Қазақстан жастар құрамасы “Достастық Кубогында” “ЖЕТІНШІ” орын алды. Ал, жарысқа өзі сегіз команда қатысқан болатын. Бұл нәтиже көп адамды ойландырмай қоймауы тиіс деп есептеймін. Ел футболының ертеңі осындай жағдайда деген сөз. Қазіргі жастар құрамасы 3-4 жылдан кейін Қазақстан Ұлттық құрамасының ойыншылары атанары сөзсіз. Қыруар қаржы салып, жағдайдың бәрін жасап жатырмыз деген құраманың құрдымға кетіп, соңғы орындардың бірін иеленуі ұят нәрсе екені айдан анық. “Ауруын жасырған өледі” демекші, қай жерден кінә кеткенін айтып, көрсетіп, оны мойындауымыз қажет.
Жаңа жылдың алғашқы айында қазақстандық футболсүйер қауымға қызықты болатын бір жарыс бар. Ол – “Достастық Кубогы”. Дәстүрге айналған жарыс биыл Ресей Федерациясының мәдени астанасы Санкт-Петербург қаласында өтеді. Қазақстан жастар құрама командасын бұл турнирге Серік Әбдуәлиев бастап апарады.
Один из самых известных футбольных агентов России Рустам Раджабов получил предложение от «Окжетпеса» стать спортивным директором и будет комплектовать состав команды. Как объяснил сам Рустам, смена рода деятельности связана с личной заинтересованностью в новом для себя поприще. Портал Kazfootball.kz знакомит своих читателей с человеком, который в Казахстане не первый день.
Қазақстан премьер-лигасының былтырғы маусымы көптеген оқиғаларымен есте қалды. Чемпион тек соңғы турда ғана белгілі болды. Жалпы, биылғы маусым клубтарымыздың ішінде “Астана” командасы үшін өте сәтті өтті десек болады. Олар чемпиондар лигасындағы жақсы нәтижесінен бөлек, ел чемпионы атанып үлгерді.
«Астана» футбол клубы биыл қатарынан екінші рет чемпион атанды. Бұл жолы бірақ, соңғы ойында, соңғы минуттарда. Джуниор Кабананганың голы болмағанда, «Қайрат» чемпиондықты тойлағалы тұрған. Ал, маусым барысында Чемпиондар лигасына көп көңіл бөлген елордалық команда, ішкі біріншілікті де маңызды санады. Қос додада алысып көп күш жұмсаған Станимир Стойлов шәкірттері былтырғы маусымды өте сәтті өткен маусым қатарына жатқыза алады.
Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – Ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілі, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.
Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы ойындары әрқашан қазақ жанкүйерлерінің назарында. Ішкі турнирлерде әр аймақтың жанкүйерлері өз командаларына қолдау көрсетіп жатса, еурокубоктық бәсекелерде отанымыз атынан жарысқа түскен ұжымдарға күллі Қазақстан болып жанашырлық танытамыз. Ал, биылғы маусымдағы клубтарымыздың өнері таңқаларлықтай болып, тарихымызда тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өттік. Әңгімені Еуропа Лигасынан бастасақ.
Корреспондент Kazfotball.kz знакомит читателей с игроком хорватского клуба «Сплит» Драженом Багаричем, которого связывают с «Астаной». По информации хорватских СМИ, Дражен прибудет на сборы «Астаны» в Дубаи, где пройдет медицинское обследование и подпишет контракт. Футболист этот факт отрицать не стал.
Қазақ футболының ту ұстары, ел футболының бетке ұстар командасы «Қайрат» ұзақ жылдар бойы құрдымға кете жаздап еді. Тұралап, тығырыққа тірелді. Ұлттың намысын жаныған халықтың командасы қайта күшіне еніп, қайраттана түсті. Команда тізгіні Қайрат Боранбаев қолына тигелі бері, алматылық ұжым қайта тірілгендей күй кешуде. Дегенмен, үш жыл қатарынан чемпион бола алмау бұл команданың жоспарында жоқ еді. Соның салдарынан команда бас бапкері Владимир Вайсс орнынан кетті. Қайта-қайта чемпиондықтан айырылып қалып жүрген «Қайратқа» өткен маусымда не жетпеді?
Бүгінде футболдан Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін ең мықты деген ұжымдардың тізгіні ресейлік мамандардың қолында. Бұл қаншалықты дұрыс? Ресейлік мамандар клубтарымыздың көсегесін көгертіп, табысқа жете алады ма? Kazfootball.kz сайтының тілшісі бұл материалда осы сауалдардың жауабын қарастырып көретін болады.