Қазақ клубтарының барлығы дерлік «Кәртамыс құрлықтың» басты клубтық додаларынан шығып қалғаны белгілі. Осы орайда KazFootball порталының тілшісі биылғы маусымда Еурокубок додаларында өнер көрсеткен қазақстандық клубтардың қанша кіріс тапқанын есептеп көрген еді.
Көкшетаулық «Оқжетпес» премьер-лигаға оралысымен көптеген жанкүйерлерді таңқалдырған команда. Ұжымға тек шешуші сәттерде күш пен тәжірибие жетіспеді. Әйтпесе, білікті бапкер Владимир Мұқанов командасы алғашқы алтылықта өнер көрсете алатын қауқарда еді. Биылғы маусымды 8-ші сатыда аяқтаған Көкшетау өңірінің командасы келесі маусымға әжептеуір дайындық жасауда. Ұжымның мақсаты - жүлдегерлер қатарына ену.
Қазақстанда футбол таланттарын шығаруда алдына жан салмайтын аймақ - Жамбыл облысы. Бұл мекеннен қаншама дарынды аяқдопшылар шықты. Бірақ, осы күні көне шаһардың футбол командасы мардымды нәтиже көрсете алар емес. «Тараздың» 9-шы орын алуы қанағаттандырарлық көрсеткіш болып саналғанымен, ұжымның алғашқы алтылықта жүрер жөні бар-ақ.
Қарағандының «Шахтер» командасы биылғы маусымда премьер-лигадағы орнын әзер сақтап қалды. Осыдан екі маусым бұрын Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен ұжымға қысқа уақыттың ішінде нендей қарғыс тиді екен? Қарағандылық команданы қандай түлен түртті? Көпшіліктің айтар жалғыз уәжі бар. Қаржының аздығы. Бірақ, футбол қаржыға келіп тірелер болса, Сауд Арабиясы әлем чемпионатының дүркін-дүркін чемпионы болар еді ғой. Демек, өзге де жағдайлар әсер етті.
Қазақстан Ұлттық құрамасы 2015 жылы салыстырмалы түрде жақсы нәтижеге қол жеткізді. 2014 жылғы 4 ойында іріктеу сынында небәрі 1 ұпайға ғана қол жеткізген командамыз, биыл 6 ойын өткізіп, 4 ұпай еншіледі.
Биылғы жыл қазақ футболы үшін табысты, тарихта алтын әріптермен таңбаланатын айрықша жыл болды.
Қазақстан футбол клубтары үшін Еуропа алаңдарындағы бәсеке аяқталды. Соңғы болып «Кәртамыс құрлық» додасында елорданың «Астана» клубы өнер көрсеткенін жақсы білесіздер. Бұл ұжымнан басқа биыл еуроареналарда ел намысын «Қайрат», «Ақтөбе» және «Ордабасы» клубтары қорғады. Осы төрт ұжым жабыла жүріп биыл Қазақстанға УЕФА коэффицентінде қанша ұпай алып берді? «ҚазФутбол» порталының тілшісі бұл материалда осы сұрақтың басын ашып көретін болады.
Футболдан ел біріншілігінің өз мәресіне жетіп, командалардың демалысқа шыққанына да біраз уақыт болды. Сонымен, биылғы аладоп аламанында қатарынан екінші жыл «Астананың» асығы алшысынан түсті. Жанкүйерлер елордалық ұжымның біріншілік алтынын «Қайраттан» қандай тартысты бәсекеде жұлып алғанына куә.
Профессиональная футбольная лига Казахстана подвела итоги анкетирования главных тренеров клубов Премьер-Лиги.
"KazFootball.kz" сайтының қадірменді оқырмандары! Біз Сіздердің назарларыңызға Қазақстан чемпионатының биылғы маусымында болып өткен жағдайларды бір мәрте тағы да еске салу мақсатында, премьер-лига клубтарының әрқайсысына арнайы тоқталып, азды-кем шолу жасап өткенді жөн санадық. Сонымен, алғашқы тоқтаған командамыз - қызылордалық "Қайсар".