Қазақстан футболын Еурокубоктарда жақсы таныстырып жүрген «Ақтөбе» өткен маусымда қиын жағдайға тап болды. Тоқырауға түскен топ командамызды тобығынан толқын соғып, аяққа жөнді тұра алмай қалды. 2015 жылғы маусым соңғы 10 жылдағы «Ақтөбенің» ең нашар жылы десек қателеспейміз. Команданы баптаған Владимир Газзаев басын тамаша бастап келе жатқандай еді, бірақ орта жолда тұралап қалды. Еліміздегі ең қызу қанды жанкүйерлері бар «Ақтөбенің» ақсаңдап қалуына не себеп болды?
Чемпионаттың алғашқы турларын өз алаңында жасанды емес, таза табиғи шөпте өткізе алатын шымкенттің «Ордабасы» командасы өз алдына қойған мақсатты орындай алды. Олар биыл еурокубокқа қатысты және келер маусымда да Еуропа лигасында ойнауға мүмкіндік алды. Команда чемпионатта төртінші орын алып, қола жүлдеге сәл жетпеді. 2015 жылғы маусымда «Ордабасы» немен ерекшеленді? Осы сауалға жауап іздеп өтсек.
Воспитанник актюбинского футбола готов к новым испытаниям в своей карьере. Юрий Логвиненко в нескольких шагах от перехода в российский клуб. Давайте вспомним, как защитник сборной Казахстана шел к своему успеху, и попытаемся выяснить, сможет ли он заиграть на новом уровне.
Алғашқы алтылық командалары арасында ең көп тең ойын өткізген «Атырау» сексеуілдің томарындай болды. Жарылуы қиын, қызуы ұзақ сақталғыш қасиетке ие. Маусым басынан бері бір қалыпты қарқыннан таймаған Жайық жағасындағы клуб біріншілікті бесінші орында аяқтады. Орташа бюджет пен орта деңгейдегі ойыншылардың көрсеткен ойыны көрермен көңілінен шықты ма? Биылғы маусымда «Атырау» несімен ерекшеленді. Тоқталып көрейік.
Соңғы жылдары қазақ футболының дамуы үшін атқарылып жатқан еңбек қыруар. Еліміздің әр аймағында футбол академиялары ашылып, шет елден білікті мамандар да келіп жатыр. Ол аз десеңіз бұрнағы күні ел футболының тізгінін ұстап жүрген азаматтар футболдың көсегесін көгерту үшін жас футболшыларымызды шет елге жіберуде. Жақын шет ел емес, мұхиттың арғы жағына.
Бірқалыпты баяу ағыспен келе жатып, арнасынан таси жаздап буырқанған «Ертіс» алғашқы алтылық командаларының қатарына енді. Және жүлделі орындарға таласқан мықты ұжымдарға тегеурінді қарсылық танытты. Көптеген ойындарда керекуліктер қазақстандық грандтарды тықсырып та жатты. Чемпионат басын әлсіз бастап, кейінірек күш алып, қуат алып, оталған ұжым жайлы азды-кем сараптама жасап шықсақ.
Қостанайлық «Тобыл» екінші алтылықтың чемпионы болғанымен де, бұл команданың жанкүйерлері одан жоғарғы нәтижені күткені рас. Маусым басында армениялық Вардан Минасян келіп, алғашқы алтылық көздеген болатын.
Қазақ клубтарының барлығы дерлік «Кәртамыс құрлықтың» басты клубтық додаларынан шығып қалғаны белгілі. Осы орайда KazFootball порталының тілшісі биылғы маусымда Еурокубок додаларында өнер көрсеткен қазақстандық клубтардың қанша кіріс тапқанын есептеп көрген еді.
Көкшетаулық «Оқжетпес» премьер-лигаға оралысымен көптеген жанкүйерлерді таңқалдырған команда. Ұжымға тек шешуші сәттерде күш пен тәжірибие жетіспеді. Әйтпесе, білікті бапкер Владимир Мұқанов командасы алғашқы алтылықта өнер көрсете алатын қауқарда еді. Биылғы маусымды 8-ші сатыда аяқтаған Көкшетау өңірінің командасы келесі маусымға әжептеуір дайындық жасауда. Ұжымның мақсаты - жүлдегерлер қатарына ену.
Қазақстанда футбол таланттарын шығаруда алдына жан салмайтын аймақ - Жамбыл облысы. Бұл мекеннен қаншама дарынды аяқдопшылар шықты. Бірақ, осы күні көне шаһардың футбол командасы мардымды нәтиже көрсете алар емес. «Тараздың» 9-шы орын алуы қанағаттандырарлық көрсеткіш болып саналғанымен, ұжымның алғашқы алтылықта жүрер жөні бар-ақ.