өткізген майталманға оншақты ойын болса, рекордтың рекорды болғалы тұр. Оның үстіне Нұрбол біраз адамға өзінің әлі қартаймағанын дәлелдегісі келеді. Әсіресе, «Тобылға» қарсы ойындарда. 

"Қайраттың" қосалқы құрамында отырып шаршаған Аслан Дарабаев кереку футболына үлес қосып, өзінің жоғары деңгейдегі футболшы екені дәлелдеуге келді. Былтырғы құрамын таратып жіберген "Атыраудан" Павел Шабалин осында қоныс аударды. Сонымен қатар, Илья Калинин, Артем Попов, Мадияр Рамазанов сынды жастар бар. 

Шабуыл

Шабуылда «Ертіс» Джибби Фаль секілді танымал, әрі тәжірибиелі ойыншыны алды. Франция жастар құрамасында ойнаған Франк Дже Джедже. Сонымен қатар, Кот Д`Ивуар құрамасымен Олимпиада ойындарына қатысқан. Франция чемпионатында біраз тер төккеннен кейін бас сауғалап Еуропаның көптеген чемпионаттарының дәмін татыпты. Енді міне, «Ертісті» де бір төбе деп келіп отыр. 2005 жылы 19 жасқа дейінгі Франция құрамасымен Еуропа чемпионы болғаны да өз алдына бір жетістік. Ал, Дже Джедженің қасында Исмаэль Фофана бар. «Чукарички» командасында ойнап, «Ордабасыға» қарсы матч өткізген ивуарлық шабуылшы өзінің отандасына көмектеседі деп отырмыз. Көмектескен былай тұрсын, тіпті бәсекелестік танытып, негізгі құрамдағы орынды тартып алуы ды мүмкін. Фофана ойын мәнерімен баяғы Фокси Кетевоамаға келіңкірейді. Жылдам, әбжіл қимылдап, тез шешім қабылдайды. Бұл екеуіне Фонсека мен Родриго көмектессе, онда біздің елдің қорғаушыларын нағыз дүлей шабуыл күтіп тұр деп ойлаймыз. Жергілікті жас дарын Арман Смаилов осы ағаларына қарап, биылғы маусымда тәжірибие жинақтайды деген үміт бар. 

P.S. Биыл Қазақстан атын Еуропа лигасында таныстыратын «Ертіс» мамыр айының соңына дейін ішкі біріншілікті жақсылап өткізуі тиіс. Сондықтан, әр матчтан максимум ұпай алғаны абзал. Ал, біріншіліктің екіге жарылмайтынын ескерсек, бұл ұжымға біртұтастық қатты қажет. Чемпионаттағы алғашқы екі ойынды Павлодарда өткізеді. Қонаққа «Ақжайық», сосын артынша ел чемпионы «Астана» келеді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Турнирная таблица Турнирлік кесте
Команда И М О
1 Қайрат 5 15-3 13
2 Тобыл 5 6-1 11
3 Ақтөбе 5 10-4 10
4 Астана 4 8-2 10
5 Елімай 4 7-3 7
6 Оқжетпес 5 5-6 7
7 Тұран 4 7-6 6
8 Қызылжар 5 5-7 5
9 Ордабасы 5 2-6 5
10 Жеңіс 4 1-1 4
11 Жетісу 5 1-5 3
12 Атырау 6 5-17 3
13 Қайсар 4 3-8 2
14 Ұлытау 5 1-7 2
Футболист недели Апта үздігі
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Гиорги Зариа
Полузащитник Жартылай қорғаушы
10
Поиск по сайту
Наверх